Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



жүктеу 5,05 Kb.
Pdf просмотр
бет124/137
Дата04.12.2017
өлшемі5,05 Kb.
#2856
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   137

Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
299 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының  ерекшеліктерін  ескере 
отырып, дарынды балалар үшін мектепке жылына 1500 сағат есебінен жоғары 
білікті  мамандармен  шарттық  негізде  жекелеген  курстар  мен  дәрістерге  ақы 
төлеу үшін қаражат бөлінеді. Ерекше дарынды оқушылармен бағдарламаларды 
жеделдетіп  өткізуді  ұйымдастырған  жағдайда  әр  міндетті  пән  бойынша  0,25 
ставка мөлшерінде қаражат бөлінеді. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарында  білім  беру  процесін 
ұйымдастыру, 
білім 
беру 
саласының 
уәкілетті 
органы 
бекітетін, 
мамандандырылған  білім  беру  ұйымына  арналған  үлгілік  оқу  жоспарлары 
негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары бойынша жүзеге асырылады. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдарының    жұмыс  оқу  жоспары  мен 
мамандандырылған оқу бағдарламаларын әзірлеуді дербес жүзеге асырады. 
Мамандандырылған  мектептердің  оқу  жұмыс  жоспарларын  білім  беру 
ұйымдарының  әкімшілігі  бекітеді  және  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 
ғылым 
министрлігінің 
«Дарын»  республикалық 
ғылыми-практикалық 
орталығымен,  білім  беру  саласындағы  жергілікті  атқарушы  органдарымен 
келістіріледі. 
Мамандандырылған  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  негізгі 
орта,  жалпы  орта  білім  берудің  жалпы  білім  беретін  оқу  бағдарламалары 
негізінде  әзірленеді  және  білім  алушылардың  ғылым,  мәдениет,  өнер,  спорт 
негіздерін  терең  меңгеруіне,  олардың  шығармашылық  әлеуеттері  мен  дарын-
қабілеттерін дамытуға бағытталған. 
Мамандандырылған  мектептер  оқу  жоспарының  вариативті  бөлігі 
құрамына  кіретін  және  бағыт  ерекшелігін  сипаттайтын  оқу  пәндері  бойынша 
жұмыстың оқу жоспары мен бағдарламаларын дербес жүзеге асырады. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымдары  олардың  жарғысында 
белгіленген нысандар, құралдар және оқу әдісін өздігінен таңдай алады.  
Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламалары  пәнаралық,  деңгейаралық, 
халықаралық  болып  бөлінеді.  Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламаларын  іске 
асыру үшін білім беру саласындағы ғалымдар, академиктер, шетел мамандары 
тартылады. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымы  ішкі  бейіндік  пәндері,  сондай-ақ 
кадр  әлеуеті  мүмкіндіктері  мен  білім  алушылардың  сұраныстарына  сәйкес 
қолданбалы курстар мен факультативтер саласындағы білімдерін анықтайды. 
Мамандандырылған  білім  беру  ұйымының  әрбір  деңгейінде  сынып-
комплект  саны  және  сыныптағы  білім  алушылар  саны  тиісті  жағдайлар  бар 
болғанда қалыптасады. 
Мемлекеттік (орыс тілінде оқитын сыныптар үшін) және орыс тілін (қазақ 
тілінде  оқитын  сыныптар  үшін),  ақпараттық-есептеу  техника  негіздерін, 
ритмика,  хореография,  музыка,  дене  шынықтыру,  технологияны  зерделеу, 
сондай-ақ,    зертханалық  жұмыстарды  жүргізу,  бейінді  пәндер  бойынша 
практикалық жұмыстарды жүргізу барысында сыныптар 2  топқа бөлінеді; шет 
тілін және шет тіліндегі  пәндерді оқу барысында – 3 топқа бөлінеді. 
Мамандандырылған білім беру ұйымдарынан сыныптарды қосымша бөлу 
жүйесі,  икемді  вариативті  сабақ  кестесі,  деңгейлеп  оқыту  жүйесі,  кеңес  беру 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
300 
және таңдау бойынша пәндер арқылы жалпы орта білім беру деңгейінде бейінді 
саралауды жүзеге асыру толық күн тәртібінде жұмыс істеуді талап етеді. 
Білім  алушылардың  оқу-тәрбие  қызметін  тиімді  ұйымдастыру  үшін  10 
сынып-комплектіге  психологтің  1  ставка  есебінен  психологиялық  қызмет 
құрылады,  егер  сынып-комплектінің  саны  көбейтілсе  психологтің  ставка 
мөлшерінің  саны  тиісті  жылға  қарастырылған  жалақы  қорына  байланысты 
көбейтіледі. 
Мамандандырылған  мектептер  оның  бейініне  сәйкес  жоғары  оқу 
орындарымен  және  басқа  да  ғылыми  мекемелермен  ынтымақтастықты  жүзеге 
асырады.  
Гимназиялардың  вариативтік  және  кәсіптік  бағдарланған  арнайы 
курстарының  оқу  бағдарламалары  жоғары  оқу  орындарының  тиісті 
кафедраларымен келісіледі. 
Мамандандырылған  мектептер  ақылы  қосымша  білім  беру  қызметтерін 
көрсетеді.  Ақылы  білім  беру  қызметтерін  айырбасқа  және  бюджеттен 
қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметі аясында жасалмайды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы 
 
301 
8  КЕШКІ  МЕКТЕПТЕРДЕГІ  ОҚУ-ТӘРБИЕ  ЖҰМЫСЫНЫҢ 
ЕРЕКШЕЛІГІ 
 
Кешкі мектеп және күндізгі мектептер жанындағы кешкі бөлімдер жалпы 
білім  беретін  пәндер,  таңдау  курстары  және  факультативтер  бойынша  негізгі 
орта  және  жалпы  орта  білім  берудің  үлгілік  оқу  бағдарламаларын,  сондай-ақ 
өзіндік  ерекшеліктері  мен  мүмкіндіктеріне  қарай  –  қосымша  білім  беру 
бағдарламаларын  іске  асырады.Кешкі  мектепте  және  күндізгі  мектептер 
жанындағы  кешкі  бөлімдерінде    білім  беру  күндізгі  оқу  нысаны  бойынша 
(сыныпта 15 бен 18 жас аралығында 20 білім алушы), сырттай оқу нысаны (10-
15  білім  алушы)  және  сырттай  жеке  оқу  тобы  (сыныпта  9  білім  алушы) 
бойынша жүзеге асырылады.  
Ерекше  жағдайларда  және  талапқа  сай  шарттар  болған  жағдайда,  кешкі 
мектепте қашықтықтан оқыту технологиясы жүзеге асыруы мүмкін.  
Оқытудың  барлық  нысандары  бір  білім  беру  ұйымының  шеңберінде 
жүзеге асырылады.  
Кешкі мектептегі оқу жылының ұзақтығы күндізгі оқу нысаны бойынша – 
34 апта, сырттай оқу нысанында – 36 аптаны құрайды. 
Күндізгі  оқу  нысаны  бойынша  оқушыларды  аттестаттау  тоқсан  сайын, 
сырттай оқу нысаны бойынша жарты жылдықтар бойынша жүзеге асырылады.   
Сыныпта 20 және одан да көп білім алушы болған жағдайда тек күндізгі 
оқу  нысаны  бойынша  орыс  тілді  мектептерде  қазақ  тілі  мен  әдебиетін,  қазақ 
тілді  мектептерде  орыс  тілі  мен  әдебиетін,  шет  тілдері  және  информатиканы 
топтарға бөліп оқыту жүргізіледі. 
Қатаң  және  ерекше  тәртіптегі  жабық  мекемелер  жанындағы  кешкі 
мектептерде  сыныптағы  оқушы  саны  10  адамнан  аспайды,  топқа  бөліп  оқыту 
жүргізілмейді.  
Мектепте  білім  беру  процесін  ұйымдастыру  жалпы  білім  беретін  оқу 
бағдарламаларымен, оқу жұмыс жоспарымен реттеледі. 
Кешкі  мектептің  оқу  жоспарында  тек  негізгі  пәндерді  сағат  санын 
қысқарта  отырып  (міндетті  апталық  жүктеме  (Инвариантты  компонент)  22 
сағат)  оқыту  қарастырылады.  Кешкі  мектепте  технология,  бейнелеу,  дене 
тәрбиесі, АӘД сабақтарын оқыту қарастырылмаған. 
Вариативтік  компонент  бойынша  әр  сыныпқа  аптасына  3сағаттан  артық 
қарастырылмайды. 
Кешкі  мектеп,    негізгі  оқу  пәндері  бойынша  (қазақ  тілі,  қазақ  әдебиеті, 
орыс  тілі,  орыс  әдебиеті,  алгебра,  геометрия,  Қазақстан  тарихы,  дүние  жүзі 
тарихы,  құқық  негіздері,  география,  биология,  физика,  химия,  шет  тілі, 
информатика  (Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптары  үшін  (қазақ 
және  орыс  оқыту  тілі)  ҚР  Білім  және  ғылым  министрінің  2013  жылғы  3 
сәуірдегі  №  115  бұйрығына  қосымша)жаңартылған  білім  беру  мазмұны 
бойынша  ұсынылған    Үлгілік  оқу  бағдарламаларын  өзінің  білім  беру 
қызметінің ерекшелігіне қарай бейімдеп алуға мүмкіндігі бар.  
Әр сыныпта оқыту аптасына 3-4 күнде жүзеге асырылады. Сырттай оқыту 
нысаны бойынша білім беруді сессиялық тәртіпте жүргізуге болады. 


жүктеу 5,05 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   137




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау