Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
256
факторларды анықтайды және оны жақсарту жолдарын ұсынады. Осының
арқасында, әрбір оқушы зерттеу жолын жеке меңгереді және қандай да
болмасын физика заңдылығына қатысты қорытындыны жасай алады. Мысалы,
сұйықтықтың кинематика саласындағы зертханалық жұмыстар кешенін
орындау оқушылардың қазіргі күні сұранысқа ие «Мұнай-газ ісі»,
«Жылуэнергетика», «Сумен қамтамасыз ету» мамандықтарын сәтті игеруіне
дайындай алады.
«Орындалуға міндетті тәжірибелік және зертханалық жұмыстар тізілімі»
оқушыларға пән бойынша жаңа білім алып, зерттеу машықтарын дамытуға
мүмкіндік беретіндей етіп іріктелген.
Жаңартылған бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – физика
шамаларын тәжірибе жүзінде анықтау, қолдағы құралдармен тәжірибе өткізу,
көрсеткіштерді оқи білу және нәтижені талдау. Осыған байланысты, бұл
қосылған тәжірибелік есептердің есесінен, оқу бағдарламасының әрбір
бөлімшесі кем дегенде 3 практикалық жұмыстардан тұрады:
ауырлық күшін зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі 7 сынып);
түрлі денелердің созылуын зерттеу («Кинематика негіздері» бөлімшесі
7 сынып);
жұмыстың мәнін график бойынша анықтау («Кинематика негіздері»
бөлімшесі 7 сынып);
ауырлық күші мен үйкеліс күшінің жұмысын салыстыру («Динамика
негіздері» бөлімшесі 7 сынып);
көлік түрлерінің қуатын бағалау («Сақталу заңдары» бөлімшесі 7-
сынып);
үстел теннисіне арналған шариктің тебілу биіктігін анықтау («Сақталу
заңдары» бөлімшесі 7-сынып);
күштің айналу осіне дейінгі қашықтыққа тәуелділігін зерттеу
(«Статика» бөлімшесі 7-сынып);
7-сыныптарға арналған «Физика» пәнінің жаңартылған мазмұндағы
үлгілік оқу бағдарламасы 10 зертханалық жұмыс және 22 практикалық
жұмыстан тұрады.
7-сыныпта физиканы оқыту математикадан өтілген білім мазмұнымен
байланысына негізделеді. Мұғалім оқушылардың 6-сыныпта математиканы
оқығанда қандай білім алғанына, 7-сыныпта математика сабақтарында нені
қарастыратынына сүйенеді. Мұнда 7-сынып оқушылары қазірдің өзінде
координаталық жазықтық және теріс сандармен, әріппен белгілеумен таныс
екендігі, формуланы жаза аладытыны есте болу керек. Олар бүтін және бөлшек
сандармен әрекеттерді орындауды біледі, арифметикалық ортаны таба алады,
сызықтық теңдеулерді шешеді. Оқу жылының ішінде оқушылардың
математикалық дайындығы екі белгісізі бар теңдеулер туралы білімімен
толықтырылады, олар функция ұғымын және оның графикалық көрсетілімін
меңгереді.
Физика және химияда көптеген ортақ ұғымдар зерттеледі: атом,
молекула, физикалық және химиялық құбылыстар, масса, дененің агрегаттық
Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
257
күйі. Осы шамаларды және оларды қолдану мен түсіндіруде бірдей анықтаманы
қолдану қажет.
Физика мен биологияда өзарабайланысы ретінде жалпы және ішінара
пайымдау болады. Табиғаттың біртұтастығын түсіну қабілеті және физика
заңдарының әсері туралы білімі оқушылардың биологиядан алған білімдерін
кеңейтуі мүмкін. Ол биологияның әдістерін физикамен байланыстырып
пайдаланануды қарастыруға ықпал етеді.
Жаңартылған білім беру мазмұнында жетістікке қол жеткізу үшін
мыналарды жасау ұсынылады:
ғылыми тілді қалыптастыру мақсатында оқушылардың сөздік қорын
байыту, үш тілдегі физикалық терминологиямен таныстыру бойынша жүйелі
жұмыстар жүргізу;
физикалық процестерге диаграммалар, сызбалар, жалпылама және
талдау кестелерін жасай білу дағдыларын, баяндау, сипаттау, салыстыру,
графикті талдау, қорытынды жасау және жалпылама қорыту (жазбаша және
ауызша); дағдыларын қалыптастыру
есептердің шешімін сауатты ресімдеуге назар аудару;
жүргізілген тәжірибелік және зертханалық жұмыстар бойынша
кеңейтілген жазбаша есептерді немесе ауызша баяндамаларды дайындай білуді
дамыту;
оқушылардың ауызша және жазбаша сөйлеу мәдениетін, олардың
пікірлерінің қисындылығы және дәлелдермен түйінделу дәрежесін арттыру.
Оқу бағдарламасының келесі бөлімдері бойынша тақырыпты оқу
күрделілігі және тереңдігі деңгейіне назар аудару қажет:
- «7.2.1.4 үдеудің не білдіретіндігін түсіну» - есептерді шешуде
формулалар қолданбай, «үдеу» түсінігінің өзін ғана енгізу. 7-сынып деңгейінде
үделген қозғалыс және «үдеу» түсінігі тек негізгі деңгейде оқытылады,
сәйкесінше жылдамдықтың уақытқа тәуелділігі графигінің астында ауданды
есептеу, тікбұрыштың ауданын есептеуге келтіріледі.
- «7.1.1.7 графикалық әдіспен бір түзу бойымен бағытталған векторды
қоса және ала білу» - оқушыларға қиын емес есептер ұсыну және әр түрлі
денелердің қозғалысының нақты мысалында жақсы меңгерілетін «вектор»
бастапқы түсінігін енгізу ұсынылады.
- 7.3 «Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы»
бөлімінде
«Торричелли
тәжірибесі»
және
«Атмосфералық
қысым»
тақырыптары қаралады.
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 7 сыныпта –
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
«Химия» пәні білім алушылардың дүниетанымдық көзқарасын
дамытуда, әлемнің тұтас ғылыми бейнесін қалыптастыруда маңызды рөл
атқарады. Бұл пән оқушыларға заттардың әртүрлілігі мен олардың
өзгерістерінің маңыздылығын түсінуге көмектеседі. Жаңа заттарды алу
мүмкіндіктерін аша отырып, оқушыларды қоршаған ортаның экологиялық
Достарыңызбен бөлісу: |