12-ші тапсырма. Қазақстан аумағын тектоникалық аудандастыру
принципіне сəйкес дараланған негізгі құрылымдық элементтерді тиянақты
игеру үшін Н.Сейітов пен А.А.Жүнісовтің «Қазақстан геологиясы» оқу
құралындағы [4] «Қазақстан аумағы жер қыртысының басты-басты
құрылымдық элементтері» тарауымен (21-26 беттер) танысу жəне бұл
тарауды толықтай конспктілеу – 3 сағат.
13-ші тапсырма. Қазақстан аумағында докембрийлік жаралымдардың таралу
ерекшеліктерімен жақынырақ танысу үшін Н.Сейітов пен А.А.Жүнісовтің
«Қазақстан геологиясы» оқу құралындағы [4] «Қазақстан аумағындағы
кембрийге дейін тұрақтанған орталық массивтер мен блоктардың
геологиялық құрылысы мен жалпылама сипаты жайлы мəліметтер»
тарауымен (37-47 беттер) танысу жəне негізгі ұғымдарды конспктілеу – 3
сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |