көзқарас төрт онжылдық бойы шетелдік зерттеушілердің назарында болып отыр: Дж. Агасси, И.
Қазіргі педагогика ғылымында жетекші төрт білім беру парадигмасын көрсетуге болады:
1.
Дәстүрлі парадигма (немесе білімділік).
2.
Тұлғалық бағдарланған (гуманистік немесе субъект-субъектілік) парадигма.
3.
Функционалистік парадигма, ол келесі ерекшеліктерімен сипатталады:
4.
Мәдениеттанушылық парадигма:
Білім беру парадигмалары шеңберінде түрлі білім беру модельдері қалыптасады. Қазіргі уақытта
білім беру ұйымдарынан тыс ұйымдастыруды бағдарлайды. Білім берудің парадигмалық
қарастырылады. Бұл парадигма табиғат және адам, күрделі жүйелердің қызмет етуі, әлемнің жаңа
, ол білім беру үрдісінің тұлғаның негізгі және пәндік құзыреттіліктерін
14
Акмеологиялық көзқарас
, ол тұлғаның өзінің бүкіл потенциалдық мүмкіндіктерін ашуға және
кәсіби шеберлік шыңдарына жетуге бағыттылығын анықтайды. Акмеологияның нысаны негізінен
кәсіби әрекетте прогрессивті түрде дамып өзін-өзі жүзеге асырып отыратын кемелденген тұлға болып
табылады. Акмеология пәні кемелденген тұлғаның прогрессивті дамуы мен оның жоғары кәсіби
жетістіктерге жетуін қамтамасыз ететін үрдістер, психологиялық механизмдер, жағдайлар мен
факторлар.
Интерактивті көзқарас
, ол ізгілендіру, демократияландыру, даралау және саралау қағидаларына
негізделеді. Интерактивті оқыту әлеуметтік ынталандырылған серіктестік сипатына ие, оның
назарында оқытушылық үрдісі емес, тең дәрежелі серіктестердің ұйымдасқан шығармашылық
ынтымақтастығы. Сөйтіп, субъект-субъектілік өзара әрекеттесу андрогогика қағидаларын қолдануға,
жағымды кәсіби «Мен-тұжырымдамасын» дамытуға көмектеседі.
Құзыреттілік көзқарас бастапқыда лингвистикада пайда болып, кейін педагогика ғылымына
көшіріліп әкелінді. Аталған көзқарастың пайда болуын американ тіл маманы Н.Хомский атымен
байланыстырады. Ол алғаш рет құзыреттілік ұғымын алғаш рет тіл теориясына, трансформациялық
грамматикаға қатысты қолданды. Оның айтуынша тілдік құзыреттілік тілді білу ғана емес, оны нақты
өмірлік жағдаяттарда пайдалана алу, яғни құзыреттілік білімді меңгеру ғана емес, оны шынайы өмірлік
жағдайларда қолдану қабілеттілігі. Сонымен бірге, ғалым құзыреттіліктің дамуы мен өмірлік
жағдайларда жүзеге асуы құзыреттілік айқындалуы тиіс пәндік әрекет саласында тәжірибесінің
болуына байланысты екендігін көрсетеді. Бұл болашақ мамандарды даярлауда оқыту үрдісінің
тәжірибелік бағытталуын, теорияның тәжірибемен байланыстылығын қамтамасыз ету қажеттілігін
анықтап беріп отыр.
Құзырлық – заттар мен үрдістердің белгілі бір шеңберіне қатысты анықталатын, соларға
қатысты сапалы өнімді әрекет үшін қажетті тұлғаның өзара байланысқан сапаларының (білім,
іскерлік, дағды, әрекет тәсілдері, құндылықтар, мотивация) жиынтығы.
Құзыреттілік – адамның белгілі бір құзырлықты игеруі, меңгеруі, ол өзіне сол құзырлыққа және
сол әрекет пәніне деген қатынасын да қамтиды.
