Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
53
2. 2- суретте көрсетілген сұранысты орындау нәтижесінде КЗТТ
таблицасына алаңдары үшін кесідей мәндері бар жазба өшіріледі: Фамилия и
инициалы – Иванов А.К., Статус – договорник, Начислено - 50000.
SQL-сұраныстарымен жұмыс істеуге кіретіндер:
Сұраныс жасау;
Сұранысты өзгерту;
Сұранысты орындау;
SQL-сұраныс жасау үшін , Fіle/New/SQL Fіle командасын пайдаланып,
SQL Edіtor терезесін (1-сурет) ашып,ол жерде SQL-сұраныс текстін жазу
керек.
Кез келген құжат сияқты, сұранысты да дискте текстік файл ретінде
сақтауға (Save), басқа атпен сақтауға (Save as), және өзгертуге (SQL Edіtor
терезесінде) болады. Сонымен қатар, алдында сақталған сұранысты ашуға
болады (Open).
SQL-сұранысты орындау үшін SQL/RUN SQL командасын орындау
қажет.Дұрыс құрылған запрос нәтижесінде жазбалары сұраныс талабына сай
іріктелген терезені көруге болады.(2-сурет)
Сұраныстарды визуалды құрастыру
Сұранысты құрастыруды ыңғайластыру мақсатында Fіle/New/QBE
Query командасымен шақырылатын визуалды құрастырғыш қолданылады.
Бұл команда орындалғанда, Select Fіle терезесі ашылады, мұнда мәліметтері
негізінде сұраныс құрастырылатын таблицаның негізгі файлының аты
көрсетіледі. Файл таңдалған соң және Open кнопкасы басылғаннан кейін,
визуалды құрастырғыш терезесі (2. 5 - сурет) пайда болады.
Бұл терезеде таблицаның аты мен оның барлық алаңдары көрсетіледі.
Әр алаң атының астында жалауша мен текстік алаң бар. Визуалды
құрастырғыштың көмегімен:
Сұранысты үлгі бойынша құрастыруға және өзгертуге;
Сұранысты үлгі бойынша орындауға;
Сұранысты SQL-сұраныс үлгісі бойынша сақтауға болады.
‡лгі бойынша сұраныста жұмыстың көп бөлігі визуалды құрастырғыш
терезесінде орындалады, мұнда таблицаның әр алаңы үшін таңдау және
сұрыптау шарттары қойылады. Ол үшін таблица атының алаңына
(жалаушаның сол жағына) тышқанның оң кнопкасын басу арқылы пайда
болған контекстік менюден сұраныс түрлері түрлері таңдалады:
Бос жол-таблица жазбаларын таңдау және өзгерту;
INSERT-таблица жазбаларын өзгерту;
DELETE-таблицадан жазбаларды өзгерту;
SET-таблицадағы жазбаларды салыстыру;
Сұранысты орындау үшін Query/Run Query командасын орындау қажет.
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
54
Визуалды сұранысқа сай сұраныс текстін алу үшін, Query/Show SQL
командасын орындау, немесе инструменттер панеліндегі SQL -деген жазуы
бар кнопканы басу қажет. Сұраныс конструкциясында қате болмаған
жағдайда автоматты түрде SQL Edіtor терезесі ашылады. Ал қате болған
жағдайда SQL-сұраныс редакторының терезесі ашылмайды, оның орнына
қате жайында хабарлама беріледі.
Сұранысты дискте сақтауға (Save), немесе басқа атпен сақтауға (Save
as) болады. Сонымен қатар, алдында сақталған сұранысты ашуға болады.
(Open).
Delphi ортасында мәліметтер қорымен жұмыс істеу.
Мәліметтер қоры бір каталогта орналасатын бірнеше кестеден тұрады.
Каталог жаңа мәліметтер қоры үшін әдеттегі жағдайдағыдай құрылады,
мысалы Проводниктің көмегімен құруға болады. Кестені Delphi құрамына
кіретін Borland Database Desktop утилитін қолданып немесе мәліметтер қоры
серверіне SQL-сұранысты қолдану арқылы құруға болады. BDE кітапханасы
мәліметтер қоры файлына кіру үшін, файл орналасқан каталогты емес, оның
псевдонимін пайдаланады, онда жаңа мәліметтер қорының кестесін құрудан
бұрын, осы мәліметтер қоры үшін псевдоним құру қажет.
Сонымен, мәліметтер қорын құру процесін келесі қадамдардың тізбегі
түрінде көрсетуге болады:
▪ Каталог құру;
▪ Псевдоним құру;
▪ Кесте құру.
Каталог құру. «Телефон кітапшасы» мәліметтер қоры мысалы
негізінде \Проекты каталогында Телефон каталогын және оның ішінде Data
ішкі каталогын құру қажет.
Псевдоним құру
Мәліметтер қоры псевдонимі Delphi-ге кіретін BDE Administrator
утилиті көмегімен құрылады, ол Windows-тан Проводник-Borland Delphi 7
мәзірінен BDE Administrator командасын таңдап жіберу арқылы орындалады.
BDE Administrator жүктелгеннен кейінгі сұхбат терезесінің түрі суретте
көрсетілген (2.6-сурет).
Databases қосымшасында, терезенің сол жақ бөлігінде компьютерде
тіркелген, псевдонимдер көрсетілген. Жаңа псевдоним құру үшін, Object
мәзірінен New командасын таңдау керек. Сосын ашылған New Database Alias
(мәліметтер қорының жаңа псевдонимі) сұхбат терезеде Database Driver
Name тізімінен құрылатын мәліметтер қорының типін таңдау қажет.
Псевдоним құру барысында қалыпты жағдайда, Paradox форматында
кестеге кіруге мүмкіндік беретін STANDART драйвері ұсынылады (2.7-
сурет).
Ф ҚазҰПУ 0703-10-09 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Екінші басылым
55
Драйверді таңдап болған соң, ОК түймесін басу керек, сонда
псевдоним тізіміне жаңа элемент қосылады (2.8-сурет).
Бұдан соң администратордың көмегімен автоматты түрде құрылған
псевдонимнің атын және псевдоним құрылатын мәліметтер қоры файлының
жолын көрсету керек. Псевдоним атын Windows тәсілімен өзгертуге болады:
псевдоним атына тышқанның оң түймесін басу, шыққан контекстік мәзірден
Rename командасын таңдау және ашылған сұхбат терезеде жаңа атты енгізу.
Мәліметтер қоры файлы жолын Definition қосымшасының Path
алаңында пернетақтадан немесе Path алаңының соңында орналасқан үш
нүктелі түймеге шерту арқылы ашылатын Select Directory Path (Каталогты
таңдау) стандартты сұхбат терезесін пайдаланып көрсетуге болады (2.9-
сурет). «Телефон кітапшасы» мәліметтер қорын үшін Telefon псевдонимін
құрғаннан кейінгі BDE Administrator терезесінің түрі, мысал ретінде келесі
суретте келтірілген (2.9-сурет).
Құрылған псевдоним конфигурация файлында (Idapi.cfg) тіркелген
болу үшін, Object мәзірінен Apply командасын таңдау керек. Ашылған
Confirm сұхбат терезесінде конфигурация файлындағы өзгерісті сақтау
керектігін растау қажет.
Кесте құру
Delphi құрамына кіретін Database Desktop утилитінің көмегімен кесте
құрылады. Database Desktop утилитасы мәліметтер қорымен жұмыс істеуде
қажетті барлық әрекеттерді орындауды жүзеге асырады. Ол әртүрлі
форматтағы мәліметтер қоры кестелерін құруды (Paradox, dBASE, Microsoft
Access), қарап шығуды және өңдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар,
утилита сұраныс құру жолымен ақпараттарды таңдауды орнындауға да
көмектеседі.
Жаңа кесте құру үшін, Tools мәзірінен Database Desktop командасын
таңдап, Database Desktop жүктеу. Database Desktop утилитасының шыққан
терезесінен File мәзірінен New командасын таңдау керек және шыққан
тізімнен Table-құрылатын файлдың типін таңдау (2.10-сурет).
Сосын Create Table ашылған сұхбат терезесінде құратын кестенің типін
таңдау (мәні келісім бойынша Paradox 7 типі болып табылады) (2.11-сурет).
Нәтижесінде кестенің жазбаларының құрылымын анықтайтын, Create
Paradox 7 Table (2.12-сурет) сұхбат терезесі ашылады.
Кестенің әрбір өрісі үшін, өріс атын, типін және керек жағдайда өріс
мөлшерін енгізу қажет. Field Name бағанына енгізілетін, өріс аты ретінде
ұзындығы 25 символдан аспайтын латын әріптері мен цифрлар тізбегі
пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |