188
Қазақтың көркем аударма мəдениеті үшін үлкен бір бе-
лес болғалы тұрған бұл кезеңді дəл танып, осы істе сəл де
болса жəрдемі тисін деген мақсатпен арнайы жазылған
мақалаларында жазушы, ең алдымен, аудармада түпнұс-
қаның сөз байлығын, ой тереңдігін, стиль ерекшеліктерін
дəл беруді міндет санайды. М. Əуезов аударма теоретигі
есебінде осы принципті өмір бойы қолдап өткен.
1937 жылғы 5 қаңтарда «Казахстанская правда» газетінде
жарияланған «Евгений Онегин» – на казахском языке» деп
аталатын мақаласында да аударма теориясының біраз өзекті
мəселелерін саралаған. Шындығында, М. Əуезовтің осы
алғашқы мақалаларынан былай қарай аударма ісінде бет
бұрыс бола бастаған тəрізді. Мұны өзіндік проблемалары
бар өзгеше өнер ретінде қабылдап, соның ішкі заңды-
лықтарына бойлағысы келген мақалалар осыдан былай
қарай шым-шымдап шыға бастайды.
М. Əуезовтен кейін аударманы іле-шала салиқалы
əңгіме еткен адам – белгілі сыншы, əдебиетші М. Қаратаев.
Оның 1937 жылы жарияланған «Жүз жылдан кейінгі Пуш-
кин», «Пушкин мен Абай» деген екі мақаласында орыс
халқының ұлы ақынының бүкіл адамзатқа, Абайға, қазақ
ақындарына тигізген игі əсерін əңгімелей келіп, соны
аударудағы қиыншылықтар мен принциптерді тарамдап
кетеді. Пушкинді аударудағы Абай үлгісімен І. Жансүгі-
ров, Т. Жароков, Ə. Тəжібаев, М. Дəулетбаев, С. Талжанов,
Қ. Аманжолов аудармаларын салғастыра отырып, болашақта
септігі тиер біраз ақиқатты алға тартады, кемшіліктерді
атайды. Сонымен, ол аударма еңбек туған əдебиетіміздің
үлкен саласы екенін дəлелдеуге тырысады. Отызыншы
жылдарда аударма мəселесіне мəн беріп, кесек пікірлер
айтқан еңбектердің елеулілері осылар.
Қырқыншы жылдарда елдің рухын көтерер, патриоттық
сезімін шыңдар туындылар аударылғанымен, аударма
проблемасына бағышталған жұмыстар онша көп бола
қойған жоқ. Соғыстың əлегі бұл салада да ізін қалдырды.
189
Яғни көңілдің аудармадан гөрі басқа мəселеге алаң болғаны
мəлім. Бұл тұста біз бір ғана еңбекті еске аламыз. Ол –
М.И. Ритман-Фетисов пен Б. Кенжебаевтың бірлесіп
жазған «Советтік Қазақстандағы аударма жұмысы»
72
деген
мақаласы. Мұнда да авторлар аударманың мəні, тарихы,
аударылған дүниелер жайын əңгімелейді.
Аударма мəселесінің шындап қолға алына бастағаны –
елуінші жылдар. Көп ұлтты Кеңес елінің жағдайында ау-
дарма мəселесінің қаншалықты рөл атқарып отырғанын
анық аңғарған партиямыз бен үкіметіміз бұл жылдары
мұны бүкілхалықтық проблема есебінде бағалап, бұрынғы-
дан да зор мəн бере қарады. Өйткені аударманың теориялық
мəселелерін жан-жақты зерттеп, оның даму кездері мен та-
рихын тереңірек тексерудің мезгілі жеткен болатын. Əр
кезде əр алуан қаламгерлердің қаламынан шыққан əрқилы
пікір-пайымдаудың заңдылыққа саятын ортақ қасиеттерін
анықтап, аудару тəжірибесіне пайдасы тиер заң-жобаларды
түзу қажеттігі туралы келелі бір кеңестің керек екенінде күн
тəртібіне пісіріп əкелген еді. Кеңес мемлекеті Жазушылар
одағы Басқармасының 1951 жылы өткізген бұл Бүкілодақ-
тық бірінші кеңесі көркем аударма туралы мəселе қарады.
Бұған дейін барлық орталық, республикалық баспасөзде
көркем аударманың көптеген мəселелері жайында кең пікір
алысылды. Осы пікір алысулар мен Бүкілодақтық кеңес
аударма ісіне жалпы жұртшылықтың назарын ерекше
аударғанын атап өткеніміз абзал.
Кеңес қарсаңында өзге республикалардағыдай Қазақ-
станда да біраз шаралар істелгені мəлім. 1951 жылы
С. Нұрышевтің «Творческое наследие И.А. Крылова в ка-
захской литературе XІX века», ал 1954 жылы «Абайдың
аударма жөніндегі тəжірибесінен» деп аталатын еңбектері
жарық көрді. Бұл екі еңбекте аударма мəселесіне арналған.
72
Конспект истории казахской советской литературы. Алма-Ата, 1947 (На
правах рукописи).
190
Алайда мұнда айтылатын пікірлердің бірсыпырасы даулы
да дəйексіздеу болатын.
Дəл осы кезеңде марксизм-ленинизм классиктерін ауда-
ру ісі де едəуір жолға қойылып, біраз тəжірибе жинақталып
қалған еді. Біртіндеп бұл мəселе төңірегінде де еңбектер
шыға бастады. Мəселен, Қ. Шəріповтың «Некоторые воп-
росы перевода произведений классиков марксизма-лени-
низма» деген еңбегі 1954 жылы, ал «О некоторых вопросах
перевода с русского на казахский язык» деп аталатын
М. Жанғалиннің еңбегі 1958 жылы жарық көрді. Мұның
екеуі де орыс тілінде жазылған.
Сондай-ақ осы жылдары жұртшылық қолына тиген
З. Ахметовтың «Лермонтов жəне Абай», С. Қирабаевтың
Спандияр Көбеев жөніндегі, Ə. Дербісалиннің Ы. Алтынса-
рин жөніндегі еңбектерінде де аударма жайы сөз болады.
Ал 1957 жылғы Қ. Қанафиеваның «Развитие переводче-
ского искусства в Казахстане» деген тезисі республика-
мызда аударма өнерінің қалай дамып, қалыптаса бастаға-
нын əңгіме етті.
Жалпы, осындай еңбектерге шолу жасай отырып, 50-
жылдары негізінен көркем аударманың ғылыми-теориялық
мəселелеріне едəуір көңіл аударыла бастады деп айта ала-
мыз. Бұл жылдары аударма мəселесіне əр алуан мамандық
иелері араласып, барлық газет-журналдар арқылы келелі
ой-пікірлер өрбіді
73
.
Қазақстан топырағында тұңғыш диссертация қорғал-
ды
74
. Аударма мəселелерін ғылыми тұрғыда қарастырып, қа-
73
Көркем аударманың кейбір мəселелері. Жинақ. Алматы, 1957; Қаратаев М.
«Тынық Донның» қазақшаға аударылуы жəне көркем аударманың кейбір
мəселелері // «Туған əдебиет туралы ойлар». Алматы, 1958; Жанғалин М.О.
О некоторых вопросах перевода с русского на казахский язык (из опыта пере-
вода произведений классиков марксизма-ленинизма). Алма-Ата: Казгосиздат,
1958.
74
Ландау Е. Русские переводы песен Джамбула. Автореф.дисс.канд.филол.
наук. Алма-Ата, 1953.
Достарыңызбен бөлісу: |