Құзыреттілік өзіне тек когнитивті және операционалдық- технологиялық компоненттерді ғана
емес, сонымен бірге мотивациялық, этикалық, әлеуметтік, мінез-құлықтық компоненттерді, оқыту
нәтижелерін (білім мен іскерліктер), құндылықтық бағдарлар жүйесін қамтиды.
ЮНЕСКО-ның «Еңбекті жаңаша ұйымдастырудың жаңа технологиялары жағдайында білім беру
талаптары» атты жобасы бойынша болашақта адамдар тиімді жұмыс атқаруы үшін келесі іскерліктер
мен дағдыларды меңгерулері тиіс:
Бастама.
Ойлау мен әрекеттің динамизмі және дербестігі, шығармашылық.
Ынтымақтастық.
Басқалармен конструктивті және мақсатты өзара әрекеттесу.
Ұжымда жұмыс істеу.
Жұмыс тобында өзара әрекеттесу, ол қазіргі мектептерге тән
дараландыру мен бәсекелестік орнына оқу әрекетінің топтық формаларын қолдануды ұсынады.
Өзара оқыту
. Ресми және бейресми тәлімгерлік, кеңес беру
.
Бағалау.
Бұл іскерлік, оқушыларда өзінің және сыныптастарының жұмысын бағалау
тәжірибесін елеулі кеңейтуді талап етеді.
Коммуникация (байланыс, қарым-қатынас).
Ауызша, жазбаша, компьютерлік коммуникацияны
жеткілікті деңгейде игеру, тыңдау, оқу, түсіну және алынған ақпаратқа дұрыс түсініктеме бере алу
іскерлігі.
Логикалық ойлау іскерлігі.
Индуктивті және дедуктивті әдістерді қолдана отырып логикалық
дәйектерді бағалау және ұсыну.
Проблемаларды шешу.
Проблемаларды анықтау, мүмкін шешу жолдарын іздестіру және олардың
салдарларын талдау.
Шешімдерді қабылдау.
Бұл баламаларды таңдауда проблемаларды шешудің үздіксіз
тәжірибесін талап етеді.
Ақпаратты алу және пайдалану.
Қажетті ақпаратты іріктеу, оның көздерін білу, оны шешім
қабылдау мақсатында пайдалану іскерлігі.
Жоспарлау.
Мақсаттарды анықтау, жұмысты орындау үшін кесте құрастыру, басымдықтарды
анықтау.
Оқу іскерлігі.
Жаңа білімдерді меңгеруді қамтамасыз ететін когнитивтік дағдылар.
Көп мәдениеттілік дағдысы.
Тіл тұрғысынан, коммуникация типі мен құндылықтар жүйесі
бойынша ерекшеленетін түрлі мәдениеттердің өкілдерімен жұмыс жасау іскерлігі
.
Сонымен қорытындылай келе, маңызды мәселе ол құзыреттілік көзқарастың орны туралы мәселе.
Құзыреттілік көзқарас дәстүрлі көзқарасты алмастырмайды, тек оны толықтырады, кеңейтеді,
тереңдетеді. Ол еңбек нарығына бағытталған білім нәтижелерін анықтауға бағдарланған.
15
Құзыреттілік көзқарас, кәсіби білім берудің мақсаттары мен нәтижелерін бағалау жүйесіне деген
жаңа көзқарастарға негізделгендіктен, ол білім беру үрдісінің басқа да компоненттеріне де, яғни білім
мазмұнына, педагогикалық технологияларына, бақылау мен бағалау құралдарына да әсер етеді.
Мұндағы ең маңызды мәселе – ол студенттерді әрекеттің алуан түрлеріне қосуға мүмкіндік беретін
оқыту технологияларын қолдану (қарым- қатынас, мәселелерді шешу, пікірталастар, диспуттар,
жобаларды дайындау және т.б.).
Достарыңызбен бөлісу: