1
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы
«БИОЛОГИЯ» ПӘНІНЕН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ
САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ
Әдістемелік құрал
Астана
2014
2
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ғылыми Кеңесі
ұсынған (Хаттама № 6, 22 шілде 2014 ж.).
«Биология» пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу:
Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атында
ғы Ұлттық білім
академиясы, 2014. – 64 б.
Ұсынылып отырған әдістемелік құралда мемлекеттік жалпыға міндетті
білім беру стандартына с
әйкес
шағын жинақты мектептер мен ресурсты
қ
орталықтарда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды
өткізудің әдіснамалық негіздері қарастырылған. «Биология» п
ә
нінен
зертханалық және практикалық сабақтардың түрлері және оларды жаңаша
оқыту технологиялармен өткізу әдістемесі берілген.
Бұл әдістемелік құрал шағын жинақты мектеп пен тірек мектеп (ресурстық
орталық) мұғалімдеріне, білім саласы әдіскерлеріне және осы саланы
зерттеушілерге арналған.
© Ы.
Алтынсарин атындағы Ұлттық
білім академиясы, 2014
3
Алғы сөз
Биология ғылымы – эксперименталдық ғылым. Оқушылардың биологияға
деген қызығушылығын дамыту үшін зертханалық және практикалық
сабақтардың маңызы орасан зор. Зертханалық, практикалық сабақ кезінде
оқушылар бұрын сабақта алған білімдерін практикада өз бетімен жұмыс жасау
кезінде ұштастырып, білім деңгейін кеңейте алады. Сондықтан шағын жинақты
мектептерде биология пәнінен өтікізілетін зертханалық, практикалық сабақтар
өз мәнінде өткізіліп, оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, білімге деген
құштарлығын ұштау қажет деп ойлаймыз.
Қазіргі таңда биология пәнінен зертханалық және практикалық сабақтарды
өткізудің жалпыға бірдей қабылданған жан-жақты әдістемесі жоқ екендігін айта
кеткеніміз жөн. Дегенмен, іс жүзінде шағын жинақты мектепте зертханалық
және практикалық жұмыстарды өткізуге толық жағдай жасалмағандықтан,
оларды ресурстық орталықтарда өткізу ге мүмкіндік жасалып отыр.
Биология пәні нен зертханалық және практикалық сабақтарды өткізу
барысында МЖББМС (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23
тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпы
ға міндетті білім беру
стандарты, «Жаратылыстану» білім саласы п
әндерінің оқу бағдарламаcы
(
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3
сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген), жалпы білім беретін мектептер туралы
нормативтік құжаттар, «Шағын жинақты мектеп және тірек мектебі (ресурстық
орталық) қызметін ұйымдастыру Ережесі» (ҚР Білім және ғылым министрінің
2013 жылдың 17 қыркүйегіндегі №375 бұйрығы) басшылыққа алынады [1-3].
Оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту үшін барлық бақылаулар мен
зерттеулер жүйелі және жоспарлы түрде жүргізіліп, жұмыс мақсаты нақты және
оған қол жеткізу мүмкіндігі болуы керек.
Бүгінгі күні бұл талаптарды орындау шағын жинақты мектептер (әрі қарай
ШЖМ) үшін мүмкін болмай отыр. Себебі шалғайда жатқан ауыл
мектептерінде, яғни ша ғын жинақты мектептерде жоғарыда көрсетілген
биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстарды өткізуге жағдай
жасалмаған. Сондықтан қазіргі күні бұл жұмыстарды шағын жинақты
мектептерді біріктіретін жақын маңдағы тірек мектебі (ресурстық орталық) (әрі
қарай – ТМ (РО)) базасында ұйымдастыру жағы қарастырылуда. ТМ (РО) де
оқушыларға пәндік және сыныптан тыс жұмыстар, эксперименттік зерттеу,
практикалық жобалау іс әрекеттері бойынша өзіндік жұмыстар ұсынылады.
Әрбір ресурстық орталыққа бірнеше ШЖМ бекітілген. ШЖМ оқушылары
үш
рет (оқу жылының басында, ортасында және соңында) 3 - 10 күннен (сессия)
тірек мектептерінде білім алады әрі онда аралық және қорытынды аттестаттау
тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектепте оқыту тірек мектеп
мұғалімдерінің қатысуымен және қашықтықтан оқыту технологияларының
көмегімен
жүргізіледі.
Осылайша,
ресурстық
орталықтар
ШЖМ
оқушыларының сапалы білімге қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Тәжірибе көрсеткеніндей, ресурстық орталықтарда биология пәнінің