Кафедра Педагогикалық ғылымдар


Практикалық сабақтың тақырыбы



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет39/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Практикалық сабақтың тақырыбы

 

№11 ЖОҒАРЫ 

МЕКТЕПТЕ  ОҚЫТУ ПРОЦЕСІН

 

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ 

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

 

 



Практикалық сабақтың мақсаты мен міндеттері:

 Қарқынды түрде оқытуда білім берудің жаңа 

технологияларын қолданудың теориялық негіздерін түсіндіру. 

  



31 

 

Практикалық сабақтың мазмұны

1.

 



Педагогикалық  технология туралы  түсінік 

2.

 



Кредиттік  оқыту  технологиясы 

3.

 



Қашықтықтан  оқыту  технологиясы 

 

7.1



 

Педагогикалық технология туралы  түсінік 

Көптеген уақыттар желісінде  «технология» түсінігі  педагогикалық ұғымдар қорынан тыс қалып 

келді. Шынайы мәні  («шеберлік  жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге: педагогикалық процесті 

сипаттау, түсіндіру, жобалауға сай келсе де, ол технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды. 

Педагогикалық  әдебиеттерде  қандай  да  педагогикалық  технологиялар  сипатын  айқындаушы 

көптеген терминдер ұшырасады, мысалы:  оқу-үйрену, тәрбиелеу, оқыту  технологиялары,  білімдендіру 

және  дәстүрлі  технологиялар,  бағдарламаланған  және  проблемді  оқу  технологиялары,  авторлық 

технология және т.б. 

Педагогикалық  технология  –  бұл  педагогикалық  әрекеттер  табысына  кепіл  болардай  қатаң 

ғылыми  жоба.  Әрі  сол  жобаның  дәл  жаңғырып    іске  асуы.  Педагогикалық  технология  кешенді, 

біріккен  үрдіс.  Ол  өз  құрамына  адамдарды,  идеяларды,  құрал-жабдықтарды,  сонымен  бірге 

жоспарлау,  қамсыздандыру,  бағалау  және  білім  меңгерудің  барша  қырлары  жөніндегі  проблемалар 

шешімін басқаруды қамтиды. 

Оқыту  технологиясы  -  оқыту  үрдісінде  алдын  ала  жоспарланған,  оқытудың  диагностикасы 

қойылған мақсатына практикада жүйелілік және бірізділікпен жету құралдары. 

Педагогикалық  технологиялар  жоғарыда  айтылған  түсініктемелері  мен  алуан  түрлі 

анықтамаларын  талдай  отырып,  бұл  барлық  технологиялардың  айырықша  ерекшеліктері  туралы 

төмендегідей қорытынды жасауға болады: 

-

 

оқытудың микромақсаттарының,  мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы 



-

 

нәтижелердің жетістігіне бағытталуы; 



-

 

тәрбиелеумен  оқыту  субъектілерінің  іс-әрекеттерінің  әрбір  кезеңдері  бойынша  қадамдық 



құрылымының анықталуы; 

-

 



мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау; 

-

 



тәжірибенің қайталануымен алмасу. 

Дидактикада оқу технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады: 

-

 

Қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пән әдістемелік, бөлімдік (модульдік); 



-

 

Философиялық негізі: ғылыми және діни, гуманистік және  әміршіл-әкімшіл (авторитарлы); 



-

 

Тәжірибе  меңгерудің  ғылыми  негіздемесі  (концепция):  байланыс-  жауапты  (ассоциатив-



рефлекторлы); іс-әрекетті (бихевиористік),  іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы; 

-

 



Тұлғалық  құрылымға  бағдарлануы:  ақпаратты   (білім,  ептілік  және  дағдылар  қалыптастыру),  нақты 

қимыл-әрекеттік  (оперативті  ақыл-ой  әрекеттері  әдістерін  қалыптастыру),  шығармашыл 

(эвристикалы-дарын 

қабілеттерін 

дамыту), 

қолданбалы 

(тұрмыс-тәжірибелік 

әрекеттер 

қалыптастыру). 

-

 



Дәстүрлі  оқу  жүйесін  жаңалау  бағыты  (модернизация):  оқушы  іс-  әрекетінің  белсенділігін  көтеру 

және  жеделдестіру  технологиясы;  мұғалім  және  оқушы  арасындағы  қатынастарды  ізгілендіру  мен 

демократияластыру  негізінде  жасалған  технология;  оқу  материалын  дидактикалық  қайта  түзуге 

негізделген технология және т.б. 

Оқу  технологиясы  педагогикалық  шеберлікпен  өзара  байланысты.  Оқу  технологиясын  жете 

білудің өзі – шеберлік. Бір технологияны әрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске 

асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді. 

Қазіргі  кезеңдегі  ғылыми-техникалық  үрдістің  қарқыны  білім  беруде  жаңа  міндеттер  қойып 

отыр.  Олар  -  техникалық  тізбекте  технологияның  үздіксіз  өзгерістеріне  бейімделе  алатын  тұлға 

қалыптастыру. Ол үшін білім беру саласында қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды 

және  білім  беру  технологияларын  сарқа  пайдалану  керек.  Әртүрлі  оқыту  технологияларын  оқу 

мазмұны  мен  оқушылардың  жас  және  психикалық  ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  сынап 

қарауда мұғалім іс-әрекетінің маңызы зор. 

Инновациялық педагогикалық іс-әрекет жеке шығармашыл, өз бағытымен жұмыс істей алатын 

мұғалімді қалыптастыруға бағытталады. 

Жоғары  мектеп  тәжірибесіне  жаңашылдықтарды  енгізу  көбіне  оларды  қолдануға  деген 

көзқарастардың  кешенін  өзгертуге  тікелей  байланысты.  Қазірде  әлі  де  көптеген  мұғалімдер 

педагогиканың  жетістіктері  мен  жаңалықтарын  меңгеруге  ұмтылыстарының  нашар  екендігін 




32 

 

байқатады. 



Кез-келген  қазіргі  педагогикалық  технологиялар  педагогика  ғылымы  мен  практикасының 

жетістіктері    дәстүрлі  тәжірибедегі  құнды  дүниені,  әлеуметтік  прогрестің  жетістіктерін,  қоғамдағы 

гуманизация  мен  демократия  жемісін  жинақтаушы  болады.  Педагогикалық  технология  дерекнамасы 

педагогика,  психология,  әлеуметтік  ғылымдар,  алдыңғы  қатарлы  педагогикалық  тәжірибе,  халықтық 

педагогика, Отандық және шетел педагогикасындағы озық идеялар болып табылады. 

Жалпы  алғанда  педагогикалық  технология  түрлерін  таңдау  білім  беру  саясатында,  білім  беру 

реформасына,  дидактикалық  тұжырымдамаға  немесе  оқыту  теориясы  мақсатымен  тәрбиелеу  және 

оқыту  міндеттеріне,  педагогтың  кәсіби  және  жеке  тұлғалық  қасиеттеріне,  әдіснамалық  бағытына 

байланысты жүзеге асырылады. 

Сондықтан  қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше 

сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Бүгінгі  өзекті мәселе оқушылардың дара  ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  өз  бетімен  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамыту.  Ал  мұнда  инновациялық 

технологиялардың тиімділігі жоғары. 

Ұлттық  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  халықаралық  тану,  білім  беру  ұйымдарының  білім 

алушылары мен оқытушыларының ұтқырлығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру 

және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету  үшін білім беру ұйымдарында 

бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы іске  асырылады. Кредиттік оқыту технологиясы білім алушы 

мен  оқытушының  оқу  жұмысы  көлемінің  біріздендірілген  өлшем  бірлігі  ретінде  кредитті  қолдану 

арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы  және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде 

жүзеге  асырылады.  Кредиттік оқыту  технологиясы кезінде  оқу  жұмысының  еңбек сыйымдылығының 

есебі  кредит  арқылы  өлшенетін  оқытылатын  материалдың  көлемі  бойынша  жүзеге  асырылады. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  білім  берудің  барлық  деңгейлері  бойынша  бұрын  меңгерілген 

кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады. 

Кредит  (Credit,  Credit-hour)  –  білім  алушының/оқытушының    оқу  жұмысы  көлемін  өлшейтін 

сәйкестендірілген  бірлігі.  Кредиттік  оқыту  технологиясы  -  білім  алушы  мен  оқытушының  оқу 

жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының 

пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын дербес жоспарлауы негізінде оқыту. 

Кредиттік  оқыту  технологиясын  пайдалану  арқылы  оқу  үдерісін  ұйымдастырудың  негізгі 

міндеттері: 

1)

 



білім көлемін біріздендіру; 

2)

 



оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу; 

3)

 



білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту; 

4)

 



білім  алушының  оқудағы  шынайы    жетістіктерін  оларды  тиімді  бақылау  рәсімдері  негізінде 

анықтау болып табылады. 

Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңдерінен, демалыстардан және 

практикалардан тұрады. 

Академиялық   кезең   нысанына  байланысты  ұзақтығы 

семестр үшін 15 апта, триместр 

үшін 10 апта, және тоқсандық үшін 8  апта.  Аралық аттесттау кезеңінің ұзақтығы кемінде 1 апта. Білім 

алушыларға әрбір  академиялық  кезеңнен каникулдар   беріледі, оқу жылындағы каникул уақытының 

ұзақтығы 7 аптадан кем  болмауы  керек. Бір  академиялық  сағат  дәрісханалық  сағаттың 50 

минутына 

тең. 

Студиялық  және  зертханалық  сабақтар,  сондай-ақ    дене    тәрбиесінің  сабақтары,  студиялық 



сабақтар үшін академиялық сағат  тиісінше 75 минутқа тең,  немесе  зертханалық  сабақтар  мен   дене  

тәрбиесі   сабақтары   үшін 100 минут. 

Оқу  сабақтары  басым  түрде    белсенді  шығармашылық  нысандарда  жүргізіледі  (кейс-стади, 

іскерлік ойындар, тренингтер, диспуттар, дөңгелек үстелдер, семинарлар). 

Кредиттік технология бойынша оқу білім алушылардың  білім  беру бағдарламасын  дербес 

жоспарлауына, оқудың жеке  траекториясын  таңдауына,  өздігінен  білім  алу  деңгейін  арттыру 

уәждемесіне негізделген. Білім алушылардың академиялық ұтқырлығын қамтамасыз  ету  үшін жекелеген 

оқу пәндерін басқа білім беру ұйымдарында, оның ішінде шет елдерде оқи алады. 

Мұндайда білім беру ұйымының басшысы басқа  білім беру ұйымдарында оқу үшін кредиттер 

санының жоғарғы шегін айқындайды. 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  ұйымдарында  жекелеген  пәндерді  оқыған  жағдайда, 

білім беру ұйымдары арасында екіжақты шарт жасалады. 

Білім беру бағдарламаларын іске асырудың  сапасын  арттыру  және білім алушылардың оқудағы 

жетістіктерін бағалауды қамтамасыз ету мақсатында оқу үдерісіне және қорытынды бақылауға бөлінеді. 




33 

 

Білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктері  (білімі,  іскерлігі,  дағдылары  мен  құзыреті)  100 



балдық  шкала  бойынша  және  төрт  балдық  жүйе  бойынша  сандық  эквивалентке  сәйкес  әріптік 

жүйемен бағаланады (оң бағалар А-дан D-ға дейін азаю арқылы, «қанағаттанарлықсыз» - F). 

Пән  бойынша  қорытынды  баға  ағымдағы  үлгерім  және  қорытынды  бақылау  бағасына  кіреді 

(емтихан  бағасы).  Ағымдағы  үлгерім  бағасының  үлесі  60  пайыздан  кем  құраса  қорытынды  баға 

дәрежесі  студенттің  оқу  пәні  бағдарламасын  меңгергендігі.  Қорытынды  бақылау  бағасы  аталған  оқу 

пәні бойынша білімді қорытынды бағалаудың кемінде 30 пайызын  құрайды. 

