Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/55
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55


Пайдалануға  енгізу:  Көрсетілген  тәртіп  бойынша  құжаттармен  бекітілген  және 
объект пен қондырғының тағайындалуы бойынша пайдаланылуына дайындығын бекітетін 
оқиға. 
Сужылытқыш  (бойлер):  Ыстық  сумен  немесе  бумен  қыздырылатын  қондырғы, 
атмосфералық қысымнан жоғары қысымды суды жылыту үшін қызмет етеді. 
Үлкен  өлшемдері:  Ұзындық  бойынша,  ені  мен  тереңдігі  қоршаумен  және 
қаптауымен, сонымен қатар қорғаныс және тіреу элементтерімен (мысалы, қаттылық белі 
немесе  тірек  қоршаулар),  бірақ,  орындалатын  құралдар  сансыз,  сынаққа  алу 
құбырларынсыз,  импульсты  құбыршаларсыз  және  т.б;  жоспардағы  өлшемдері  қаңқа 
колонналарының  осьтерімен  анықталады  немесе  металл  құрылысымен;  егер  колонналар 
бар  болса;  биіктігі  хребты  балка  бойынша  анықталады,  ал  егер  ол  болмаса  ,  қазанның 
үстіңгі нүктесінен. 
Қазанның  су-бу  жолдарының  (тракт)  шекаралары:  Бітегіш  қондырғылар: 
қоректік,  қорғандырғыш,  дренажды  және  басқа  қақпақшалар  мен  ысырмалар.  Олар 
қазанның ішкі бетіндегі элементтерді және оларға қосылған құбырларды шектейді. Бітеу 
қондырғылары болмаса, қазаннан фланецті немесе дәнекерлі қосылыстарды санау керек. 
Кезекшілік  қызметкерлер  құрамы:  Қондырғыны  ауыстыруға  және  басқаруға 
рұқсаты бар және ауысымда кезекшілікте тқрған адамдар. 
Кіру рұқсаты:  Жұмыс орнының дұрыстығын қамтамасыз ету, өнеркәсіп жұмысы 
үшін  және  бұйрық  бойынша  жұмыс  орнының  және  мінездемесіне  сәйкес  қауіпсіздік 
ережелерінің жеткілікті қаьылдау шаралары. 
Дублирование: Жауапты адамның рұқсатымен және бақылау астында кезекшенің 
жұмыс орнында энергоқондырғыны және де басқа қызметтерді басқару. 
Техникалық пайдалану: Пайдаланудан, техникалық қызмет көрсетуден, бұйымды 
жасаудан, қызметкерлер орындайтын құжаттар тізімінен тұратын кешен. 
Утилизатор қазаны: Технологиялық қондырғылардан кететін ыстық газдар жылу 
көзі ретінде қолданылатын, ошақтық сужылытқыш немесе су қазаны. 
Наряд: Анықталған бекітілген формасы бар өндірістік жұмысқа хаттама рұқсаты. 
Оперативті- жөндеу қызметкерлер құрамы: Қондырығының бекітілген көлемде 
эксплуатациялы-жөндеу  қызметі  үшін  арнайы  оқытылған  және  дайындалған 
қызметкерлер құрамы. 
Булы  қазан:  Қондырғының  өзінде  қолданылмайтын  атмосфералық  қысымнан 
жоғары қысымды бу алу үшін және ондағы отын өнімінің жануымен жылытылатын ошағы 
бар қондырғы. 
Қабырғаның  шектік  температурасы:  Жылытуды  уақытша  санаусыз  сынау 
(есептелген  ресустың  5%  жоғары  емес)  немесе  гидравликалық  және  жылулық  есеп 
бойынша анықталатын, жоғарғы температура жағынан құбырдың немесе қазан бөлшегінің 
қабырғасының максималды температурасы. 
Сынақтық  қысым:  Қазанға  гидравликалық  сынақ  жасалуы  керек  немесе  оның 
элементтеріне беріктік пен тығыздыққа жасалатын артық қысым. 
Жұмыстық  аймақ:  Жұмыскерлердің  уақытша  немесе  тұрақты  орындарында 
еденнің деңгейінде биіктігі 2м-ге дейін кеңістік. 
Жұмыстық  қысым:  Қалыпты  шарттармен  пайдалану  кезінде  технологиялық 
агрегаттың максималды артық қысымы. 
Жұмыс  орны:  Жұмыскерлердің  қызметі  барысында  уақытша  немесе  тұрақты 
келетін орны. 
Рұқсат  етілген  қысым:  Беріктікке  жасалған  бақылау  есептеуі  бойынша  немесе 
техникалық  куәләндірудың  нәтижесі  бойынша  бекітілген  технологиялық  агрегаттың 
максималды жіберілетін артық қысымы 



