34
ды. Оның есесіне жеті септік – атау, ілік, барыс, табыс, жа-
тыс, шығыс, көмектес деген терминдер өзінің дəлдігімен,
өміршеңдігімен мəңгі тұрақтанып қалды.
Жалпы, термин жасау дағдысында А. Байтұрсынұлы
ұстанған ең басты екі принципті анық аңғарамыз. Оның
бірі жəне ең негізгісі – термин жасауда қазақ тілінің өз
мүмкіндігін барынша сарқа пайдалану. Термин жасау
принципінде ана тілдің ішкі сырын жете пайдаланды де-
генде де, біз А. Байтұрсынұлының өзге озық ел тілдерінің
грамматикалық категориялар түзудегі тəжірибесін терең
меңгергенін байқамай тұра алмаймыз. Əсіресе, тілді фоне-
тика, морфология, синтаксис деген дəстүрлі жүйеге бөліп
қарауынан бастап, соның əрқайсысының өзіндік құрылымын
саралауда да, əрине, ең алдымен, орыс тілі грамматикасының
əсері жоқ емес.
Мəселен, сөздерді түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы
сөз, қосымшалар деп тұлғасына қарай беске бөліп қарауы,
зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу,
жалғау, одағай деп мағынасына қарай тоғызға бөліп сарала-
уы бəрі сол қалпында тілімізге сіңіп, қалыптасып кетті.
Бұл келтіріліп отырған мысалдар «Тіл – құралдың» фо-
нетика жəне морфология бөлімдерінен алынып отыр. Ал
1924 жылы Орынборда басылған «Тіл – құралының» сөй-
лем жүйесін (синтаксиске) талдауға арналған бөлімінде
орын тепкен терминдердің өзін өз алдына жеке-дара зерт-
теуге тұрарлық. Мұнда ол сөйлем мүшелерін соншама бір
көрегендікпен саралайды. Алдымен оны тұрлаулы жəне
тұрлаусыз деп екіге бөліп алады да, олардың əрқайсысына
жеке-жеке тоқталады.
Жоғарыда əңгіме болғандай, оның термин жасау ісінде,
ең алдымен, қазақ тілінің өз мүмкіндігіне көбірек сүйенгенін
байқаймыз. Ол жасаған терминдердің бəрі дерлік ана тілдің
өз байлығы, өз сөздері. Ал оны іске жарату барысын-
да əртүрлі амалдар қолданған. Ол əуелі заттық, атаулық
ұғымын берерлік сөздерді іріктейді (əріп, сөз, сөйлем) не-
35
месе оларға терминдік қызмет жүктейді, екіншіден, сөздерді
тіркестіре қолдану арқылы терминдер жасайды (түбір сөз,
туынды сөз, сұраулы сөйлем, тұрлаулы мүше), сондай-ақ
түрлі қосымшалар көмегін пайдалана отырып, сан алуан тер-
миндер жасайды (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, бо-
лымды, болымсыз, жалаң, жайылма, үстеу, одағай, есімдік,
етістік т.т.).
Сонымен бірге өзінің ертелі-кеш жазған мақалалары
мен «Тіл – құрал», «Тіл – жұмсар» тəрізді еңбектерінде
кездесетін программа, фонетика, морфология, синтаксис,
синод, дума, школа, председатель, министерство, петиция
сияқты сөздерге қарағанда, ол реті келген жерде өзге тілдің
(əсіресе орыс тілінің) сөздік қорындағы керекті сөздерді
пайдаланудан да қашпаған тəрізді. Сондай-ақ ана тіліміздің
сөздік құрамына баяғыда еніп, байырғылардың қатарына
қосылған оқу, білім, мектеп, кітап, өнер т.б. тəрізді толып
жатқан араб сөздерінде терминдік материал есебінде жиі
пайдаланып отырады.
Сайып келгенде, оның термин жасаудағы өнегелік үлгісі
күні бүгінге дейін маңызын жоғалтқан жоқ. Əсіресе, тілдің
бар қатпар-қыртысын, бар амал-тəсілін сарқа пайдалана
білуде А. Байтұрсынұлы үлгісі – таптырмайтын үлгі. Осы
қысқаша үзіктің өзіненде қазақ тіл білімінің, соның ішінде
қазақ терминологиясының негізін салған А. Байтұрсынұлы
деп түйін жасауға əбден болады.
А. Байтұрсынұлының термин жасаушы ретіндегі өне-
гесінен де нақты сала, яғни лингвистика ілімі бойынша
тереңірек талдауды мақсат етіп отырмыз. Сонда ғұламаның
сөзжасам əлеміндегі ішкі лабораториясын анық танып білуге
болады.
36
А. Байтұрсынұлының
терминжасам тəжірибесі
А. Байтұрсынұлының еңбектері, əсіресе, оның «Тіл –
құралы» мамандардың назарын əлі күнге аударып келеді.
Неге десеңіз, мұнда ол қазақ сөзін алғаш рет жүйелі түрде
терминдік мəнде қолданады. Міне, сондықтан мұны
қарастырудың жалпы лингвистикалық тұрғыдан да, қазіргі
қазақ тіл білімі тұрғысынан да қажеттігі анық. Бұл арқылы
біз қазақ тіл білімі ғана емес, бүкіл түркология ілімінде орын
алып келген олқылықтың орнын толтырамыз. Сонымен
бірге терминжасам ісінде ондаған жылдар бойы ескерілмей
келген алғашқы қалыптасу дəуірін саралай түсуге мүмкіндік
аламыз.
Лингвистика терминдерін жасау үшін ол жалпыхалықтың
тіл лексикасын еркінде шебер пайдаланады, оларға нақты
қызмет телиді. Бұлардың бəрі де лингвистика шеңберінде
шектеулі қолданыста күй кешкендей көрінгенмен, ше-
бер қолданыс арқасында орын-орнына тұра қалған тер-
миндерге тəнті боласыз. Бұлар мамандарға ғана емес, тіл
қолданушылардың бəріне бірдей түсінікті. А. Байтұрсынұлы
жасаған 10-20 жылдар ауқымында пайда болған терминдік
атаулар сол кездегі əдеби тіліміздің бір бөлігі боп енді де,
сол күйінде күні бүгінге дейін тұрақты түрде қолданылып
келеді.
А. Байтұрсынұлы заманынан бері əлеуметтік жəне қо-
ғамдық өмірде сан алуан өзгерістер болып жатса да, ол
жасаған терминдердің бұлайша тұрақтылық танытуы таң-
қалдырмай қоймайды. Мұның басты себебі жасалған
аталымдардың жалпы терминология теориясы талаптарына
сай дəлдігі мен табиғилығында. Сонымен бірге бұлардың
қазақ тілінің сөзжасам зандылықтарына тəн тəсілдерімен
жасалуында.
Қазіргі зерттеушілерді сүйсіндіретіні – əрбір терминнің
негізінде байырғы сөздердің тұратыны, соған қарамастан,
Достарыңызбен бөлісу: |