200
тілдік құралдарын іске жарату арқылы беріліп отыр? Сол
арқылы тіліміздің болмысында бой көрсеткен қандай жаңа
нышандарды байқауға болар еді? Тіл мүмкіндігі, аудар-
машы мүмкіндігі, жаңашылдық жəне тəжірибе жалғасты-
ғы т.т. деген сауалдар көбіне-көп жауапсыз қала беретін
тəрізді.
Қазіргі кезеңдегі аударма ауқымын жай шолып өтудің
өзі онша оңайға түспейді. Бұған осы заманғы техниканың
көмегін пайдалануға тура келеді. Бұл салада жасалған
практикалық жұмыстар мен соның ғылыми мəселелерін
қарастырып жүрген мамандар тəжірибесін бір арнаға
түсіріп, соны зерттеуде пайдасы тиер бағыт-бағдарымызды
айқындап алар кезең туды. Ұлттық Ғылым академиясы мен
Қазақстан Жазушылар одағы бірлесе отырып қолға алатын
жұмыстары бұл салада да жетерлік.
Аударманың қазір сала-саласы бұтақтап, тамыр таратып,
дамып отыр. Көркем əдебиет пен саяси-қоғамдық əдебиет
аудармаларының сыртында, киностудия, көгілдір экран мен
эфирден берілетін неше алуан хат-хабарлар т.б. берілім-
дердің басым көпшілігі аударма материалдарынан тұрады.
Бұл саланы да қарастырып жүрген ізденушілер тобы пайда
болды. Мəселен, соңғы кезде жарық көрген Ə. Бөриевтің
«Кино аударма мəселелері» («Қазақ əдебиеті», 1979, 8 мау-
сым), К. Ахметованың «Мыңыншы аударма» («Қазақ əде-
биеті», 1975, 21 ақпан), сондай-ақ М. Əбдіқалықов т.б.
авторлардың мақалалары осыны байқатады.
Тарихы сонау 20-жылдардан басталып, жалғасып дамып
келе жатқан оқулықтар мен оқу құралдарының аудармасы
жайында да əлі мардымды зерттеу жұмыстары жазыла қойған
жоқ. Мұның да өзіндік ерекшелігі мол дүние. Оқу құрал-
дарын аудару мен көркем шығарманы аудару тіпті де
бірдей емес. Негізінен мектеп оқушылары мен жоғары
оқу орындарының студенттеріне арналатын бұл саладағы
жұмыста мəн берілетін ең басты мəселе тілдің терми-
нологиялық жүйесі. Осыны жеткізудегі аудармашы тəжі-
201
рибесі де кеңірек сөз болуға тиісті деп білеміз. Аудар-
маның бұл тармағы бойынша Қазақстан Республикасы
Білім министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Педагоги-
ка ғылымдары институты мен ұлттық Ғылым академиясы
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты қызмет-
керлері бірлесе көтеретін қаншама мəселе бар.
Біз бір кезде аударма дегенде бұл мəселенің тек бір
жағын ғана басымырақ əңгімелейтінбіз. Сондағы алдымен
тілге тиек етілетіні орыс тілінен қазақ тіліне аудару жайы
болатын. Бұл жағынан қол жеткен табыстарымыздың
жағдайы жоғарыда сөз еткеніміздей. Бірақ мұны да түбе-
гейлі зерттеліп бітті деп тоқмейілсудің жөні жоқ. Əлі
қыртысына тіс тимеген тың салалар бар екенін күннен-
күнге байқай түсудеміз.
Сонымен бірге кейінгі кезде аударманың екінші жағы,
яғни қазақ тілінен орыс тіліне (проза, поэзия, пьеса) аудару
мəселесімен айналысатын білікті мамандар молая бастады.