Есептік қысым: Есептелген ресурс бойы сенімді жұмыс қамтамасыз ететін негізгі 
өлшемдерді таңдау кезінде беріктікке есептеу жүргізілетін бөлшектің максималды артық 
қысымы. 
Жөндеу:  Бұйым  ресурстарын  немесе  олардың  қосалқы  бөлшектерінің  қалпына 
келтіру  және  бұйымның  іске  жарамдылығын  немесе  жұмысқа  қабілеттілігін  қалпына 
келтіру бойынша операциялар кешені. 
Жөндеу  қызметкерлер  құрамы:  Қондырығыны  жөндеумен  айналысатын 
жұмыскерлер, шеберлер, техниктер,  инженерлер. 
Сынақ ісі: Қызметкерлер құрамын мамандықты  меңгеру, басқаруды және қызмет 
ету нысандарына үйрену , тез бағдар алуға дағдылану және басқа жұмыстарды қабылдау 
мақсатында  теориялық  дайындықпен  бірге  немесе  одан  кейін  жауапты  адамның 
басқаруымен жұмыс орындарында оқыту. 
Жұмыс  ортасының  температурасы:  Қазанның  қарастырылған  элементтіндегі 
будың немесе ыстық судың максималды температурасы. 
Техникалық  пайдалану:  Пайдаланудан  ,  техникалық  қызмет  көрсетуден, 
бұйымды жасаудан, қызметкерлер орындайтын құжаттар тізімінен тұратын кешен. 
Техникалық  қызмет  көрсету:  Тасымалдау  мен  сақтау,  күту,  тағайындалу 
бойынша жұмыс кезінде, бұйымның істеп шығуы немесе жұмысқа қабілеттілігін бойынша 
операция немесе операциялар кешені. 
Суүнемдегіш  (экономайзер):  Булы  қазанға  келетін  суды  жылыту  үшін  немесе 
жартылай булануы үшін отынның өнімінің жануымен жылытылатын қондырғы. 
Пайдалану: 
Тағайындалуы 
бойынша 
бұйымдардың 
жұмыс 
істеуінің 
операцияларының кешені. 
Энергиямен жабдықтау: Объектке энергия қолданудың жалпылама мінездемесі. 
Энерготиімділік: Энергетикалық ресурстарды нәтижелі пайдалануға және энергия 
көздерін  қалпына  келтіру  үшін  жұмылдыруға  булық,  ұйымдық,  ғылыми,  өндірістік-
техникалық және экологиялық шаралары жүзеге асыру. 
 
4 Қысқартулар 
 
РАЕ: Резервті автоматты түрде енгізу. 
АДҚ: Апаттық-диспетчерлік қызмет. 
ТҮ АБЖ: Технологиялық үрдістерді автоматты түрде басқару жүйесі. 
МСТ: Мемедекеттік стандарт. 
ГРП: Газды реттеу пункті. 
БӨА: Бақылау-өлшеу аспаптары. 
ҚР  ИЖТМ:  Қазақстан  Республикасының  индустрия  және  жаңа  технологиялар 
министрлігі. 
ҚР ТЖМ: Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі. 
ӨҚЕ: Өрт қауіпсіздік ережелері. 
ҚТЕ: Қауіпсіздік техника ережелері.  
ТПЕ: Техникалық пайдалану ережелері.  
ҚР ЭҚОЕ: Қазақстан Республикасының электрқондырғыларын орнату ережелері. 
БҚ: Басқарушы құжат. 
ҚР ҚН: Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары. 
ҚН және Е: Құрылыс нормалары және ережелері. 
ОЖП: Орталық жылу пункті. 
 
 
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау