Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
230
әлеммен өзара байланысы туралы білімді қалыптастырудың бірден-бір құралы
болып табылады.
«Көркем еңбек» пәнін оқытудың мақсаты – жеке тұлғаның қалыптасуы
және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін
дамыту,
шығармашылық,
кеңістіктік-образдық
ойлауын,
көркемдік-
технологиялық білімінің негізін қалыптастыру.
Оқу бағдарламасының мазмұны көркемдік-шығармашылық іс-әрекеттің
алуан түрін қарастырады. Сабақта іске асырылатын қөркемдік іс-әрекеттің
түрлерін «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі анықтайды. Сонымен бірге міндетті
түрде қөркемдік іс-әрекеттің үш түрі жүзеге асырылады: конструктивті,
бейнелеу, сәндік.
«Көркем еңбек» пәні бойынша қалыптастырушы бағалау өткізіледі. Пән
бойынша білім алушылардың қалыптастырушы бағалау нәтижелері оқушылар
мен ата-аналарға берілетін кері байланыс үшін материал болып саналады.
«Көркем еңбек» пәні бойынша жартыжылдық соңында және оқу жылының
соңында «есептелінді»/«есептелінген жоқ» бағасы сынып журналына
қойылады.
Оқу процесінде әр түрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек
гигиенасының және қауіпсіздік техникасының ережелерін сақтау қажет.
«Көркем еңбек» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 33 сағат;
2) 2-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.
«ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ»
БІЛІМ САЛАСЫ
Дене шынықтыру
«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты денені салауатты
шынықтыруға, спорттық-спецификалық қозғалу дағдылары мен дене бітімі
қабілеттерін меңгеруге бағытталған дене шынықтырудың негіздерін
қалыптастыру болып табылады.
Дене шынықтыру мұғалімі денсаулығына байланысты арнайы
медициналық топқа жатқызылған оқушылармен сабақ ұйымдастыру үшін дене
жаттығуларының өсіп келе жатқан ағзаға тигізетін ықпалы туралы жеткілікті
білуі тиіс.
Дене шынықтыру мұғалімдері оқушы организмінің анатомиялық-
физиологиялық ерекшеліктеріне (жетілуіне) сәйкес өздерінің педагогикалық
тәсілдерін бақылауы және өзгертуі тиіс.
Арнайы медициналық топтағы білім алушылардың шалдыққан
сырқаттарының ауырлығына және сипатына байланысты дене шынықтыру
сабақтарында дифференциалды оқыту үшін оларды А және Б кіші топтарына
бөлу ұсынылады:
1) А кіші тобы – денсаулықтары түрлі сырқаттармен әлсізденген, бірақ
қалпына келтіруге болатын ауытқулары бар білім
алушылар;