Э. В. Фуфаев, Л. И. Фуфаева


Автоматтандырылған  сызу  жүйесі



жүктеу 23,02 Mb.
Pdf просмотр
бет142/204
Дата09.01.2022
өлшемі23,02 Mb.
#31801
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   204
Фуфаев Қолданбалы бағдарламалар пакеті. Оқу құралы

Автоматтандырылған  сызу  жүйесі
.  КҚБЖ  талаптарына 
толығымен сəйкес сызбаларды тез жедел  жасауға арналған T-FLEX- 
CADLT  жүйесінде  сызбаларды  құрастыру  үшін  келесі  элементтер 
жиынтығы  бар:  түзу  сызық  кесінділері  (еркін,  параллель, 
перпендикуляр,  жанама  жəне  т.б.);  əр  түрлі  доғалар  (үш  нүкте 
арқылы,  радиусы  белгілі  екі  нүкте  арқылы,  нүктедегі  центрі  бар, 
жанама  жəне  сол  сияқты);  толық  шеңберлер;  осьтік  сызықтар, 
жүздер; дөңгелектету жəне т.б. 
Доғаларды  құрастыру  кезінде  90,  180,  270°  бұрыштары  жəне, 
сонымен  қатар,  горизонталь  жəне  вертикаль  бойымен  меңзері  бар 
доға центрі автоматты түрде белгіленеді. 
T-FLEX-CADLT жүйесінде келесі сызу функциялары бар: 

 
КҚБЖ 
сəйкес 
сызықтардың 
əр 
түрлерін 
белгілеу 
(сызықтардың жаңа түрлерін жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді); 

 
үлгі  бойынша  ассоциативті  сызықпен  түрлеу,  түстеуді 
орындау  (олардың  өзіндік  жаңа  түрлерін  жасауға  мүмкіндік  береді). 
Жүйеде  бар  тұйықталған  сұлбаны  автоматты  тұрде  іздеу  əрекеті 
сұлбаны сызықты түстеу үдерісін беруді əлдеқайда жеңілдетеді. Ол 
209 



 
тұйықталған  сұлбаларды  ортақ  қабырғалары  арқылы 
автоматты  түрде  біріктіріп,  ішкі  тұықталған  облыстарды  (жерлерді) 
автоматты  түрде  қадағалап  отырады.  Нəтижесінде  оған  қатысты 
бейне  сызықтарының  орны  өзгертілген  жағдайда    сызықпен 
түстеудің ассоциативті сұлбасы қалыптасады; 

 
сызықтық, шеңбер бойындағы, бұрыштық өлшемдерді қойып 
шығу  (соның  ішінде  мөлшердің  атаулы  құны  жəне  шек  өрісі 
бойынша  шекті  ауытқуды  автоматты  түрде  есептеу)  жəне  қос 
өлшемдерді сақтау (мм/дюйм); 

 
сызбаларда  бет  пішін  жəне  орналасу  шектерін,  бұдырлық 
өлшемдерін,  жазулар  жəне  мəтіндер  шектерін  қойып  шығу. 
Сонымен  қатар  бұдырлықты  стандартты  шама    кестелерінен 
таңдауға,  ал  шектердің  пішіні  мен  орналасуын  автоматты  түрде 
қажет  етілетін  бұйым  мөлшеріне  жəне  өңдеу  дəлдігіне  байланысты 
есептеуге болады. 
T-FLEX-CADLT  жүйесінде  келесі  əрекеттер  бар:  көшіру, 
симметрия, сызықтық ауқым, айналу ауқымы. 
Көшіру кезінде масштаб жəне көшіріліп жатқан элементтердің 
бұрылу  бұрышын  белгілеуге  болады.  Айналмалы  жəне  сызықтық 
ауқымдарды  құрастыру  кезінде  бейне  көшірмелерінің  ауыспалы 
санын  белгілеу  мүмкіндігі  қарастырылған.  Сызықтық  ауқым  бірден 
екі бағытта жасалуы мүмкін:  жол жəне бағаналар бойынша. 
Элементтерді 
көшірудің 
жаңа 
мүмкіндіктері 
пайдаланушыларға  кез  келген  элементтердің  ауыспалы  мөлшері  бар 
жалпыланған сызбаларды жасау мүмкіндігін береді. 
T-FLEX-CADLT  жүйесі  сызбаларды  дайындаудың  арнайы 
конструкторлық элементтерін орындай алады: 

 
негізгі жазуды түсіру; 

 
техникалық талаптар мəтінін құрастыру; 

 
белгіленбеген бұдырлық белгісін жасау; 

 
сызбаны  плоттер  немесе  принтерге  шығару  үшін  пішімді 
автоматты түрде таңдап алу. 
Сонымен  қатар  жүйеде  мəтіндік  ақпаратты  тікелей  сызба 
өрісіне  бейнелеудің  нақты  тəртібінде  (
Wysiwyg
)  енгізуге  мүмкіндік 
бар.  Бар  кіріктірме  мəтіндік  редактор  мəтіннің    абзацтарын 
пішімдеуді  (теңестіру,  бос  жерлер,  интервалдар  жəне  т.б.),  сөздерді 
əр  түрлі  бөліп  шығару,  əр  түрлі  қаріптер,  шамалар,  стильдерді,  бір 
мəтін  үзінділері  үшін  түрлі  түстерді  пайдалануды  қолдайды. 
Мəтіндерге 
индекстерді, 
бөлшектерді, 
сызбаны 
бейнелеу 
элементтерін,  жеке  үзінділерді  енгізу  мүмкіндігі  қамтамасыз  етілді, 
яғни осы жүйеде ешбір қосалқы қондырғылар мен шектеулерді 
210 


пайдаланбай-ақ, графикалық та, мəтіндік те құжаттарды еркін түрде 
құрастыруға болады. 
Жиі  қайталынатын  мəтін  жолдарын  енгізуді  автоматтандыру 
үшін осы жүйеде оларды сөздіктен таңдау атқарымы жетілдірілген. 
Сызбаның  негізгі  жазуын  толтыру  кезде  пайдаланушылар 
сəйкес  мəтіндік  алаңдарда  сызбамен  тікелей  жұмыс  жасайды. 
Сонымен  қатар  алдын  ала  дайындалған  тізімдерден  мəтіндік 
шамаларды таңдау мүмкіндігі бар. 
T-FLEX-CADLТ  жүйесінде  кез  келген  кестелерді  құрастыру, 
алаң  мөлшерлерін  белгілеу  жəне  өзгерту,  ұяшықтарды  біріктіру, 
шекті сызықтарды анықтау жəне т.б. мүмкіндіктер бар, оған қоса ол 
бет  саны  көп  мəтіндік  құжат-сызбалармен  жұмыс  істеу  үшін 
қолайлы.  Мысалы,  бұйымның  көп  бетті  сипаттамасы  жүйенің  бір 
құжатында жəне құрастыру сызбасымен бірге орналасуы  мүмкін. 
Сонымен қатар Windows жүйесінің айырбастау буфері арқылы 
T-FLEX-CADLT  жүйесінің  мəтіндік  ақпараттарын  Word  жəне  басқа 
да  қосымшалар  арқылы  айырбастау  жүргізу  мүмкіндігі  бар  екеніне 
назар аудару жөн. 
Сөйтіп,  T-FLEX-CADLT  өз  ішінде  бейнелеудің  барлық 
əрекеттеріне 
ие, 
констукторлық-техникалық 
құжаттаманы 
дайындаудың толық функционалды жүйе болып табылады. 

жүктеу 23,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   204




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау