298
ақ терминологтарға мол материал бермей ме?! Сонымен
бірге жазуы ертерек дамыған тілдерде терминдік жүйенің
де ертерек қалыптасқаны мəлім. Біздің бұл заңдылықпен де
есептеспеуге хақымыз жоқ. Тағы бір ескеретін нəрсе мы-
нау. Түркі тілдері бұрынғы Одақтың барлық тілдері сияқты
едəуір дамыды. Осы жеке-жеке даму, өзінше өріс табу бары-
сында, өзінше тəжірибе арттырды. Бұл процестің жүруінде
бірінен-бірі артық-кем түсіп жататын тұстары болады. Міне
сондықтан да, бұл туыс тілдердің бір-біріне үнемі үңіліп,
тəжірибе алмасып отыру қажет. Даму дегеніңіздің де (яғни
ілгерілеу), ортақтастық дегеніңіздің де бір сыры сонда ашы-
лады.
Мысалы, қазақ тілінен де, басқа тілдерден де алынар
үлгі жоқ емес. Тағдырлас елдер тілдері тарихи орналасу
тағдырына орай əрқилы заңдылықтармен дамиды. Қазақстан
жағдайында біздің тілімізге əуелгі кезде көптеген орыс
интернационалдық терминдер енді. Осы жағдайды бір кезде
қытай қазақтары да қабылдап, тілге ендірген еді. Ал қазір
олар керісінше əлгі терминдердің көбін аластап, оның орны-
на қытай (ханзу) тілінен сөз алу принципіне көше бастаған
сыңайлы. Сонымен бірге олар барлық терминді аударып
алып отырған қытай тілінің үлгісімен, көптеген терминдерді
калькалау жолымен аударып алған. Мысалы, үналғы (ви-
деомагнитофон), сыналғы (видеокамера), мұзсандық (моро-
зильник), шаңалғы (пылесос). Бұл терминжасамның өнімді
тəсіліне айналған тəрізді. Мұндай үлгіні қабылдауға болады.
Мұндай əрекеттер бізде де белең ала бастады.
Орыс тілінің ықпалына ешқашан душар болмаған Түркия
түріктерінің сөзжасам тəжірибелерінде де үлгі алар үрдіс бар.
Бұлар қайсыбір терминдерді жасау, қабылдауда бірен-саран
(лагеркамп, ракета-фишек, жəрмеңке-фуар, щетка-фир-
ча) Еуропа тілдерінің элементтері кездескенмен, негізінен
өз тілінің байлығын қамтуға қатты көңіл бөлінетін тəрізді.
Мысалы, түріктер аэропортты хавааланы, самолетті учақ,
спонсорды сөзжу, магнитофонды касетсалар, компьютерді
299
білгісалар, Президентті жумхурбақаны, примьер-министрді
башбақан, парламентті мəжіліс, мороженыйды дондурма,
автомашинаны араба, транспортты ұластырма, студентті
өргенчі, масштабты өлчу деп алған.
Қазақ тілінде университет, экономика, факультет,
теория, спорт, кадр, музей, физика деп қабылданған ин-
тертерминдер, түрікше де ауызекі тілдегі айтылу ыңғайы
сақталып, ықшамданып алынған екен: факульте, универси-
те, теории, економи, спор, физик, музе, кадро т.б. Ал ауда-
рылып алынған мəдениет, дүкен деген тəрізділер түрікше
аударылмай, əлгіндегідей ықшамды түрге көшкен (култур,
магаза). Ал көптеген интертерминдер екі тілде екі түрлі
аударылған. Мысалы, выставка: түр. сергі, каз. көрме, Вер-
ховный Совет: түр. даныштай, қаз. Жоғарғы Кеңес, Верхов-
ный суд: түр. ярғытай, қаз. Жоғары сот, независимость:
түр. бақымсыздық, каз. тəуелсіздік, космос: түр. озай, қаз.
ғарыш, промышленность: түр. іслетме, қаз. кəсіпорын т.б.
Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жиілеуіне орай
тілдік те ауыс-түйіс басталғандай түрі бар. Бұл жақсылықтың
нышаны. Жақсы үлгіні қабылдаудың бір мысалы ретінде
«Егемен Қазақстан» мен «Ана тілі» газетінің беттері арқылы
жиі көріне келе ұшақ (самолет – учақ) жəне əуеалаңы (эро-
порт – хавалалаңы) термин ретінде қалыптасты.
Қысқасы, туыс тілдер тəжірибесіне үңілу терминжасам
мəселесінде нəтижелі пайдасын тигізеді деп ойлаймыз. Бұл
принципті саналы, сауатты ұстану қажет. Өзіңде жоқты
өзгеден, оның ішінде түбірі бір туыс тілдерден іздеп тауып
жатсаң оның несі айып. Қайта көп жылдар бойы жабылып
қалған табиғи даму заңдылықтарының көзі ашылады.
Келесі бір кеңесетін мəселе – бізде баламасы жоқ
интернационалдық сөздерді алу, қабылдау принципі. Мұндай
терминдердің бəрі де күні бүгінге дейін сол түпнұсқада
қалай айтылып, жазылса, солай алу керек деген принципті
қатаң ұстап, тілімізді шетел сөздерімен əбден сірестіріп
шұбарлап келдік. Бұл қазақ тілінің өз заңдылығына түбірімен
300
қайшы принципті зорлықпен тықпалап келдік. Енді бұл ту-
расында тіліміздің терминжасам тəжірибесі не берді де-
генге келейік. Жалпы қазақ тілінде ежелден қалыптасқан
сөзжасам тəжірибесіне үңілер болсақ, бізде шет тілден (араб,
парсы) енген сөздердің бəрін өзіне қарай икемдеп, айтылу,
жазылу қисынын қазақшаға ыңғайлап отырған екен. Енде-
ше біз сол принципті негізге неге сүйенбейміз? Біржағынан
интернационалдық терминдерді іштен орын бермей, бер-
сек те сүйкімсіз қонақ сияқты сол жат кейіпін сақтап
қолдану тіпті де орынсыз. Қабылдап, тілімізге сіңірдік деген
терминдеріміздің əлі күнге өз лексикалық байлығымыздың
қатарына ене алмай, интернационалдық боп үрпиісіп
тұруының сыры осында ма деп ойлаймыз.
Қазақтың ғасырлар əлетінен сұрыпталып шыққан төл
сөздерінің қатарында əскери форма киген адам сияқты əсер
ететін мұндай сөздердің тағдырын қамти қарастыратын
мезгіл жетті. Солай жасала да бастады. Оларды негізінен өз
тіліміздің заңдылығына икемдеп, ыңғайлап алу – міне ендігі
жерде ұстанатын негізгі принцип осы болуы керек. Мəселен,
өнер, білім, мектеп, тəрбие, ғалым, ғылым, мұғалім, кітап
тəрізді əу бастағы араб, парсы төркіндес сөздерді, сондай-ақ
мынадай орыс сөздерін: жəшік, бөтелке, бəтіңке, самаурын,
порым, жандарал, болыс, ояз деп еншіленгеніміздей еркін
əрекетке баруымыз керек. Яғни келгіншіге ыңғайланып,
соған қарай икемделе бермей, өз болмыс, шын табиғаты-
мызға сай бейімдей қабылдау лəзім. Интернационалдық
терминдердің өз тіліміздің заңдылығына сай бейімдеп алуды
сөз аластау деп түсінбеу керек. Мұндай тілдер қабылдаушы
тілдің талабына көнбесе, сол өгей қалпы түбегейлі кіріге ал-
май, өзіне орын таппай жырақ тұратын болады. Күні бүгінге
дейін қолданылып келген терминдердің біразы дəл осылай
күй кешіп келеді.
Жалпы бұл туралы сөз қозғамастан бұрын интерна-
ционалдық термин дегеніміз не, осыны дұрыс түсініп
алғанымыз жөн. Əдетте əлденеше тілде бірдей қолданылып,
Достарыңызбен бөлісу: |