Кафедра Педагогикалық ғылымдар


Практикалық сабақтың тақырыбы



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет10/92
Дата04.01.2022
өлшемі1,38 Mb.
#31588
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92
seminar zhinag zhmp.pdf

Практикалық сабақтың тақырыбы

 

№4 БОЛОН ПРОЦЕСІ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ БІЛІМ 

БЕРУ  ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ  ИНТЕГРАЦИЯСЫ.  ҚАЗАҚСТАННЫҢ  БОЛОН  ПРОЦЕСІНЕ 

ҚОСЫЛУЫ 

 

Практикалық  сабақтың  мақсаты  мен  міндеттері:

  Әлемдік  білім  беру  жүйесінің  интеграциясы, 

Болон  үрдісі,  Қазақстанның  Болон  үрдісіне  қосылуындағы  мақсат-міндетттері  туралы  түсініктерін 

тереңдету. 

 

Практикалық сабақтың мазмұны

1.



 

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы 

2.

 

Болон процесінің басымдылықтары мен мақсаттары 



3.

 

Болон процесінің өлшемдері 



 

Болон процесі – Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды мақсат етіп, Италияның Болонья 

қаласында Еуропаның 29 мемлекетінің білім министрлері қол қойған декларация. Аталған құжат қол 

қойылған қаланың аталуына орай, Болон процесі атауына ие болған. 

Болон  процесі  (Болондық  қайтақұрылулар)  –  жоғары  білім  министрлерінің  Декларациясына 

сәйкес,  еуропалық  жоғары  білім  жүйесін  жақындату  процесін  белгілеу    үшін  жиі  пайдаланылып 

жүрген термин. (Париж, 1998; Болонья, 1999; Прага, 2001; Берлин 2003). 

Болон процесін дамыту және құрылым жөніндегі барлық сұрақтарға шешім қабылдайтын жоғары 

орган, екі жылда бір жиналатын,  қатысушы елдердің министрлер мәжілісі болып табылады. 

Министрлер мәжілістері арасында Болон процесінің басқарушы органы болып Болон жұмыс тобы 

(Bologna  Follow-up  Group)  болып  саналады,  оның  құрамына  әр  елдің  2-3  өкілі  кіреді,  әдетте  біреуі 

тиісті  министрліктен және  біреуі  елдің академиялық бірлестігінен. Болон  жұмыс тобына  сол  мерзімде 

Еуроодақта  төрағалық  ететін  елдің  өкілі  төрағалық  етеді.  Топ  Болон  процесі  сұрақтарына  қатысты 

халықаралық тақырыптық семинарлар кестесін бекіту, кезекті министрлер мәжілісіне ақпарат жинақтау, 

мәжіліске  енгізу  алдында  қатысушы  елдердің    баяндамаларын  талқылаумен  айналысады    және    т.б. 

Болон тобының мүшелерінен, келесі министрлер мәжілісі өткізілетін елдің, алдынғы жылы Еуроодақта 

төрағалық еткен елдің өкілдерінен бір жылға төрағалық ететін Кеңес (Board) сайланады, ол төраға және 

вице-төрағадан құрылады, сонымен қатар Еурокомисия өкілдері және дауыс беру құқығы бар Еуропалық 

университеттер  ассоциясының  мүшелері  (EUA),    Еуропалық  жоғары  оқу  орындары  ассоциясы 

(EURASHE) және Еуропа студенттерінің Ұлттық одақтарының (ESIB) өкілдері кіреді. 

Сонымен қатар хатшылық  құрылады: оның құрамына  министрлер мәжілісі өтетін елдің 3 Білім 

министрлігі  қызметкерлері  кіреді.  Хатшылық  Кеңес  пен  Топтың  жұмысын    қамтамасыз  етуге 

бағытталған  ұйымдастыру және техникалық жұмыстармен айналысады. 

Болон  процесінің негізгі  талаптарына  сәйкес қосылған  мемлекеттер өздерінің ұлттық  білім беру 

жүйесін  Болон  процесінің  негізгі,  ұсынбалы  және  факультативтік    өлшемдеріне  сәйкес  реформалау 

қажет. Болон процесіне қосылған елдердің оның идеяларын білім  беру жүйесіне енгізу және іске асыру, 

осы  процесс  шеңберінде  құрастырылған  өлшемдер  негізінде  іске  асады.  Бұл  өлшемдер  негізгі, 

ұсынбалы және факультативтік болып бөлінеді. Болон процесінің толыққанды қатысушысы болып 2010 

жылдың 11 наурызында  Қазақстан Болон  декларациясына қол  қойды.  Қазақстанның Болон  процесіне 

қатысуының негізгі мақсаты - европа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын көтеру. 

Қазақстанның  Болон  процесіне  қатысуының  негізгі  мақсаты  –  еуропалық  білім  беруге  қол 

жетімдігін кеңейту, отандық білім сапасын ары қарай жоғарылату, жоғары білімнің тиісінше сатыларын  

енгізу    және  кредиттер  жүйесін  қолдану,  отандық  жоғары  оқу  орындарын  бітірген  түлектерге  жалпы 

еуропалық  диплом  қосымшасын  беру  арқылы  студенттер  мен  оқытушылық  құрамның  академиялық 

икемділігін  жоғарылату. 

Болон  декларациясы  барлыгына  түсінікті    және    бір-бірімен    сәйес  келетін  академиялық 

дәрежелерді бекітті, ол дәрежеге дейінгі  және  дәрежеден кейінгі. Осыған байланысты  Қазақстан 2004 

жылдан  бастап  жоғары  және  жоғарыдан  кейінгі  білім  беру  құрылымын  енгізді:  бакалавриат- 

магистратура-докторантура (PhD). Бұл құрылым 2007 жылдың 27 шілдесінде қабылданған «Білім беру  

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңында бекітілді. 

Бүгінгі  таңда  Қазақстанның  жоғары  білім  жүйесінің  Болон  процесіне  қатысушы 

мемлекеттердің  білім  жүйесіне  барынша  ұқсас,  жақын  болып  келуі  бойынша  айтарлықтай  үлкен 

жұмыс  атқарылуда.  1997  жылғы  Лиссабон  конвенциясының  және  1999  жылғы  Болон 

декларациясының  ереже,  талаптарына    сәйкес  2003-2004  оқу  жылдарынан  бастап  Қазақстанның  бір 

қатар жоғары оқу орындарында кредиттік  оқу жүйесі енгізілді.  Қазақстан Республикасы жоғары  білім 

беру саласына кредиттік оқу жүйесін енгізудің басты мақсаты ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім 




11 

 

беру  кеңістігіне    тереңдеп  енгізу  және  ҚР  оқу    орындарын  бітіріп  шығушы  мамандардың  алған 



дипломдарын әлемдік еңбек нарығында ешқандай шектеусіз қолдануға болатынына қол  жеткізу. 

Қазақстанның Болон процесіне қосылуы қазақстандық университеттер үшін екі дипломдық білім 

беру, академиялық курстарды  өзара тану, халықаралық аккредитация сияқты және т.с.с. бірлескен  білім  

беру жобаларын жүзеге асыру үшін зор мүмкіндіктер ашады. 

Қазіргі уақытта екі дипломдық білім беру бағдарламасы еліміздің 37 жоғары оқу орнында іске 

асуда және келесі жоғары оқу орнында түлектер шығарылды. 

Қазақстаның  Болон  процесіне  қосылуы  тарихи  оқиға  болып  табылады  және  жоғары  кәсіптік 

білім  берудің  ұлттық  жүйесін  модернизациялауға  жаңа  серпін  берді.  Ынтымақтастық  және  әлемдік 

білім беру кеңістігіне интеграциялану – бұл Қазақстанның саясатының негізгі аспектілерінің және елдік 

сыртқы саясаты дамуының бірі болып табылады. 




жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   92




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау