Әдістемелік-нұсқау хат/2017-2018 оқу жылы
246
Сонымен қатар проблемаларды өнертапқыштықпен шешу теориясы
ерекшеліктерін дамыту және проблемалық-бағдарланған оқыту технологиясын
пайдалану, оқу курсы мазмұны арқылы өз білімін толықтыру мен
бағдарламаның құрамдас бөліктерін өздігінен қолдана білу қабілетін,
оқушылардың
интеллектуалдық
және
шығармашылық
қабілеттерін,
когнитивтік мүдделерін дамытуға назар аудару керек.
Бұл білім саласы пәндерінің мазмұны бөлімдер бойынша берілген.
Бөлімдер атаулары төмендегі кестеде келтірілген.
65-кесте – Оқу бағдарламалары бөлімдерінің атаулары
Математика,
5-сынып
Алгебра,
7-сынып
Геометрия,
7-сынып
Информатика,
5-сынып
Информатика,
7-сынып
Сандар
Геометрия
Компьютерлік жүйелер
Алгебра
Ақпараттық
процестер
Статистика
және
ықтималдықтар теориясы
Компьютерлік ойлау
Математикалық тіл және
математикалық
модель
Денсаулық
және қауіпсіздік
Бөлімдер бөлімшелерге бөлініп, әр бөлімшені оқып игеру сыныптар
бойынша күтілетін нәтижелер түрінде оқу мақсаттары жүйесінде көрсетілген:
дағдылар немесе біліктер, білім немесе түсініктер.
Сонымен қатар, жаңартылған мазмұндағы оқу бағдрламаларында барлық
пәндер бойынша ұзақ мерзімді жоспар берілген. Онда курс материалы
тоқсандарға бөлініп көрсетілген. Ұзақ мерзімді жоспарда тақырыптарды
игеруге және бөлімшелерді игеруге жұмсалатын сағат сандары көрсетілмеген.
Бөлімшелердің арасында сағат санын бөлу құқығы практик-мұғалімге берілген,
бірақ материал көрсетілген тоқсанда толық оқытылып болуы тиіс.
2013 жылғы оқу бағдарламаларымен салыстырғанда оқу пәндердің
базалық мазмұнында аздаған өзгерістер бар.
1. 5-сынып, «Математика» оқу пәні.
2017-2018 оқу жылы 5-сыныпқа бастауыш сыныптарда қолданыстағы
бағдарлама бойынша оқытылған оқушылар келеді. Сондықтан, 5-сыныпта
«Математика» оқу пәнінің базалық мазмұны, шамалы өзгерістерді
қоспағанда толығымен бұрынғыдай қалды. Атап айтқанда, қолданыстағы оқу
бағдарламасымен
салыстырғанда
жаңартылған
мазмұндағы
оқу
бағдарламасында «Жиын» тарауы және «шиыршық» принципін сақтау
мақсатында «Кеңістік фигураларының жазбалары» тарауы қосылған, оларды
оқуға оқу жылына берілген 170 сағаттан сәйкесінше 5 сағат және 3 сағат
бөлінеді.
Сонымен қатар базалық мазмұн тарауларын оқып игеруге бөлінген
сағаттарда айырмашылық бар. «Натурал сандар және нөл саны» тарауын
игеруге шамамен 15 сағат бөлінген. Қалған тарауларды игеруге бөлінген сағат