Бұл салада да аударылып жатқан дүние көп. Сол арқылы
біздің əдебиетіміз əлемдік мəдениет қорына өз үлесін
қосып отыр. Бірақ соның ішкі сырына үңіліп, ұлттық
мəдениетіміздің өзіне тəн өзгешеліктері қаншалықты
дəрежеде орыс тіліне, одан əрі басқа ұлт не шет тілдеріне
жеткізіліп жатыр дегенді көп уақыт бойы келелі əңгіме
ете алмай келеміз. Тілдік, стильдік ерекшеліктерді жеткізу
жағынан ойдан шыға алмай, олқы түсіп жатқан аудар-
ма үлгілері көкейде тұрғанмен, арнайы зерттеу жұмысы
жүргізілмегендіктен пікір айтуда шалағайлық байқалады.
Міне, осы ретте зерттеулер арқылы жұртшылық назарын
аударарлық мəселе көтере білген, сөйтіп өзіндік бетбұрыс
танытқан З. Жантекееваның, А. Жовтистің, Э. Лизунованың,
А. Нысаналиннің, М. Əуезовтің, Х. Садықовтың, Л. Сағын-
дықованың, С. Қоспановтың т.б. зерттеулерін, сондай-ақ,
шет тілдеріне аударылу сапасын зерттеу объектісіне ай-
налдырған К. Дүйсетаева, А. Ермағамбетова, Р. Жайсақова,
Б. Репин, Ю. Сушков тəрізді мамандар ізденістерін де атауға
202
болады. Мұның үстіне аударма зерттеушілердің əлі қолы
бара қоймаған туыс тілдердің бірінен екіншісіне аудару
мəселесі де аударма ғылымы үшін құнды материал беретіні
сөзсіз.
Міне, осыдан байқалатындай, бүршік атып, жапырақ
жайған, бұтақ таратып, тамырын тереңге жібере бастаған
аударма мəселесінің қарастырылуға тиісті сала-саласы
жетерлік. Жеткілікті мəн беріліп, түбегейлі зерттелмей
жатқан мəселелері тіпті көп.
Бұдан шығатын қорытынды мынау. Ғылымның маңызды
саласы екеніне көз жеткенмен, аударма мамандарын даяр-
лау жұмысы көңілдегідей болмай отыр. Бұл салада істелген
жұмыстың бəрі бірдей белгілі бір ғылыми мекеменің
жүйелі жоспарланудың нəтижесінде тындырып жатқан
ісі емес. Əрқилы мамандық иелерінің өзіндік əрекетінің
нəтижесі. Олар көбіне-көп жазушылар, журналистер, əде-
биетшілер, оқу-ағарту ісінің мамандары. Аспирантура арқы-
лы арнайы дайындалған бірде-бір маман жоқ. Мұны да ойла-
натын шақ жетті деп білеміз.
Соңғы уақытта, атап айтқанда, 80-90-жылдар аралығын-
да аударма мəселесіне, аударма тілінің мəдениетіне бұрын-
ғыдан да жиірек көңіл бөліне бастаған тəрізді. Мұны біз
мерзімді баспасөз бетінде, əсіресе, «Қазақ əдебиеті» газе-
тінде жарияланып жататын материалдардан айқын аңға-
рамыз. Сондай-ақ, «Жұлдыз» журналы, «Жалын» альма-
нағы, тіпті «Зерде» жəне Ұлттық Ғылым академиясының
Хабарлары да аударманың өзекті мəселелерін сөз ететін
материалдарды, зерттеулерді жариялап отыруды дағдыға
айналдырып келеді. Мұндай беталыс, сөз жоқ, жұмыстың
жандана түсуіне сеп болар нышандар. Осының бəрін жинақ-
тап келгенде айтарымыз, аударманы ғылым ретінде қа-
лыптасты десек те оның күн тəртібінде тұрған көптеген
мəселелері əлі түбегейлі тексеріліп, ғылыми талдамасы
жасалған жоқ. Ол үшін не істеу керек? Бұл жерде мəсе-
ленің түп тетігі мамандарға келіп тірелетінін тағы да қадап
Достарыңызбен бөлісу: |