9
қызметкерлерімен бірге келісіліп жасалуы керек. Шаралар коммуналды жылытқыш
қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның басқарушысымен бекітіледі.
Жұмыс орнын дайындауға, еңбек қауіпсіздігіне және жұмысқа шығарылуға
коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның әкімшілігі жауап
береді.
Өзінің учаскелерінде жұмысының қауіпсіздігі бойынша шаралардың орындалуы
мен ұйымдастырылуына, персоналдың мамандығының сәйкестігіне жән қауіпсіздік
талаптарының сақталуына басқа кәсіпорындар басқарушылары жауап береді.
5.4.11 Әр цехте, учаскеде, қызметте, шеберлікте және басқа объектілерде, чонымен
қатар апаттық автомашиналарда қажетті медикаменттер мен байлау материалдары бар
дәріқорап болуы керек. Персонал әрекеттегі нормаларға сәйкес жеке қорғаушы арнайы
киіммен, арнайы аяқ киіммен және басқа құралдармен қамтамасыз етілуі керек.
5.4.12 Жұмыс істеп тұрған қондырғылармен бірге қазандық бөлмесінде «щитті
басқарудан басқа) персонал және жерүсті және жерасты территорияларда персонал
қорғауыш каскалар киюі тиіс.
5.4.13 ТПЕ, ҚТЕ, ӨҚЕ бойынша, сонымен қатар лауазымды және өндiрiстiк
нұсқаулар бойынша білім тексерісінен өтпеген және жұмыс орынындағы жауапты
қайталаудың мерзiмінен өтпеген қызметшілер құрамын өзiндiк жұмысына кiруге рұқсат
етiлмейдi.
5.5 Өрт қауіпсіздігі
5.5.1 Әр қызметкер өрт қауіпсіздігінің талаптарының ережесін қадағалап отыруы
керек.
5.5.2 Коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның
басқарушысы қазандықтардың бөлмелері мен қондырғыларына өрт қауіпсіздігіне жауап
береді, сонымен қатар өрт сөндіру құрылғыларының бар болуы мен істе болғанын
бақылауы керек; жергілікті өрт күзетінің келісімімен «Өрт қауіпсіздігіне жалпы талаптар»
Техникалық регламентінің [7] негізінде өрт қауіпсіздігі бойынша және өрт сөндіру
жоспары бойынша ережелер жасалуы керек.
5.5.3 Коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның
басқарушысы жергілікті өрт күзетінің келісімімен әрекеттегі ережелерге сәйкес өрт-
техникалық комиссиясын және еркін өрт тобын құрастыру қажет.
5.5.4 Коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет көрсететін кәсіпорынның
басқарушысы барлық бөлмелерге өртке қарсы шараларды қадағалаушы ретінде басшы
қызметкерлер арасынан жауаптыны тағайындауы міндетті, сонымен қатар өрт
құрылғысының істе болуын және өрт сөндіру құралдарына жауапты болуы керек, өрт
сөндіру құралдарының тексеру тәртібін бекітіп отыруы тиіс, қызметкерлерге өртке қарсы
ережелерді жүргізіп отырун және өртке қарсы қауіпсіздік туралы білімдерін периодты
тексеріп отыруы бақылануда болуы керек.
5.5.5 Өрттің әржағдайы өрттің пайда болу себебін табу үшін міндетті түрде өрт
күзетінің қатысуымен, оның пайда болуына кінәлі адамдардың қатысуымен, өртке қарсы
шараларды жасау мен шығындарды анықтау үшін комиссия мүшелерімен тексеріс жүргізу
керек.
5.5.6 Қызметкерлер мен жұмысшылар жұмысқа қабылданған кезде өзінің
учаскесіндегі өрт қауіпсіздігі бойынша қайтадан және біріншілік түрде өртке қарсы
ережелерді өту керек, арнайы журналда жазылу мен хаттамаларды жасаумен бірге өртке
қарсы құралдарды қолдануды үйренуі тиіс.
10
Біріншілік ереже беру жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмысқа алған уақытта
жасалады. Қайтадан жұмысқа алынған жұмысшылар мен қызметкерлерді өртке қарсы
ережені өтпей жұмысқа шығарылуы тыйым салынады.
5.5.7 Қазандықта әр цехте, зертханада, шеберлікте және басқа учаскелерде
жергілікті өрт күзетімен келісілген және коммуналды жылытқыш қазандықтарға қызмет
көрсететін кәсіпорынның басқарушысымен бекітілген өрт қауіпсіздігінің нақты шаралары
мен өртке қарсы тәртіп бойынша ереже жасалуы керек.
5.5.8 Кәсіпорындарда дәнекерлеуші және басқа өртті қауіпті жұмыстар «Отпен
жұмыс жасау кезіндегі жалпы қауіпсіздік ережелері» талаптарына сәйкес орындалу тиіс.
Жанғыш газдардың газ құбырларында және басқа жарылысқа қауіпті
қондырғыларда, өртке өарсы су құбырында отпен жұмыстар сәйкес учаскелердегі өрт
қауіпсіздігіне жауапты қызметкермен келісіліп, тек қана кәсіпорынның басқарушысының
жазба рұқсатымен расталып, қалалық газ шаруашылығы кәсіпорны мен жергілікті өрт
күзетімен келісіліп жасалуы керек.
5.6 Персоналмен жұмыс
5.6.1 Персоналды дайындау және онымен жұмыс істеу МСТ 12.0.004-90 [9]
формасына, көлеміне және мерзіміне сәйкес болу керек.
5.6.2 Қазандықтар персоналы жұмысқа шығар алдында «Міндетті медициналық
байқаулар, міндетті медициналық байқауларды өткізу ережелері өткізілетін, залалы
өндірістік факторлар, мамандықтар тізімін бекіту» туралы Қазақстан Республикасының
денсаулық сақтау Министрінің 16 қараша 2009 жылы № 709 бұйрығына сәйкес алдын ала
және периодты медициналық көріністен өтуі міндетті.
5.6.3 ҚР ТЖМ қарамағындағы объектілерге қызмет көрсетуші персонал «Қауіпті
өндірістік объектілерде қауіпсіздік туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында
қарастырылған ретіне байланысты оларды қызмет көрсетуге құқылы болу үшін
асттестация мен білім алуы керек және куәлігі болуы тиіс.
5.6.4 Негізгі және көмекші қондырғыларды басқаратын оперативті (кезекші)
оперативті-жөндеу персоналы, жылыту периодына тоқтатылуға байланысты жұмыстан
шығарылған және қайта алынған кезекші персонал, техникалық қызмет көрсетуші,
жөндеу, тексеріс, монтаж және қосу жұмыстарын атқаратын персонал жұмыс аралығында
үзілісте болғаннан кейін жұмысқа оралар алдында мыналарды өтуі керек:
а) 2 аптадан 30 күнге дейінгі үзіліс – осы периодта қондырғыларда, сүлбелерде,
ережелерде, жұмыс тәртібінде өткен өзгерістер туралы жоспардан тыс ережемен
таныстыру; бір – екі кезек (күн) арасында жұмыс орнындағы кезектік (қондырғыны
басқарушылар үшін);
б) 30 күннен 2 айға дейінгі үзіліс - жоспардан тыс ережемен таныстыру және үш –
төрт кезек (күн) арасында жұмыс орнындағы кезектік;
в) 2 айдан көп үзіліс – мамандығы бойынша білімін тексеру, мамандығына сәйкес
орнатылған көлемде жұмыс орнындағы кезектік.
5.6.5 Техникалық қызмет көрсету, тексеріс, жөндеу, монтаж және қосу шараларын
жүргізбейтін персонал 6 айдан көп үзілістен кейін мамандығы бойынша білімін
тексергеннен кейін жұмысқа шығарылады.