Сабақтарды өткізу әдістемелік құрал



жүктеу 0,72 Mb.
Pdf просмотр
бет16/25
Дата01.12.2017
өлшемі0,72 Mb.
#2566
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25

34 

нәтижесінде  оқушылардың  оқылатын  материалға  оңды  көзқарасын 

қалыптастырады.  

Ресурстық  орталықтарда  компьютердің  қолданылу  мүмкіндігінің 

кеңейтілуі  мультимедиялық  технологиялардың  пайдаланылуына  жағдай 

туғызады.  Бұл  технологияның  арқасында  оқытушы  оқылатын  материалдың 

көрнекілік  деңгейін  түрлі  сызбанұсқаларды,  суреттерді,  кестелер  мен 

бейнетаспаларды  демонстрациялау  ар

қылы  айтарлықтай  арттыра  алады, 

сондай-ақ  мультипликациялық  құралдардың  көмегіменен  қозғалмалы 

көрнекіліктермен  қамтамасыз  ете  алады.  Көрнекі  материалды  қажетті 

мөлшерде  таңдауға  мүмкіндік  пайда  болады.  Оқытушы  сабаққа  әзірленгенде 

сабақтың  мақсат,  міндеттері  мен  бағдарлама  «беттерінің»  парақталу  ырғағы 

және  анимацияның  жіберілуінің  өз  сөзінің  ырғағымен  үйлесуін  қадағалай 

алады.  

Іс жүзіндегі оқиғалар мен үрдістерді ресурстық орталық жағдайында оқып 

зерттеу мүмкін емес. Бұл жағдайда бағдарламаға салынған модельдерге сәйкес 

оқып  үйренетін  үрдістерді  басқару  қызметін  бейнелеуге  мүмкіндік  беруші 

таптырмайтын  бейнелеуші құрал  компьютер  болып  табылады.  Мысалы, 

«

өсімдіктер»  курсындағы  практиклық  жұмыстар  –  бұл  «Бөлме  өсімдіктерін 



күтіп  баптаудың  көктемгі  жұмыстары;  Мектептің  тәжірибе  учаскесі  үшін 

тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру». Егер осы практикалық жұмыстарда 

дағды  нақты  да  дұрыс  қалыптасатын  болса,  онда  көптеген  қателіктерден 

аулақтатады. Бірақ осы практикалық жұмыстарды орындауға бар болғаны бір-

екі сағат қана бөлінген.  

Компьютерді жүргізілуі күрделі тәжірибелерді көрнекілеу үшін ғана емес, 

сонымен қатар оны күрделі биологиялық және экологиялық үрдістерді олардың 

негізгі кезеңдерін модельдеуге пайдалануға болады.  

Қазіргі жағдайда компьютерлік бағдарламалар ойын түрінде қолданылады.  

Оқушыларға түрлі тақырыпта практикалық жұмыстар тапсырылады.  

Орта  білімні

ң  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес,  Қазақстан 

Республикасының 

жалпы 


орта 

білім 


және 

білім 


мазмұнының 

тұжырымдамаларын,  жа

ңа  базистік  оқу  жоспарын  құрастыру  кезінде 

орталықтан  басқарылатын  білімнен  бас  тарту  және  оның  үрдістік  және 

дамытушылық  жағына,  өз  бетімен  білім  алу  тәсілдеріне  басымдылық  беру 

көзделген.  

Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесінде: практикалық жұмыстарды 

орындау, яғни зерттеу әдістерін; проблемалық оқыту әдістерін; жобалап оқыту 

әдістерін қолдану бұл оқушылардың білімінің өзектілігін талап ететін күрделі 

мәселелердің  шешімін  іздестіру  мен  шешуге,  анализге,  жеке  фактілерден 

заңдылықтар  шығару  дағдыларына,  проблемалық  жағдаяттарға  негізделген 

әдістер;  оқу-әдістемелік  кешеннің  болуы;  технологизациялау  білім  беру 

педагогикасы мен практикасының жаңа бағыты орын алуы тиіс.  

Біздің  республикамыздағы  осындай  оқыту  технологиялар  қатарына  Ж.А. 

Қараевтың  «Деңгейлеп  саралап  оқыту»,  М.М.   Жанпейісованың  «Модульдік 

оқыту»,  Т.  Тұрғымбаеваның  «Дамыта  оқыту»,  Н.Н.  Нұрахметов 

«Шоғырландырып-қарқындап  оқыту»,  Т.Т.  Ғалиевтың  «Жүйелік  тұрғысынан 



35 

оқыту» технологияларын атауға болады.  

Биология пәнін оқыту  үрдісінде оқушылардың зертханалық, практикалық 

жұмыстарын  қолданудың  тиімділігін  төмендегідей  мақсатты  да  жоспарлы 

дидактикалық ұстанымдар мен әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады:  

оқу  процесіндегі  оқушылардың  танымдық  әрекеттерін  топтық,  жеке, 



ұжымдық, жарыс, оқыта үйрету ойындары түрінде ұйымдастыру;  

биологияны  оқыту  барысында  оқушылардың  практикалық  іс-әрекетіне 



баса көңіл бөлу;  

оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдануды жүзеге асыру;  



сыныптан тыс практикалық жүмыс түрлерін ұйымдастыру;  

осы  жұмыстарды  ұйым дастыруда  алдын-ала  дайындалған  әдістемелік 



нұсқауға сүйену.  

Осы  айтылғандардың барлығы да  педагогтарды  оқушылардың  өз  бетімен 

білім ала білу қабілетін дамытуға, оқу -тәрбие міндеттерінің шеңберін кеңейтіп 

бір мезгілде шешуге бағыттайды.  



 

 

2.1 

Биология  п

ә нінен  зертханалы

қ  және  практикалық  сабақтарды 

ресурстық орталықтарда ұйымдастыру әдістемесі, оның ғылыми негізі  

 

Биология  пәнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарды  ресурстық 



орталықтарда  ұйымдастыру  әдістемесі  жағын  жинақты  мектеп,  ресурстық 

орталықтардың биолог оқытушылары мен ұстаздарын дайындауда аса маңызды 

болып есептеледі.  

Әдістеменің  (методика)  міндеттері  –  әдіснама  көмегімен  жасалған 

теориялық жағдайларды практикалық әрекеттер түріне айналдыру.  

Биология  пәнінен  зертханалық  және  практикалық  сабақтарды  ресурстық 

орталықтарда ұйымдастыру әдістемесі - пән ерекшеліктеріне негізделген, оқыту 

мен  тәрбиелеу  үрдісі  элементтерінің  жиынтығын  беретін  ғылым.  Әдістеме - 

педагогикалық  ғылым,  сондықтан ол  әлеуметтік  сұраныс және педогогикамен 

анықталған  жалпы  білім  беру  мен  т

әрбиелеудің  мақсат,  міндеттеріне  сәйкес 

құрылады.  Биология  пәнінен  практикалық  сабақтарды  ұйымдастыру  барлық 

шағын  жинақты  мектеп  пәндеріне  ортақ  дидактикалық  принциптер  мен 

жағдайларға  негізделіп  оны  нақты  биологиялық  материалдарды  оқыту 

әдістемесіне өзгертеді.  

Әдістеме  оқушыларға  жақсы  да  саналы  түрде  білім  игерудің  және  оны 

өмірде  дұрыс  пайдалана  алу  біліктілігінің  тиімді  тәсілдері  мен  құралдарын 

көрсетеді.  Практикалық  сабақтар  барысында  оқушылардың  кәсіби  білімі  мен 

дағдылары қалыптасады.  

Әдістемеге  мыналар  жатады:  оқу  пәнінің  мазмұны  (оқу  нысанын  таңдап 

алу,  оның  жүйесі  мен  құрылуы);  оқыту  мен  тәрбилеудің  әдістері  мен 

формалары (бұл элементтер бірлікте болып оқушылардың жас ерекшеліктеріне 

сәйкес  бір-біріне  себепші  болады); әдістеме  оқу  жұмысының  құралын  (оқу 

құралын, оқулық) анықтайды.  

Әдістеме  оқушыларда  қалай  дұрыс,  аса  пәрменді  және  мақсатқа  сәйкес 



жүктеу 0,72 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау