МƏТІНДІК ЖƏНЕ ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТТАРДЫ
ӨҢДЕУДІҢ ҚОЛДАНБАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРІ
1 Тарау
МƏТІНДІК РЕДАКТОРЛАР
1.1.
Мəтіндік жəне графикалық
ақпараттарды өңдеудің
қағидалары
Мəтіндік процессорлар немесе мəтіндік редакторлар — бұл əр
түрлі маңыздағы мəтіндік құжаттарды жасауға мүмкіндік беретін
қолданбалы бағдарламалық жүйелер.
Мəтіндік редактор
жəне
графикалық редактор
терминдері
дербес электрондық-есептеу машиналары (ДЭЕМ) деп аталатын,
экранмен алғашқы компьютерлердің (XX ғ. 90 жж.) электрондық-
сəулелік мониторларды басқарудың ерекше технологиялық
қабылдауларына сəйкес келеді.
Монитор экранында ақпараттардың пайда болу қағидасы оның
бетінде жарқыраған нүкте –
пиксельдің
қалыптасуымен байланысты.
Электрондық сəуле экран бойынша солға, оңға жəне жоғарыдан
төменге жылжи отырып,
дəйекті
түрде жақын ораласқан
пиксельдердің жиынтығын құрайды.
Жарқыраған нүктелер бір-бірімен бірлесе отырып, экранда
кейбір кескіндерді жасайды.
Теледидарлық кескіндерді алудан ерекшелігі ақпараттарды
компьютерлік мониторға шығару бағдарламалық басқару болу
қажет, олай болса əр пиксельді басқару бағдарламалары болу қажет.
Бұл ретте процессор жұмысының жылдамдығы тек монитор
экранын басқару үшін секундына миллион пəрменнен жоғарыны
құрау қажет.
Алғашқы процессорлардың техникалық сипаттамалары тек
мониторда кескіндерді жасауға мүмкіндік беретін. Ақпараттарды
өңдеудің өзге процестеріне ресурстар жетпеді. Осындай мəселені
шешу үшін пиксельдерді басқару бағдарламасын орындау
нəтижелерін орналастыру үшін буферлік жады деп аталатын
бейне
жады
əзірленді. Шартты түрде айтқанда, буферлік жады
бағдарлама жəне кескіннің электрондық жаймасы сызбасы арасында
«орналастырылды» жəне екі жолы, яғни
порттары болды
.
7
Бірінші портқа пиксельдердің сипаттамаларының қалыптасқан
мəндерінің жадына орналастыруды қамтамасыз ететін бағдарлама,
ал екінші портқа – ақпараттарды оқып алу жəне оларды кескіннің
жаймасы сызбасына беру бағдарламасы «жүгінді». Бұндай жағдайда
баяу жұмыс жасайтын бағдарлама кескін үзінділерін бейне жадыға
жеткізіп, ал тез жұмыс жасайтын жайма схемалары үзінділерден
экранда кескін жасап тұратын.
Бұл ретте, монитор экранына берілетін ақпарат бейнелерді –
мəтінді жəне суреттерді – кестелерді қамтыды.
Айтылған кескіндерді жасаудың технологиясы мəтіндік
ақпаратпен қоса, графикалық ақпаратқа да тəн. Алайда, бір
техникалық мəселені шешіп, яғни бейне жадыны əзірлеп, ЖЭЕМ
конструкторлары екінші мəселеге, бейне жадының үлкен
көлемдерін жасау қажеттілігіне тап болды. Сонымен, мысалы
жолдағы 640 пиксельден экранда 200 жол сипаттамасымен ақ-қара
түсті кескінде əр пиксельдің жағдайы туралы екілік ақпараттарды
сақтау үшін (200 х 640)/8 = 16000 байтқа тең жады қажет. Ал түрлі
түсті кескіндерді алу үшін бейне жадының көлемдерін кенеттен
ұлғайту талап етіледі, ол өз кезегінде ЖЭЕМ құнын маңызды
ұлғайтар еді.
IBМ фирмасының мамандарымен бұл міндет келесі түрде
шешілді. Мəтіндермен жұмыс жасау барысында монитор экранына
жеке бағдарламалық басқару пиксельдерін емес, ал ЖЭЕМ
үнемі
есте қалатын құрылғыларында
(ҮЕҚ) сақталатын күні бұрын
жасалған 256 бейнелер шығарыла бастады. Бұл ретте экранда кез
келген бейнені (əріптерді, тыныс белгілерін жəне т.б.) орналастыру
үшін белгі орын деп аталатын, 8 х 8 = 64 пиксел тіктөртбұрышты
матрица қолданылды, яғни монитор экранында əр бейне жолдары
жолдық жайманың сегіз орнын алды. Əр бейненің өз нөмірі бар
болғандықтан, бейне жадыда 8 байт бейне жадының бейне кескінін
емес, ал тек оның нөмірін, яғни бар болғаны 1 байтты сақтауға
болады.
Электрондық кескін схемаларын басқарудың бағдарламасының
кілті ретінде осы байтты қолдана отырып, ҮЕҚ-да тиісті бейнені
табуға жəне оны экранда сызуға болады. Егер түрлі түсті бейне
жасау қажет болса, онда бейне жадындағы əр белгі орын бір
байтпен емес, екі байтпен анықталады. Екінші байт бейне түсін
жəне оны қоршаған фонды көрсетуге арналған.
Осылайша, ақпараттарды компьютерлік өңдеу технологиясы
саласындағы мамандар монитор экранын басқарудың екі ережесін
əзірледі:
мəтіндік жəне графикалық.
Бұл ретте, мəтіндік ереже күні
бұрын жасалған бейнелер - 8 х 8 пиксель матрицаны монитор
экранына бағдарламалық шығаруға, ал графикалық ереже оны
экранға шығару барысында əр пиксельді бағдарламалық жасауға
негізделді.
8
|