лу, қалыптасу тарихынан аңғарамыз. Терминжасамдағы
қателіктің ең бастысы, Жұбановша айтқанда, аударыл-
майтын сөздерді аударуға тырысудан, ал аудара қалғандай
жағдайда терминнің өзін емес, оның лексикалық мағынасын
аударудан туындайтыны рас. Орыс тіліндегі «лощадь», «ко-
рова», «толстый», «мелкий» сөздерін қазақ тідіндегі ат,
сиыр, жуан, жіңішке сөздерімен салғастыра сөз етіп, ескер-
меуге болмайтын кызықты тұстарға мəн береді. Мəселен,
бұл сөздер бір қарағанда бір-біріне тепе-тең балама іспеттес
боп көрінгенмен, белгілі бір кезеңнің сұранысына орай олар
ғылыми ұғымға ие бола алмаса, терминге қойылар талап
шартына жауап бере қоймағаны. Қараңыз, шынында, «ло-
щадь» дегенді қазақтар «ат» деп те, кейде «жылқы» деп те
айта береді. Ал қазақтың атын орыстар кей жағдайда «ме-
рин» деп, екінші бір тұста «конь» деуі мүмкін. Сонда ауда-
рып термин жасауға мəжбүр болып отырған маман сөздердің
осы тектес құбылысын дəл басып саралай қолданбаса шата-
суы əбден мүмкін. Сол сияқты «толстыйдың» қазақта «жуан»
(жуан сабақ), «қалың» (қалың қағаз) боп, «мелкийдің»
«ұсақ» (ұсақ тастар), тайыз (тайыз су – мелкая вода) бо-
лып құбылатыны жөнінде жасалған талдамалар терминтану
іліміне қосылған үлкен үлес. Мұны ол қалыптасқан табиғи
заңдылық қатарында сөз етеді. Оның ойынша, сөз дегеніңіз
тек зат, нəрсе атауы ғана емес, сонымен бірге санаға
сіңген, қалыптанған заттардың да атауы. Қоғам дамуының
ерекшелігіне сəйкес бұл танымдық құбылыс əр халық
ұғымында əр алуан қалыптасуы ықтимал.
Қ. Жұбанов 1930-1935 жылдары терминология мəселесіне
жиірек көңіл бөлген. Бұған негізгі себептің бірі жоғарыда
айтылғандар болса, екіншіден, оның 1933 ж. мемлекеттік
терминология комиссиясына төраға болуымен байланыс-
ты. Ол жазу мен терминология мəселесін нақты қадағалап,
бір орталықтан басқарып, ұйымдастырып отырмайынша
нəтиже болмайтынын ерте түсінген. Сөйтіп жедел түрде
мемлекеттік терминология комиссиясын ұйымдастырып
274
қана қоймай, онда қаралған мəселелерді дер кезінде
жұртшылыққа жеткізудің жолдарын қарастырып, бюллетень
шығарды. Ғалым бюллетеньнің шыққан 4 санының өзінде
қазақ терминологиясының басты мəселелерін қозғап үлгерді.
Сонымен бірге ғылымның əр саласында бой көрсетіп, əрі-
сəрі қолданылып жүрген терминдердің дені (10 мыңдайын)
Мемтерминком мəжілісінде талқыланып, бекітіліп, бюлле-
теньде жарияланды. Бұл терминдер кейін қазақ ғылымының
қалыптасуына негіз болды деп айта аламыз.
Қазақ терминологиясының өзекті мəселесінің бірі – оның
принциптерін қалыптастыру. Қ. Жұбанов өзі қарап бекіткен
10 мыңнан аса термині қандай принциптерге сүйеніп жа-
сады? Ол бұл мəселеге алдын-ала үлкен əзірлікпен кел-
ген. Бұл жөніндегі өзінің ойларын ол əуелі 1935 ж. 20 ма-
мырда Алматыда өткен мəдениет қайраткерлерінің бірінші
құрылтайында баяндап береді. Ол съезде 11 принцип
ұсынады. Өз сөзімізбен қысқартыңқырап айтқанда олардың
жалпы мазмұны мынадай:
1. Көптеген əдеби тілдерде аударылмай қалыптасқан ха-
лықаралық терминдерді, казақ тіліне аудармай сол қалпында
алу (революция, совет, теория, практика, тенденция, хирур-
гия, климат, абсолютный, конкретный т.т.).
2. Көптеген əдеби тілдер тəжірибесінде аударылып алын-
ған халықаралық терминдер (производство, труд, деньги,
корень, стебель, мышцы, деление, умножение т.т.) қазақ
тіліне де аударылады, егер аударма термин мағынасын дəл
бере алмай, бұзатын болса, онда оларды (сословие, состав,
клетка, слет т.т.) орыс тіліндегі қалпынша алу.
3. Əрқилы пəнде бір мағынада қолданылатын терминдерді
бірегейлетіп алу; мысалы, форма – форма (философия, фи-
зика), материя – материя (физика, философия), корень –
түбір (математика, ботаника, лингвистика), реакция – реак-
ция (химия, биология, политика) т.т.
4. Білімнің əр саласында əрқилы мағына білдіретін тер-
миндер (мануфактура, продукт, легенда) бір салада термин
275
ретінде, басқасында жай сөз ретінде қолданылады. Мысалы:
мануфактура экономикалық даму кезінде термин болады,
бірақ тауар түріне жата алмайды.
5. Халықаралық сөздер түрінде қалыптасқан терминдер
орыс тіліндегі үлгімен қабылданады (пролетариат, физика,
биология).
6. Терминдерді түсініксіз етіп жіберетін жасанды
сөзжасамға бармай-ақ, қазақ тілінің грамматикалық ерекше-
ліктерін де, атаудың ғылыми мəнін де толық қамтый алатын
терминдердің (Мысалы: беріліс – передача, көпкіл – много-
угольник, тоқыма – текстиль, тəжірибе – практика т.б.)
баламасын табу.
7. -изация, -ификация, -ация тəрізді формалды элемент-
термен (машинизация, электрофикация, объективация)
келетін сөздерді қазақ тіліндегі материаландандыру,
электрлендіру, объективтенулер түрінде қалыптастыру
келеді. Сол сияқты популярная книга – популяр кітап, абсо-
лютная величина – абсолют шама, буржуазная идеология –
буржуаз идеология, дифференциальное уравнение – диффе-
ренциал теңгерме түрінде қысқартып алу.
8. Қазақ тіліне халықаралық терминдермен ілесіп -ист,
-изм қосымшалары жəне ре, син, де, суп, анти, контр тəрізді
префикстер енгізіледі.
9. авто-, аэро-, авиа- сияқты қысқартылған формаларға
қазақ сөздері бірігіп (автожол, аэрошана, авиашана, авто-
қатынас) жазылады.
10. Қаркөмір (Қараганда уголь), Халкомжер (Нарком-
зем) т.т. сияқтыларды қысқартып қолдану.
11. Бұрын терминологиялық қолданыстан шығып қалған
диктатура, революция, совет, теория, практика, контрре-
волюция, милитаризм сияқты терминдерді қазақ тіліне қайта
енгізу.
Профессор Қ. Жұбанов ұсынған бұл принциптер съезде
10 пункте шақталып, негізінен қабылданды. Əрине, негізінен
ғылыми тұрғыда дəйектелген бұл қисындар термин жасам
Достарыңызбен бөлісу: |