Фуфаев Эдуард Валентинович, Фуфаева Лидия Ивановна Қолданбалы
бағдарламалық пакеттер
Оқу құралы
Редакторы
В.Н.Махова.
Техникалық редакторы
Н.И.Горбачева
Компьютерлік беттеу:
Р. Ю. Волкова.
Корректоры
И. В. Могилевец
Бас. № 108103940. Мөрге 04.04.2014 ж. қол қойылды. Пішімі 60 х 90/16. «Таймс» əріп түрі
№ 1 офсеттік қағаз. Офсеттік баспа. Шартты баспа табақ 22,0. Таралымы 1000 дана.
Тапсырыс №
129085, Мəскеу, Мира даңғ., 101В, 1-құрылыс.Тел./факс: (495) 648-0507, 616-00-29.
Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды № РОСС RU. AE51. H 16476 от 05.04.2013.
Баспамен ұсынылған электрондық нұсқасы арқылы «Бірінші үлгілі баспахана» ААҚ-да
басылған.
2
КІРІСПЕ
Заманауи ақпараттық технологияларды қолданудың өндіріс
жəне бизнес тиімділігін көтеру үшін шешімді мəні бар.
Белгілі болғандай, материалдық өндіріс саласы сияқты,
тұрғындарға қызмет көрсету саласында да кез келген фирманың
экономикалық қызметінің мақсаты,
талап етілетін сапасымен,
еңбек жəне материалдық қорлардың минималдық шығындарымен
тауарларды немесе қызметтерді өндіру, ақырғы нəтижеде
–
пайдаға кенелу болып табылады.
Осындай мақсатқа жету – көп жоспарлы тапсырма болып
табылады жəне оның шешімі фирманың барлық қызметкерлерінің
шығармашылық қабілеттеріне, яғни өндірістік үрдістің əр
қатысушысы, басшыдан бастап қатардағы атқарушыға дейін өзінің
өндіріс аумағында шешім қабылдауына байланысты.
Оңтайлы шешім қабылдау үрдісі жеткілікті түрде үлкен көлемді
ақпаратты өңдеумен жəне талдаумен анықталады жəне келесі
кезеңдерден тұрады:
1.
Шығарылатын мəселе бойынша ақпараттарды жинау жəне
талдау;
2.
шешімдердің нұсқаларын анықтау;
3.
Оңтайлы нұсқасын таңдау – шешім қабылдау;
4.
Кəсіпорында қолданыстағы техникалық құжаттамалардың
жүйесі нысанында шешілген мəселені ресімдеу.
Заманауи
экономикалық
жағдайларда
алдына қойылған
тапсырмаларды шешуді қолданбалы бағдарламалық пакеттерін
барынша
пайдаланумен
ақпараттарды
өңдеудің
автоматтандырылған жүйесін қолдану қамтамасыз етеді.
Ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін əзірлеу
өндірісті басқарудың автоматтандырылған жүйесін (БАЖ) құрумен
тығыз байланысты, олардың жобасы XX ғасырдың 60-шы жылдары,
яғни алғашқы электрондық есептеу машиналарының (ЭЕМ) пайда
болуынан басталған. Ақпараттық технологияларға негізделген БАЖ
құрылу тарихында келесі кезеңдерді атап өтуге болады.
Алғашқы кезең
(1955
–
1964 жж.)
–
қазіргі таңда
ақпараттық
технологиялар
деп аталатын жаңа ғылыми бағыттың пайда болуы
немесе
басқару мəселелерін ақпараттарды өңдеудің əдістерімен
жəне құралдарымен байланыстыруға бағытталған міндетін қою
кезеңі.
3
Осы мерзім аралығында кəсіпорындарда уақыттың нақты ауқымында
өндірістік үрдіс барысы туралы ақпараттарды жинауды жəне өңдеуді
автоматтандыруға бағытталған автоматтандырылған жүйе əзірленді
жəне енгізілді. Мысалы, Львов телевизиялық зауытында (УССР)
автоматтандырылған жүйелер теледидарларды жинау бойынша
конвейерлік желілердің жұмысы туралы деректерді жинау үшін
қолданылды.
Екінші кезең
(1965–1969 жж.) ЭЕМ пайдалану саласында
мамандардың бірлескен ұжымдарының жəне практикалық басқару
органында жұмыс істеушілерінің құрылуымен сипатталады.
Көптеген мамандарда ЭЕМ пайда болуымен ЭЕМ барлығын жасай
алады деген пікір қалыптасты. БАЖ құруға КСРО, АҚШ жəне əлемнің
өзге мемлекеттерінде үлкен қаражаттар бөлінді, алайда ақырында,
алынған нəтижелер шығындарға сəйкес келмеді.
Жүзеге аспай қалған күтулердің себептері қандай? Мамандар
пікірін келесіге келтіруге болады: «БАЖ саласында əдістерді жəне
басқару құралдарын дамыту жұмыстардың бір жақты бағыттылығы
жəне мəселенің құрылымдық аспектісін жете бағаламау салдарынан
күтілген нəтижеге əкелмеді».
БАЖ құрудың екніші кезеңінде істердің бұндай жағдайын келесі
себептерден анықтауға болады:
өндірісті басқарудың ұйымдастырушылық формаларының жəне
ақпараттарды өңдеудің əдістері мен құралдарының сəйкес келмеуі,
яғни орталықтандырылған пайдалануды талап ететін үлкен ЭЕМ
пайдалану өзіне көп деңгейлі орталықсыздандырылған қызметтердің
жүйесін қамтитын өндірісті басқаруды ұйымдастыруға сəйкес
келмеуі;
БАЖ мамандарының басқару органдарында жұмыс істеушілердің
жəне əзірлеушілердің техникалық деңгейінің сəйкес келмеуі, яғни
көпшілік жағдайда басқару қызметі саласындағы мамандар не
бағдарламалау
тілін,
не
ЭЕМ
жұмысының
технологиясын
меңгермеген, ал ЭЕМ пайдалану жəне бағдарламалау жөніндегі
мамандар басқару қызметі саласында қажетті білімді меңгермеген.
Үшінші кезең
(1970–1974 жж.) салалық жəне мемлекеттік маңызы
бар
орталықтандырылған
БАЖ
əзірлеумен
немесе
ЭЕМ
ұйымдастырушылық жəне техникалық мүмкіндіктерімен басқару
құрылымының түйістірілуімен сипатталады.
Осы ақпараттық технологиялардың пайда болу кезеңінде КСРО-да
мынадай жүйелер жетілдірілді:
жалпы мемлекеттік басқару жүйесі — ЖМБЖ;
республикалық басқару жүйелері — РБЖ;
салалық басқару жүйелері — СБЖ;
жеке ірі өнеркəсіптік кəсіпорындарда өндірісті басқарудың
автоматтандырылған жүйесі
4
Төртінші кезең
(1975–1986 жж.) қысқа-БАЖ негізіндегі ӨБАЖ
əзірлеумен жəне келесі функционалды басқару жүйелерін құрумен
сипатталады:
мемлекеттік статистиканың
автоматтандырылған жүйесін –
МСАЖ;
жабдықтау жəне сауданың салалық автоматтандырылған жүйесін;
Мемлекеттік
банктің
жəне
Құрылыс
банкінің
автоматтандырылған жүйесін;
Бесінші кезең
(1986 жылдан қазіргі уақытқа дейін) ақпараттық
технологиялардың екпінді даму кезеңі деп санауға болады.
Қазіргі таңда біз бірегей технологиялық көріністің іс жүзінде жыл
сайын жаңа техникалық сипаттамалары бар компьютерлер жəне
қолданбалы бағдарламалық өнімдердің пайда болуының куəгерлері
болып табыламыз. Мысалы, 1996 ж. Ресей нарығында алғашқы рет
Microsoft Office қосымшалар жиынтығымен Microsoft Office 95
қолданбалы бағдарламалық жүйесінің орыс тіліне лайықталған
нұсқасы пайда болды, ал 1997 жылдан бастап жыл сайын осы
қосымшалардың жаңа нұсқалары шығарылуда.
Заманауи қолданбалы бағдарламалық жүйенің екі маңызды
қасиетін атап өткен жөн:
біріншіден, олар бағдарламалаудың кəсіби тілін меңгермеген
мамандарға ақпараттарды өңдеудің автоматтандырылған жүйесін
əзірлеуге мүмкіндік береді;
екіншіден, қолданбалы бағдарламалық жүйелердің түрлендірілуі,
əдеттегідей, алдағы өткен нұсқалармен сабақтастыққа ие болып
келеді.
Алайда, кез келген компьютерлік есептеу жүйесі (өндірісті
басқару, ғарыш аппараты қозғалысының траекториясын есептеу,
автоматты түрде жобалау жəне өзг.) өзіне аппараттық, ақпараттық
жəне бағдарламалық қамтамасыз етуді қосқандықтан, қолданбалы
бағдарламалық пакеттерін зерделеу барлық осы компоненттермен
өзара байланысты екенін атап өткен жөн.
Есептеу жүйесі
терминінен жалпы түрде аппараттық (аспаптық)
жəне
бағдарламалық
құралдар
кешенін
қамтитын
жəне
автоматтандырылған жобалау жүйесінің (АЖЖ), ақпараттық
қамтамасыз
етудің
автоматтандырылған
жүйесінің
(АҚАЖ),
деректерді
зияткерлік
талдау
жүйесінің
(ДЗТЖ),
өндірісті
автоматтандырылған басқару жүйесінің (ӨАБЖ) жəне өзге міндетті
компоненттері болып табылатын ақпараттарды компьютерлік өңдеу
жүйесін (АКӨЖ) түсіну қажет. Осы жүйелерді əзірлеу үшін
аппараттық жəне бағдарламалық құралдар кешенінің құрамы
өңделетін ақпараттың түріне байланысты.
Ақпараттарды компьютерлік өңдеудің қолданылатын тəсіліне
байланысты ақпарат мəтіндік (таңбалық), графикалық жəне
мультимедиалық (аудио жəне бейне) болып бөлінеді.
5
Ақпараттарды
өңдеу
үшін
қажетті
аппараттық
құралдар
компьютерлер жəне оларға қосылған шеткері құрылғылар болып
табылады, олар: принтерлер, плоттерлер, сканерлер, модемдер,
цифрлік фотоаппараттар, бейне камералар жəне т.б. Жəне де, егер
аппараттық құралдар АӨКЖ «денесін» құраса, онда оның «жаны
мен миы» бағдарламалық құралдар болып табылады.
Тəжірибе көрсеткендей, мəтіндік редакторлар, деректер базаларын
басқару жүйелері (ДББЖ), электрондық процессорлар,
(электрондық кестелер), графикалық редакторлар (оның ішінде
автоматтандырылған
жобалау
жүйелері
CAD/CAM)
жəне
коммуникациялық бағдарламалар сияқты бағдарламалық жүйелер
ең көп қолданысқа ие болды.
Мəтіндік редакторлар ең көп таралған бағдарламалық жүйелер
болып табылады жəне олар қолданылмайтын қызмет саласын табу
қиын.
Дерекқорларды басқару жүйелері автоматтандырылған жобалау
барысында, маркетинг қызметінде, сондай-ақ жасанды зерденің
жүйесін жəне сараптау жүйесін əзірлеу барысында өндірісті басқару
үрдісінде кең қолданыс тапты.
Электрондық кестелер кез келген есептерді автоматтандыру
барысында негіз болып табылады: өнеркəсіптік кəсіпорындардың
өнімдерінің сапасын басқару жүйелерінде қолданылатын жəне
өткізу нарығын талдау барысында ірі сауда фирмаларында
қолданылатын, жай арифметикалық операциялардан деректерді
зияткерлік талдаудың қиын математикалық жүйелерін жасауға
дейін. Соңғы жылдары қарқынды екпінмен тағы бір бағыт дамуда –
өндірісте
жəне
бизнесте
заманауи
менеджементтің
жəне
маркетингтің
негізі
болып
табылатын
коммуникациялық
технологиялар (оның ішінде Internet желісінде ақпараттарды
ауыстырудың бағдарламалық жүйелері).
Заманауи қолданбалы бағдардамалық жүйелермен жұмыс жасау
технологиясын жəне өндірістік қызметтің əр түрлі салаларында
ақпараттарды өңдеудің үрдістерін автоматтандыру үшін оларды
қолдану тиімділігін қарастырамыз.
6
I Б Ө Л І М
Достарыңызбен бөлісу: |