Оң  қорытынды  баға  тиісті  пән  бойынша  белгіленген  кредит  санымен  игерілген  кредиттерді 

толықтыруға негіз болады және білім алушының транскриптіне жазылады. 

Білім  алушылар  қорытынды  бақылаудан  (емтиханнан)  «қанағаттанарлықсыз»  деген  баға  алған 

жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны 

көтеру мақсатында осы аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Оң бағаны алу 

үшін  білім  алушылар  келесі  академиялық  кезеңдердің  бірінде  немесе  жазғы  семестрде  ақылы  түрде 

сол  пән  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарында  қарастырылған  барлық  сабақ  түрлеріне  қайта  қатысып, 

рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады. 

Педагогтың басты міндеті оқушылардан ортақ мақсатқа бағытталған шығармашылық топтарды 

құру, олардың таным процесін басқару, ынталандыру, яғни интерактивті оқыту формасын жасау. 

Кредиттік технологияда мотивация интерактивті оқытудың  басты шарты болса, ал  интерактивті 

оқыту формасы мен әдістері оқытудағы жетістікке жеткізетін ситуациялар, итермелеуші күштер болып 

есептеледі. 

Қашықтан  оқыту  технологиясы 

–  оқу  үрдісі  кезінде  оқып  үйренушілер  мен  оқытушылар 

арасында  интерактивті  өзара  іс-әрекетте  оқытылып,  материалдың  негізгі  көлемін  оқып  үйренушілерге  

жеткізуді  қамтамасыз  ететін,  оқылған  материалдарды  меңгеру  бойынша,  сонымен  бірге  оқу  үрдісі 

барысындағы  оқып  үйренушілердің  өз  бетімен  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беретін  ақпараттық 

технология. 

Қашықтан  оқыту  –  компьютерлік  және  телекоммуникациялық  технологияларға  негізделген 

оқытудың  құралдары  мен  түрлері,  білім  беру  үрдісінде  үздік  дәстүрлі  және  инновациялық  әдістер 

қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді қабылдау түрі болып табылады. 

Қашықтан  оқыту  кезіндегі  білім  беру  үрдісінің  негізін  жеке  кесте  бойынша  өзіне  ыңғайлы 

жерде  оқуға  мүмкіндігі  болатын,  оқытудың  арнайы  құралдары  жиынтығы  өзінде  бола  отырып, 

электронды  және  қарапайым  пошта,  телефон    арқылы  оқытушылармен  келісілген  байланыс  жасауына, 

сонымен қатар, күндізгі бөлімде де мүмкіндігі болатын, оқып үйренушінің мақсатқа бағытталған және 

бақыланатын  қарқынды  өзіндік  жұмысы  құрайды.  Қашықтан  оқыту  білім  жүйесі  жоқшылыққа, 

географиялық немесе  уақытша оқшаулануға қатысты себептермен, әлеуметтік қорғаны жоқ және дене 

бітімі жетілмеуіне  байланысты  білім мекемелеріне  бару  мүмкіндігі  жоқ  немесе  өндірістік және  жеке 

жұмыстары  болу  себебінен,  ешкімнің  оқуға  мүмкіндігін  шектеуге  болмайды  деген  гуманистік 

қағидаларға жауап береді. 



Қашықтан білім беру 

– жаңа ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық жүйелер негізінде 

күндізгі,  күндізгі-сырттай,  кешкі  және  сырттай    оқытудың    элементтері  үйлестірілген  ерекше, 

жетілген   түрі. Қазіргі замандағы телекоммуникациялық  және электронды басылымдар дәстүрлі оқыту 

түрінің барлық  құндылықтарын  сақтай  отырып, кемшіліктерін жеңіп шығуға мүмкіндік береді. 

 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау