Кафедра Педагогикалық ғылымдар


Практикалық  сабақтың  тақырыбы



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет22/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Практикалық  сабақтың  тақырыбы

 

№7  ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  ЖОҒАРЫ 

БІЛІМ 

 

Практикалық  сабақтың  мақсаты  мен  міндеттері:

  Қазақстан  Республикасындағы  жоғары  білім 

мен  университетте  ғылыми  педагогикалық  кадрларды  даярлау  қалай  жүзеге  асатындығы  туралы 

түсінікті меңгерту. 

 

Практикалық сабақтың мазмұны

1.

 



Қазақстан Республикасындағы жоғары білім. 

2.

 



Университетте ғылыми педагогикалық кадрларды даярлау  

 

Қазақстанның  білім  беру  жүйесі  мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту,  орта  білім  беру,  орта 



білімнен  кейінгі  кәсіптік  білім  беру,  жоғары  және  жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  кәсіптік  білім  беру 

деңгейлерінен  тұрады.  Қазіргі  қоғамдағы  жоғары  білім  берудің  орны  мен  атақаратын  ролі.  Соның 

ішінде  жоғары  білім  беру.  Жоғары  білімді  дамытудың  негізгі  үрдісі  мамандар  даярлау  сапасын 

арттыру,  қарқынды  ғылыми-зерттеу  қызметімен  ықпалдастырылған  инновациялық  білімді  дамыту, 

жоғары  оқу-орындары  зерттеулерінің  әлеуметтік  сала  мен  экономиканың  қажеттіліктерімен  тығыз 

байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру болып табылады. 

Жоғары  білім  берудің  мақсаты  -  қоғамның,  мемлекеттің  және  тұлғаның  сапалы  жоғары  білім 

алуға  деген  мүдделерін  қанағаттандыру,  әрбір  адамға  оқытудың  мазмұнын,  нысанын  және 

мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру. 

Міндеттері:  

 

іргелі  білімді  кеңінен  меңгерген,  бастамашыл,  еңбек  рыногы  мен  технологиялардың  ауысып 



тұратын талаптарына бейімделген, командада жұмыс істей білетін жаңа тұрпатты маман даярлау;  

 



білім  беру  процесін  демократияландыру  арқылы жоғары  білім  берудің  барлық  жүйесінің  сапалы 

білім беру қызметін ұсынуға деген уәждемелерін күшейту; 

 

жоғары  оқу  орындарын  халықаралық  аккредиттеуден  өтуге  дайындау.  Бетке  ұстар  жоғары  оқу 



орындары дамытуға объективті жағдайлар жасау; 


21 

 



 

жоғары  оқу  орындарын  басқарудың  жаңа  принциптері  мен  практикасын  қалыптастыру, 

стратегиялық жоспарлау жүйесін енгізу; 

 



студенттердің  сапалы  білім  алуға  деген  құқықтарын  нығайту,  жоғары  оқу  орын  басшыларының 

сапалы білім беру қызметін ұсыну жауапкершілігін анықтайтын тетіктерді әзірлей және енгізу. 

 Университетте  ғылыми  педагогикалық  кадрларды  даярлау.  ЖМ-гі  оқытушының  кәсіби 

дамуындағы  үздіксіз  білім  берудің  өзектілігі.  Әлемнің  алдыңғы  қатарлы  елдерінде  жоғары  және 

жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын талдау онда кредиттік білім беру жүйесіне 

негізделген,  кадрлар  даярлаудың  үш  сатылы  моделінің  кең  тарағанын  көрсетеді:  бакалавриат-

магистратура-  докторантура.  Бұл  модель  АҚШ  университтетерінде  және  Еуропаның  көптеген 

елдерінде  қолданылады.  Ол неғұрлым  икемді  де  тиімді  болып  табылады,  академиялық  ұтқырлықты 

және  еңбек  нарығының  тез  өзгеріп  тұрған  шағында  түлектерге  деген  сұранысты  қамтамассыз 

етеді.Жоғары оқу орындарының мүмкіндіктері педагог кадрлардың біліктілігін арттыруда жан-жақты 

пайдаланылмайды. Педагог кадрлардың білікітілігін арттыру және қайта даярлау мәселелерін шешу 

жөнінде  шет  елдермен  тәжірибе  алмасу  нашар  дамыған.  Білім  беру  ұйымдарының  басшылары  мен 

қызметкерлерінің  жаңа  білім-білікті  игеруін  материалдық  және  моральдық  тұрғыдан  көтермелеу 

тетіктері  тиімді  түрде  жеткілікті  пайдаланылмайды,  практикалық  қызметке  бағдарланған  оқытудың 

белсенді  тренингтік  технологияларының  енгізілуі  нашар.  Қазақстандағы  Жоғары  мектеп  әлемдік 

тәжірибелермен  мемлекеттік  практикаға  сүйене  отырып  өзінің  жаңару  потенциалын  дүниежүзілік 

тәжірибе  позициясына  сай  қалыптастыруы  керек.  Сонымен  қатар,  әлемдік  алдыңғы  қатарлы 

Германия,  Ұлыбритания,  Франция,  АҚШ,  Қытай  және  ТМД  қатарындағы  елдердің  жоғарғы  оқу 

орнындағы  тәжірибесіне  сүйеніп  оқытуға  және  маман  даярлауға  аса  көңіл  бөлуі  қажет  болып  отыр. 

Ойлаудың  жаңа  тұрпаты  және  қағидалары  алға  шығуда.  Біз  бүгінгі  күннің  ойлау  бейнесіне  сай 

келетін  біртұтас  педагогикалық  процесті  құрудың  және  мамандарды  дайындаудың  жаңа  моделін 

ұсынамыз. Бұл модель үш қағидаға негізделген және жаңа парадигмаға: еуроцентристік және Рухани 

сипатты  ойлау  бейнелерінің  интеграциясы  қағидасы,  яғни  оқыту-  тәрбиелеу  жүйесінің  Батыстық 

және  Шығыстық  әдістерінің  бірлігі  қағидасы.  Шындықты  танудағы  ғылым  дамуының  ішкі 

қарқындары  заңдылығын  ашу  және  пайдалану  қағидасы,  оны  адам  табиғатына  сәйкестендіру. 

Бүтіндей  педагогикалық  процесті  ашық  динамикалық  және  өзін-өзі  ұйымдастырушы  жүйе  ретінде 

қарастыру қағидасы. Субъектілі-объектілі-субъектілі қатынастар (парадигма). 

 


жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау