«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет24/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

  

Әуе байланыс желілері 

  

419. Электрленген темір  жол, трамвай және троллейбус жанасу жүйесінің сымдарын 



қиып  ӛтетін  ӘБЖ  сымдарының  қиылыстарын  орнату  және  жӛндеу  әзірленген  ЖӚЖ-ге 

сәйкес  байланыс  желісінде  қашықтық  (аудан)  ӛкілінің  қатысуымен  байланыс  желісін 

жұмыс орнында ажырату және жерге тұйықтау кезінде жүзеге асырылады. 

420. Елді мекен кӛшелерінде электр беру желісі сымдарының үстінде сымдарды тарту 

кезінде  жүргіншілер  мен  кӛліктерге  ескерту  үшін  жалауы  бар  дабыл  берушілерді  қоюы 

қажет. 


421. Жұмыс басталар алдында ӘБЖ сымдарында (сым мен жер арасында) 42 В жоғары 

кернеудің жоқтығын тексеру қажет. 

ӘБЖ сымдарында 42  В жоғары кернеу табылған жағдайда кернеудің болу жағдайын 

анықтағанға  дейін  және  оны  42  В  тӛмендеткенге  дейін  жұмысқа  кірісуге  рұқсат 

берілмейді. 

422. Туынды кернеудегі ӘБЖ сымдарын жерге тұйықтау тасымалды жерге тұйықтау 

құралын салу үшін штангының кӛмегімен дренажды орауыш арқылы орындалады. 

423.  Туынды  кернеудегі  ӘБЖ-де  жұмыс  кезінде  жазылатын  және  құрастырылатын 

сымдар  аралықтың  басында  және  тікелей  жұмыс  орнында  жерге  тұйықталады.  Жерде 

жатқан сым желі сымымен және келесі учаскелерде жазылған сымдармен жанаспауы тиіс. 

Салбырау  бойын  реттеу  және  сымды  учаскеге  бекіту  оны  алдындағы  учаскенің 

сымына жалғағанға дейін жасау керек. Жұмыс орында сымдардың жекелеген учаскелерін 

қосар алдында тұйықталатын орынның екі жағынан жерге тұйықталуы тиіс. 

  

  

Радио және радио-реле желілері 

  

424.  Транзисторларда  және  микросхемаларда  орындалған  радио  аппаратурасымен 



нұсқау  бойынша  жұмыс  істеуге  рұқсат  етіледі.  Жұмыс  орнында  диэлектрлік  резеңке 

кілемше тӛселеді немесе оқшаулағыш тұғырлар орнатылады. 

425.  III  топтағы  бір  жұмысшыға  қоректенуі  42  В  кернеуге  дейін  жүзеге  асырылатын 

транзисторларда  және  микросхемаларда  орындалған  аппаратурадағы  жұмысты 

қоспағанда,  қандай  да  болмасын  жӛндеу  жұмысын  орындау 

құқығынсыз 

радиоаппаратураға қызмет етуге рұқсат етіледі. 

426.  60  килогерц  -  300  килогерц  диапазондағы  жиілікпен  электр  магниттік  ӛрісте 

(бұдан  әрі  -  ЭМӚ)  жұмыс  істеу  кезінде  жұмыстар  12.1.006-84  Мемлекеттік  стандарт 

талаптарына сәйкес орындалады. 

427.  Жоғары  жиіліктегі  аппаратураларды  ретке  келтіру  және  сынау  кезінде  электр 

тоғының зақымдауынан және жоғары электр магниттік сәулеленуден сақтану құралдарын 

пайдалану қажет. 

Қолданатын  қорғайтын  кӛзілдіріктер  шынысы  металдандырылған  болады  (мысалы, 

ОР3-5 типі). 

428. Бұзушылықтарды жою, схемаға ӛзгерістер енгізу, антенна  - фидерлі құрылғыны 

бӛлшектеуді және жинауды олардан кернеуді алғаннан кейін ғана жүргізу қажет. 

Мыналарға: 

1)  жылу  әсері  бойынша  электр  магнитті  сәулеленудің  қолда  немесе  дененің  басқа 

бӛлігінде болуын айқындауға; 

2)  қорғау  құралысыз  рұқсат  етілгеннен  жоғары  энергияның  толық  ағымымен 

сәулелену аймағында болуға; 

3) электр магнитті сәулелену кӛзін экрандауды бұзуға; 

4)  ашық  жұмыс  істеп  тұрған  антеналы-фидерлі  құрылғының  алдында  болуға  рұқсат 

етілмейді. 



429. Сыртқы антеналы-фидерлі құрылғыларды мұнараларда және діңгектерде IV және 

III  топтардағы  жұмысшылардан  тұратын  бригада  орындауы  тиіс.  Жұмыс  басталар 

алдында жоғары жиіліктегі аппаратураны ажырату қажет. 

430. Антеналы-діңгекті құрылыстарда жұмыс кезінде мынадай талаптар орындалады: 

1)  оған  кӛтерілетін  жұмысшыларда  жоғарыға  ӛрмелеу  жұмыстарына  рұқсаттамасы 

болуы қажет; 

2)  жұмысты  бастау  алдында  діңгектерді  дабылмен  жарықтандыру  және  антенна 

жылытқышы  сӛндіріледі,  ол  жерге  «Қосуға  болмайды!  Адам  жұмыс  істеп  жатыр»  деген 

плакат ілінеді. 

  

  

ӘЖ және найзағайдан қорғайтын арқансым бойынша жиілігі жоғары байланыс 

  

431.  ТҚ-да  немесе  1000  В-тан  жоғары  ӘЖ-де  орналасқан  жиілігі  жоғары  қондырғы 



жабдықтарына қызмет кӛрсетуді, ретке келтіруді және жӛндеуді кемінде екі адам жүргізуі 

қажет, оның біреуі IV топтан болуы тиіс. 

432.  Панелін  (блогы)  аша  отырып,  жұмыс  істеп  тұрған  аппатурада  III  топтағы  бір 

жұмысшыға  диэлектрлік  резеңке  кілемшені  пайдалана  отырып,  жұмыс  істеуге  рұқсат 

етіледі. 

Жұмыс басталар алдында жалғастырушы жиілігі жоғары желіде кернеудің жоқтығын 

тексеру қажет. Кернеуі 42 В жоғары желіде жұмыс істеуге рұқсат берілмейді. 

433.  Схемаға  ӛзгерістер  енгізуді,  жиілігі  жоғары  трактатының  бӛлшектеуді  және 

жинауды, олардағы бұзушылықтарды жоюды ӘЖ пысықтау және жалғау элементтерімен 

кернеуді  алғаннан  кейін  ғана  жүргізуге  болады.  Кәбілде  және  жалғаушы  сүзгіде  жұмыс 

кезінде  жерге  тұйықтау  пышағын  байланыс  конденсаторының  тӛменгі  қоршауына 

тұйықтау жеткілікті. 

434.  Жерге  тұйықтаушы  сымдарды  байланыс  конденсаторының  тӛменгі  қоршауын 

жерге  тұйықтамай,  қорғаушы  ӘЖ-ге  тұйықталған  жиілігі  жоғары  қондырғы 

жабдықтарының құрылғысынан, аппаратурасынан және басқа элементтерінен ажыратуға 

рұқсат етілмейді. 

435.  Байланыс  конденсаторы  мен  жалғаушы  сүзгінің  арасындағы  тізбектегі  аспапты 

тұйықтау  және  ажырату  тек  жерге  тұйықталған  байланыс  конденсаторының  тӛменгі 

қоршауының  жерге  тұйықтау  пышағының  кӛмегімен  ғана  рұқсат  етіледі.  Аспаптарды 

бірнеше рет қайта жалғау кезінде ӛлшеу процесінде байланыс конденсаторының тӛменгі 

қоршауы әрқашан жерге тұйықталады. 

Ұзақтықтағы  1  сағаттан  аспайтын  ӛлшеуді  нұсқау  бойынша  IV  топтан  бір  адам 

кезекшінің  немесе  жедел  жӛндеу  персоналының  IV  топтағы  жұмысшысының 

бақылауымен  жүргізуге  болады.  Бұл  ӛлшеулер  тек  жалғастырушы  сүзгінің  ішінде  ғана 

разрядтағышты  ажыратпай  байланыс  конденсаторының  тӛменгі  қоршауының  жерге 

тұйықталған  пышағы  ажыратылған  кезде  жүргізіледі.  Бұл  ретте  аспаптар  жерге 

тұйықталады;  ӛлшеуді  электрден  қорғағыш  құралдарды  (диэлектрлік  боты  мен  қолғап, 

оқшаулағыш сабы бар аспаптар) қолдану арқылы жүргізу қажет. 



  

  

Бригадалармен уақытша жиілігі жоғары байланыс 

  

436.  Тасымалдау  жиілігі  жоғары  пост  байланысын  монтаждауды  және  бӛлшектеуді 



құрамы  біреуі  IV  топтан,  ал  екіншісі  -  III  топтан  болатын  кемінде  2  адамнан  тұратын 

бригада орындауы қажет. 

437.  Антенна  кернеуі  110  килоВ  қоса  алғандағы  ӘЖ  үшін  тӛменгі  сымдардың 

орналасқан  деңгейінен  кемінде  3  метр  және  оны  220  килоВ  ӘЖ  үшін  кемінде  4  метр 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау