Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет90/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125

279
жүргенімізге бірнеше жыл болды. Мұның бəрі мемлекеттік 
тіліміздің  мəртебесін  орнықтыру  амалдары  ғой.  Осы  игі 
мақсатымызға  жақында  жеткендей  болдық.  Ұлттық  Ғылым 
академиясы  мен  Ғылыми  жəне  жоғары  білім  министрлігі 
дейтін  мекеме  бар  екенін  білесіздер.  Ғылым  тілі  осында 
қанат  жаймағанда,  қайда  барып  баян  таппақ.  Мемлекеттік 
тілдің де өріс алар жерінің бірде болса бірегейі осы. Атал-
мыш министрліктің басшысы В.С. Школьник біздің көтерген 
мəселеміздің қаншалықты маңызы барлығын түсініп, қолдау 
көрсетті.  Соның  нəтижесінде  кеше  ғана  А.  Байтұрсынұлы 
атындағы Тіл білімі институтының жанынан бұрынғы бөлім 
негізінде Ғылыми терминологиялық Орталық құрылды. Əу 
баста біз дəріптейтіндей болмағанмен, жылдар бойы қатып, 
қалыңдаған тоңның қабаты жібігендей болып отыр.
Ендігі  əңгіме  осы  орталықтың  жұмысын  жолға  қою 
жөнінде.  Ол  əлденеше  мəселеге  тəуелді.  Ең  алдымен  ай-
тарым:  негізгі  міндет,  лажы  болса  қазақ  терминологиясы-
ның  дамуы  мен  қалыптасуға  септігі  тиер  жұмыстарды 
ғылыми  тұрғыда  зерделеп,  оның  əрі  теориялық,  əрі  прак-
тикалық  мəселелерін  қалыптастыру;  бұрынғы  жəне  қазір 
жасалған терминдерді реттеп, жүйеге түсіріп, қалыптанды-
ру;  барлық  ғылым  салалары  бойынша  ертелі-кеш  жарық 
көрген  терминологиялық  сөздіктерді  қамти,  саралай  оты-
рып,  ғылыми  жұртшылықтың  сұранысына  жарарлық  тер-
минологиялық сөздік серияларын баспаға дайындау; Қазақ-
стан  Республикасындағы  терминологиялық  жұмыстарды 
үйлестіріп отыру жəне аспирантура, кандидаттық ізденістер 
шеңберін ұлғайту арқылы ұлттық терминология мəселесімен 
шұғылдана алатын сауатты мамандар əзірлеу.
Бұл  тіпті  де  оңай  шаруа  емес.  Ол  үшін  аталмыш  Орта-
лықтың  барлық  мұқтаждығы  қамтамасыз  етілуі  керек.  Ең 
алдымен  қаржы  жайы  алаңдата  береді.  Біздің  министрлік 
қал-қадарынша жəрдем қолын сұраумен, мəселеге түбегейлі 
қамқорлық жасар халде емес.


280
Термин  мəселесін  қажетсінбейтін  мекеме  жоқ.  Бүгінгі 
мəслихатты  өткізуге  мұрындық  болып  отырған  ҚР  Мəде-
ниет, ақпарат жəне қоғамдық келісім министрлігінің де бұл 
мəселеге  тікелей  қатысы  бар.  Егер  өзара  үйлестіре  жұмыс 
істейтін болсақ, екі министрліктің де терминологияға байла-
нысты мұқтаждығы өтеліп қана коймай, ғылым тілін өрістете 
түсуге  мүмкіндік  ашылар  еді.  Осындай  мақсатпен  біз 
Тілдерді дамыту департаментіне өтініш қағаз түсіргенімізге 
біраз  болды.  Департамент  бастығы – Ербол  Шəймерденов 
ініміз  мұқтаждарымызды  түсініп,  елгезектік  танытқанмен, 
нəтиже болмай отыр. Күдер үздірмей отырған уəдесі бар.
Біз, қазір жоғарыда еске салғанымыздай, бірнеше сөздік 
дайындаудамыз. Бітуге таяуы, жалғасып жатқаны бар. Тіпті, 
егер Тіл департаментімен осындай жұмыстар жөнінде шарт-
қа тұруға да бармыз. Ал тапсырыс беретіндей жағдай болса 
оған да барғалы отырмыз.
Əйтеуір,  ортақ  істі  оңашаға  тарта  бермей,  осылайша 
қауымдасып,  қолға  алатын  жерде  нəтиже  басқаша  болары 
даусыз.
Биыл – халық  бірлігі  мен  ұрпақ  сабақтастығы  жылы. 
Біз  елі  үшін  еселеп  еңбек  еткен  кешегі  зиялыларымыз – 
А.  Байтұрсынұлы, X. Досмұхамедов,  Қ.  Жұбановтардың 
ғылымдағы  жолын  жалғастырушыларымыз.  Ұрпақ  сабақ-
тастығының  бір  түрі  осы  болса  керек.  Сонау  бодандылық 
кездің өзінде ана тілін аялай тұтынып, атамекенін асқақтата 
білген ұстаздардың бүгінгі ұрпақтары тəуелсіздігіміздің бір 
тірегі – мемлекеттік тіліміздің мəртебесін биіктете түспесе, 
төмендетпес деген сеніммен сөзімді түйіндемекпін!


281
ТЕРМИНТАНУ ІЛІМІНІҢ ХАС ШЕБЕРІ
(Іслəм Жарылғаповтың 95 жылдығына орай)
Қазақ  тілінің  сөз  байлығын  Абай  мен  Ахметтен  асып 
игерген, оның əрі мен нəрін ашқан, керегіне жарата білген, 
бар  қасиетін  терең  ұғына  пайдаланған  қаламгер  бар  ма  де-
ген сауалға бірден жауап таба қою оңайға соқпайды. Өйткені 
қазақ тілінің сөздік қорында қанша сөз барын анықтап бер-
ген жан жоқ. Күні кеше жұртшылық қолына тиген 15 томдық 
«Қазақ  əдеби  тілінің  сөздігінде»  əзірге 150 мыңнан  астам 
атау сөз бен сөз тіркесі ғана қамтылғаны айтылады. Ал кейбір 
ғалымдардың  (Ə.  Қайдар)  есеп  жобасына  қарағанда,  қазақ 
тілінің  сөз  байлығы  мұнымен  шектелмейді.  Ол  əлденеше 
жүз мыңдық санды мөлшерлейді. Бұған қарағанда тіліміз əлі 
де түбегейлі зерттеле қоймағанын, оның түп негізі əлденеше 
мыңжылдықтар  тереңіне  жол  нұсқайтынын  байқатады.  Ен-
деше  біз  əзірге  теңіз  бетінде  ғана  қалқып  жүргендейміз. 
Көзге көрініп тұрған осы байлықтың өзін игеру оңайға түсіп 
жатқан жоқ.
Түпсіз байлықты түгел игеру əлі ешкімнің қолынан кел-
ген  емес.  Тіпті  осы  заманның  есептегіш  тəсіліне  салып 
қарағанда мамандар ұлы Абай қолданған сөз байлығы небəрі 
7-8 мыңнан аспайды екен дегенді айтады. Ал Абай туралы 
отыз  жылдай  толғанып  төрт  кітап  жазған  ұлы  сөз  шебері 
Мұхтар Əуезовтің қолданған сөздің саны небəрі 17 мыңның 
маңайы екен. Бұл нені көрсетеді. Бұл қазір қолданыста бар 
сөздердің өзін (150 мың) түбегейлі іске жарата алмай отыр-
мыз дегенді көрсетеді. Ал əлгі қолданған сөздердің санына 
қарап,  Абай  мен  Əуезовтің  тілі  кедей  екен  деп  кімнің  аузы 
барып айта алады.
Əңгіме сөз байлығын қалай іске жарата білуде. Ақылман 
Абай  сол  жеті-сегіз  мың  қазақ  сөзін  еркін  ойната  білудің 
өзімен-ақ  көбіміздің  өреміз  жетпес  ой  биігіне  көтерілді. 
Сол  Абай  көтерілген  биікке  кімді  көтерілді  деп  айта  ала-
сыз,  қазір.  Тіпті  қазақ  тілінің  мұхитында  еркін  құлаш  сер-


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау