25
Өмір ілгері жылжыған сайын терминологиялық лексиканың
ауқымы кеңейе бермек.
Сондықтан жалпы əдеби тіл жүйесіндегі терминология-
ның орны қандай болмақ деген сұрақ тууы заңды. Мұны тек
белгілі бір салада қызмет ететін мамандар ғана қолданатын
болса, онда арнаулы терминология əдеби тіл лексикасының
құрамына ене ала ма? Бұл сұрақтарға қазіргі лингвистика
біржақты жауап бере алмайды.
60-жылдарға дейін терминологияның əдеби тілге жата-
тындығы жөнінде дау болмайтын. 1959 жылы Мəскеуде
өткен Бүкілодақтық терминологиялық мəжілісте жəне
1967 жылы Ленинградта өткізілген ғылыми-техникалық
терминологияның лингвистикалық проблемалары жөніндегі
кеңесте терминологияны əдеби тіл лексикасының дербес
саласы деген пікір басым болды. Осы тезисті тəптіштей
келе, 1967 жылғы кеңесте С.Г. Бархударов: «Жалпы арнаулы
лексиканың қайсыбір бөлігі əрдайым тек мамандар тілінде
өмір кешетіні анық. Сонымен бірге оның сан жағынан аздау
болса да, мəні, сыбағалы салмағы жағынан маңызы зор бұл
бөлігінің бүкіл қоғам мүлкіне айналатыны, сөйтіп жалпы
ұлттық тілдің бөлінбес бір бөлшегіне айналатыны да даусыз.
Осыдан келіп жалпы халықтық тіл мен арнаулы лексиканың
өзара байланысы деген күрделі проблема туындайды»
18
(Ау-
дарма біздікі – Ө.А.). Ал Ф.П.Филин бұл мəселені мүлде
басқаша қарайды. Ол тіпті мұны жалпы əдеби тіл құрамынан
шығарып тастағысы да келген. Ол былай дейді: «Мамандар
арасында ғана қолданылатын бұл қисапсыз мол арнаулы лек-
сика өз алдына бөлек тұрады. Бұл нормалы қалыпқа түскен
лексиканың барлығы туралы мəселе қозғауға мүмкіндік
береді»
19
.
18
Лингвистические проблемы научно-технической терминологии. М., 1970.
С.8-9.
19
Русский язык в современном мире. М., 1971. С.108.
26
Біздің ойымызша, бұл «нормаланған тілді» əдеби тілден
тыс қараудың жөні жоқ. Мамандар өз саласы бойынша өзара
қарым-қатынас жасағанда да пайдаланатыны жалпыға ортақ
əдеби тіл, əрине, бұл тұста өздеріне ғана тəн, тіпті жалпы
əдеби тіл түгіл, жалпы ұлттық тіл шеңберінен шығып кететін
термин сөздер, формулалар, символдар белең алып жатады.
В.П.Даниленко: «Жалпы халықтық тілдің бір тармағына
жататын ғылым тілі, біздіңше, сөйлеу тілі, көркем əдебиет
тілі дейтін ұғымдармен қатар тұруға тиіс. Жалпы əдеби
тілдің əрбір тармағының өзіне тəн құрылымдық өзгешелігі
мен əдейі жүктелген қызмет аясы болады. Ал бұлардың
əрқайсысы кейде жалпы əдеби тіл шеңберінен шығып кетіп,
семантикалық жəне құрылымдық шеп құрайды»
20
.
Ғылым тілі болмысты танудың (гносеологиялық қызмет),
оны зерттеу мен практикалық жұмыстардың нəтижесі тура-
лы мағлұмат беріп, сақтаудың, жинақтаудың, хабар берудің
(информациялық-коммуникативті) құралы. Бұдан біз оның
əдеби тілдің функционалдық жүйесін құрайтынын көреміз.
Бұл жайында В.П.Даниленко: «Ғылым тілі, бір жағынан,
жалпы халықтық тілге қарағанда, шеңбері шектеулі ұғым,
өйткені оған жалпы халықтық тілге қатысты нəрсенің бəрі
бірдей ене бермейді. Ғылым тіліне жалпы халықтық тіл
қасиетінің бəрі бірдей тəн бола алмайтындықтан, ол бір
жағынан, сол жалпы халықтық тілге қарағанда, анағұрлым
тар ұғымда беріледі. Екінші жағынан, əдеттегі кəсіби
қатынастан тыс ғылыми ұғымдарды білдіретін арнайы тер-
минологиясы бар ғылым тілі жалпы əдеби тілге қарағанда
анағұрлым кең ұғымды білдіреді»
21
.
Терминология əдеби тілдің бір тармағы ретінде сол əдеби
тіл нормасы мен ережесіне бағына отырып, сөз жасам (тер-
мин жасау) жəне сол норманы кодтау жағынан өзіне ғана тəн
20
Даниленко В.П. Русская терминология. Опыт лингвистического описания.
М.,1977. С.10.
21
Сонда. 10–11-бб.
27
өзіндік ерекшеліктерін де байқатады. Кейде өзінен-өзі жаса-
лып жататын кəдімгі тілдік құбылыстардан ерекше саналы
əрекет негізінде, яғни ұжым еркімен болатын да құбылыс.
Ол сөзжасам процесінің қай-қайсынан болса да осынысымен
ерекшеленеді.
Орыстың терминологиялық сөзжасам тарихы тіл
жүйесінде бұрын мүлде болмаған, мүлде жат сөзжасам
үлгілері мен түрлері пайда болғаны туралы мол мағлұмат
береді. Мысалы, орыс тілі дəстүрінде бұрын -ость
жұрнағы арқылы жасалған зат есімнен үстеме сын есім
жасалмайтын. Қазір мұндай үлгі орыс тілінде өнімді
сөзжасам түрінің біріне айналды: яркий – яркость –
яркостный, жидкий – жидкость – жидкостный, разный –
разность – разностный, стойкий – стойкость, пло-
ский – плоскость, емкий – емкость т.б. Сондай-ақ -ота
суффиксі арқылы сын есімнен зат есім, содан қайтадан
сын есім жасауда орыс тілінде өнімді тəсілдердің біріне
айнала бастағаны туралыда мəлімет бар. Мысалы: мерз-
лый – мерзлота – мерзлотный, высокий – высота –
высотный, долгий – долгота – долготный, широкий – широ-
та – широтный, частый – частота – частотный
22
.
Терминологиялық сөзжасамның осы тектес амалда-
ры жалпы сөзжасау үлгілерін жіктей түсуге, оны белгілі
ғылым салалары бойынша тұрақтандыруға көп көмектеcеді.
Мəселен, орыс тілінде снеговой жəне снежный деген сын
есім сөздер баяғыдан бар. Даль сөздігінде бұлардың аражігі
ажыратылмаған.
30-жылдары ауа райын болжайтын Институттың терми-
нологиялық комиссиясы снежный терминін қардың өзінен
туындайтын ұғымды білдіргенде ғана (снежный покров,
снежная лавина т.б.) қолдануды, ал снеговой терминін
əңгіме болып отырған нысанның (қардан емес) қарға қа-
22
Қараңыз: Русский язык и советское общество: Лексика современного рус-
ского литературного языка. М., 1968. С.157.
Достарыңызбен бөлісу: |