Терминологиясы



жүктеу 7,33 Kb.
Pdf просмотр
бет16/125
Дата28.11.2017
өлшемі7,33 Kb.
#2119
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   125

51
ашқан  халықаралық  лексиканың,  интернационалдық  сөз-
дердің есебіне жету, қазір тіпті де оңай шаруа емес.
Ұлт  тілдерінде  терминдер  жүйесінің  қалыптасуына 
үкімет тарапынан едəуір қамқорлық жасалғаны мəлім. Əрбір 
сөз, əрбір терминнің қызметі айқындалып, олардың өмірдегі 
өрісі  анықталды.  Ғылым  мен  техниканың,  оқу-ағарту  ісі 
мен шаруашылықтың, көркем əдебиет пен жалпы мəдениет 
салаларының өрістеуіне лайықты қарапайым халық тілі мен 
халықаралық лексиканың тығыны ағытылып, түйдек-түйдек, 
лек-легімен  қолданысқа  түскен  сөздер  шеруі  басталды.  Бір 
қарағанда,  айтуға  ғана  жеңіл  осы  процеске  көз  жүгіртсек, 
ұлттық  мəдениетті  өркендету  тіпті  де  жеңіл  болмағанын 
байқаймыз.  Шынында,  көп  іс  жаңадан,  əліппеден  бастала-
ды. Сол қолға алынған сансыз шаруаның бəрінде терминді 
аттап  өтіп,  терминсіз  іс  тындыру  мүмкін  емес  еді.  Сонау 
20–30-жылдардың өзінде-ақ алфавит, орфография, термино-
логия мəселелерінің бірінші кезекте əңгіме етілуі тегіннен-
тегін емес.
20-жылдардан  басталған  ғылыми-техникалық  термин 
жасау  ісі  күні  бүгінге  дейін  толастаған  жоқ.  Жылдар 
өткен  сайын  жазуымыз  сараланып,  əдеби  тіліміз  əрленіп, 
терминологиялық лексикамыз толыса, тұрақтана түсуде. Əр 
кезеңнің  өз  мөрі,  өз  міндеті  бар.  Сол  жылдарда  Қазақстан 
ғалымдарының, оның ішінде, терминологтердің айналысқан 
мəселелері  қандай  еді?  Бірінші,  жаппай  ана  тіліміздің  бай 
сөздік  қорын  пайдаланып,  термин  жасау  болса,  екіншіден, 
қоғамдық-саяси  терминдер  жүйесін  қазақ  тіліне  аударумен 
айналысты.  Бір  ұғымды  танытатын  бірнеше  термин  сөздер 
қатарласа  қолданылып,  тіліміздің  дəлдігі  мен  икемділігіне 
сəл де болса кедергі келтірген кезі де болды. Тіпті орыс тілі 
арқылы тілге еніп, сіңісіп жатқан халықаралық терминдердің 
өзін  қалайда  қазақша  аударуға  əрекеттенген  солақай 
сақшылықтың  да  (пуризм)  болғаны  белгілі.  Мұның  үстіне 
байырғы қазақ сөздерін терминдік мəнде қолдануда да неше 
алуан  қызық  жайлар  орын  алып  жатты.  Мысалы,  кіндік, 


52
орталық  немесе  топ  тəрізді  толып  жатқан  сөздер  осыған 
дəлел.
Жалпы,  ғылыми  тұрғыдан  түбегейлі  зерттеліп,  дəйекті 
бағасы  берілмеген  бұл  кезеңнің  мəселесі  өте  күрделі.  Та-
лай  талас-тартыстың  куəсі  болған  тіліміздің  терминдену 
сапасында қилы-қилы əрекеттер болды. Бағзы біреулер ана 
тілін барынша таза ұстау бағытында (А. Байтұрсынұлы т.б.) 
болса, енді біреулер, «тіліміз кедей, сондықтан оны шет тілі 
сөздерімен  байыта  түсуіміз  керек»  деген  пиғыл  жетегінде 
болды. Бұл екі бағыттың алғашқысы 30-жылдардың 2-жар-
тысына дейін бел алып келді де, содан былай қарай тілімізді 
интернационалдандыру бағыты күшейе бастады.
20–30-жылдары  мұндай  жағдай  тек  Қазақстанда  ғана 
емес, сонымен бірге басқа ұлт республикаларында да, оның 
ішінде түркі тілдес елдер тарихында да орын алған жай еді. 
Сондықтан  тіл  мəселесіндегі  бұл  процеске  саналы  түрде 
араласып,  нақты  жəне  түбегейлі  түрде  күн  тəртібіне  қою 
керек  болды.  Тіпті  кейбір  ғалымдар  келтірген  деректерге 
қарағанда, қазақ тілі, оның ішінде ғылым тілі Қазақ АССР-ы 
құрылған  сол 1920 жылдан  бастап-ақ  қолға  алынған.  Бұл 
іске  алғашында  Қазақ  АССР  Оқу  халық  комиссариаты 
жанындағы  Академиялық  Орталық  (АК  центр)  басшылық 
жасайды.  Академиялық  Орталық  өз  ішінен  ғылыми-əдеби 
кеңес құрып, терминология жұмысын соған жүктейді. Қазақ 
АССР  Оқу  халық  комиссариатының 1921–23 жылдардағы 
қызметі туралы есебінде мынадай жолдар бар:
«Қазақ ғылыми-əдеби кеңесі өткен жылдарда қазақ тілі-
нің дəл ғылыми терминологиясын (курсив автордікі – Ө.А.
жасаумен  айналысты,  оны  жергілікті  қазақ  баспасөз  орын-
дарында жариялап отыру арқылы жалпы жұрттың міндетті 
түрде қолдануын қадағалап тұрды»
23
.
Осы  шағын  құжаттың  мəнін  С.Бəйішев: «…біздің  кеңес 
жұртшылығымыздың  қазақ  даласында  Кеңес  өкіметі 
23
 
Қазақ ССР-інің Орталық мемлекеттік мұрағаты. 81-қ., 1-т., 56-іс.


53
орнасымен-ақ  қазақ  əдеби-ғылым  тілін  жасау  ісімен  айна-
лысқанын айқын көрсетеді»
24
, – деп атап айтады.
Қазақ  терминологиясының  мəселесі  ең  алғаш  рет 1924 
жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда өткен 
ғылыми  қызметкерлердің  І  съезінде  кеңінен  сөз  болған 
екен.  Мұнда  болған  салихалы  əңгімелер  термин  жасау 
ісіндегі кейбір принципті мəселелерді күн тəртібіне қойып, 
пікір  түйіндеуге  мүмкіндік  берген  сияқты.  Сөйтіп,  қазақ 
қауымы  алдағы  конференцияларға  біршама  дайындалғанға 
ұқсайды. 1926 жылы Баку қаласында болған түркологтердің 
Бүкілодақтық І съезі тікелей осы мəселелерді қарады. Мұнда 
арнайы жасалған бес баяндаманың бесеуінде де алфавит, ор-
фография жəне терминология мəселелері арнайы сөз болды.
1930 жылы Мəскеу қаласында халық ағарту ісін арнайы 
қараған  партияның  бүкілодақтық  мəжілісінде  де  КСРО 
халықтары  тілінде  термин  жасаудың  ғылыми  принциптері 
қарастырылды.
Қазақ  терминологиясына  қатысты  деректерді  қарап 
отырсақ,  Қазақстанда  терминология  мəселесіне 1925–1935 
жылдар  аралығында  Қазақ  ССР  Оқу  халық  комиссариа-
ты жанындағы Əдістемелік бюро жəне осы кезде құрылған 
Терминология  комиссиясы  жетекшілік  жасап  келіпті. 
1931 жылы басылып шыққан «Атаулар сөздігі» – сол жыл-
дар жемісі.
Осы  тұста  ғылыми-техникалық  прогрестің  түбегейлі  да-
муына тікелей қатысы бар жəне қазақ терминологиясының 
да дамуына əсері мол болған академик Е.А.Чаплыгин (1879–
1942) мен Д.С. Лоттенің еңбегін ерекше атауға міндеттіміз.
1933  жылы  осы  ғалымдар  ұсынысы  бойынша  КСРО 
Ғылым  академиясында  Ғылыми-техникалық  терминология 
комитеті  (КНТТ)  ұйымдасқан  болатын.  Бұл  комитет  тер-
минология  мəселесімен  шұғылданушы  барлық  мекеме-
24
 
Бəйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың негізгі принциптері 
мен міндеттері // Терминология сөздігі. Алматы, 1949. 1-кітап.


жүктеу 7,33 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   125




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау