137
сөздер діни адамдарға арналса, араб, парсы тіліндегі түрі
қатты сақталады екен де, жай азаматтық əуенде қарапайым
нəрселер жазылатын болса, қазақ тіліндегі естілу нұсқасын
сақтайды. Осындай жайтты өзге де зерттеушілер байқайды.
Ертеректе – С. Аманжолов, Қ. Жұбанов, Х. Басымов т.т.,
кейінірек Б. Əбілқасымов, С. Исаев еңбектерінен
53
араб, пар-
сы сөздерінің жазылуы жайында мағлұматтар кездестіруге
болады. Жоғарыда аталған мақаласында Р.Ғ. Сыздықова
төңкеріске дейінгі жазу жүйеміздің біраз кемшіліктерін атап
көрсеткен. Араб алфавиті дауысты дыбыстарға бай емес.
Қазақ аффикстерінің жуан, жіңішкелік белгілерін бере ал-
мады; дауыстыдан басталатын сөз алдында сүйеніш таяқ –
алиф босқа тұратын еді. Дауыссыз дыбыстардың жазылуын-
да да жүйе болған жоқ. Ы – і дыбыстарын таңбалайтын бола
тұра, ол жазуда көрсетілмейтін – бір; септік жалғауы өзіне
тиісті сөзден бөлек жазылатын. Ал шылаулар сөздермен
бірге жазылады.
Қысқасын айтқанда, қазақ орфографиясы XX ғасырдың
басына дейін жүйесіз, қалай болса, солай жазылып келді
деген пікірге əбден қосылуға болады. Өйткені оңай нəрсе-
лердің өзін жүйелеп беруге араб жазуының мұршасы
болмағанын байқаймыз. Сондықтан да араб жазуына бай-
ланысты қазақ орфографиясының сол кездегі сыңайын
П.М. Мелиоранский өте дəл байқаған. Ол былай дейді:
«Қырғыздар (қазақтар – Ө.А.) орфографиялық ережені жеке
адамдардың көрсетуі бойынша ұстанып отырған, ал олар-
дың негізгі көпшілігінің сауаты шамалы болғандықтан,
жазуларында түсінікті қиындататын əр алуан қателер көп
болатын»
54
.
53
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. Алматы, 1966; Аманжо-
лов С. Қазақ тілі диалектологиясы мен тарихының мəселелері. Алматы, 1957;
X. Басымовтың «Еңбекші қазақ» газетіне жарияланған мақалаларын қараңыз.
54
Мелиоранский П.М. Краткая грамматика казак-киргизского языка. СПб.,
1894, Ч.І. С.13.
138
Араб жазуының осындай кемшіліктеріне байланысты
1914 жылы арабшылдар Орынборда қазақ-қырғыз оқыған-
дарының съезін шақырып, алфавитке біраз жаңалықтар
енгізеді. Бұл жерде кейін негізгі үлгіге айналған А. Бай-
тұрсынұлы өзгерістерін ерекше атау керек. Мұнда біраз
əріпті қысқартып жазу ережелері жүйеленді. Шынында, бұл
үлгі латын жазуына дейінгі мұқтажымызды өтеген, едəуір
прогрестік мəні бар жазу болатын. Бұл үлгіні күні бүгінге
дейін Қытай, Моңғол қазақтары тұтынып отыр. Осының
өзінен-ақ А. Байтұрсынұлы жасаған жазудың əлдеқайда
өміршеңдігін көреміз.
XІX ғасырда қазақ арасына орыс оқымыстылары мен
ойшылдарының келе бастауының нəтижесінде, халқымыз-
дың мəдени өмірінде елеулі өзгерістер бола бастайды.
Негізінен, патша үкіметінің тапсырмасын орындай келген
бұлар қазақтың тілін, тарихын, ауыз əдебиетін зерттейді.
Жер-жерде орысша мектептер ашылып, онда қазақ балала-
ры да оқиды. Енді қазақтар арабша оқумен қатар орысша
да оқи бастайды. Қазақтардың өз ішінен Ы. Алтынсарин,
Ш. Уəлиханов тəрізді орысша білім алған, озық ойлы аза-
маттары жетіле бастайды. Жоғарыда есімдері аталған
орыстың ориенталист-оқымыстылары қазақ тілінің факті-
лерін орыс графикасына түсіріп, орыс тілін үйренетін
қазақтар үшін жəне керісінше қазақ тілін оқитын орыс жəне
басқа ұлт өкілдері үшін оқу құралдарын жазумен айналыса-
ды. Сөйтіп, бұл кезең орыс оқуы мен араб жазуының астыр-
тын айқасқа түскен тұсы болатын.
Алайда орыс оқымыстыларының қазақтарға орысша
үйретіп, олармен араласа бастағанына қарап, патша үкіметі
саясатының астарын көрмей кетуге болмайды. Патша мен
орыс буржуазиясының мұндағы көксегені – бұратана елді
билеуге тікелей жəрдемдесетін қолшоқпар дайындау бо-
латын. Расында да, Ыбырай мен Шоқан сияқты жарқырап
шыққан жұлдыздар болмаса, ол кездегі орыс мектебі ең ал-
дымен, өз елін тізе бүктіретін толып жатқан қазақ чинов-
139
никсымақтарын берді. Олардың өз жұртына деген бар
жақсылығы бірінің үстінен бірі ұйымдастырған арыз-
шағымдарды орысшалап, ұлықпен екі арадағы итіс-тартыс-
та өз басына пайдалы, шашылған мүлікті қағып түсіп,
қылғыта беруден əрі асқан жоқ. Төңкеріске дейінгі халқы-
мыздың тарихында болған екі түрлі үлгінің пайдасы мен
зияны қысқаша айтқанда осындай.
Жазу – адамзат қауымы тапқан мəдени мүліктің ең асыл-
дарының бірі. Жазу əліппеге (алфавитке) тəуелді. Мəдени
өрлеуге себепші болған жазудың негізі алфавит деп тани-
тын болсақ, əліппені асқан даналықтың туындысы деп
қарауымыз керек. Мəдени прогрестің айқын бір белгісі ең
алдымен ғылым-білімнің өркендеуінен көрінеді. Білімнің,
ғылымның дамуы қай елді болса да мəдени өрлеуге же-
телейді. Егер кеңес өкіметі мəдени төңкерістің маңызды
бір тармағы – тіл қозғалысын, сауаттылық мəселесін қолға
алмаған болса, дəл бүгінгідей дəрежеге ешқашан да жете
алмаған болар еді. Біздің еліміз ешқандай саяси-əлеуметтік
өзгерістер мен экономикалық жетістіктерді көре алмаған
болар еді. Бұл тұста патшалы Ресей кезіндегі империализм
идеологтарының мына бір сорақы пікірін еске түсіру қажет:
«Олар тілдердің грамматикалық ережесін жазып, оған азда-
ған əдеби өң беріп, жазумен жабдықтап мектепке енгізуді,
сөйтіп соған лайықты халықтар тобын жасауды»
55
мақсат
еткенін жасырмай айтады. Ол кездегі «қамқорлықтың» сиқы
осындай екенін кезінде ұққан В.И. Ленин бастаған больше-
виктер партиясы ə дегенде жаңа жəне көне əдеби тілдердің
қай-қайсысын да қалыпқа түсіріп, дамытуды тарихи қысқа
мерзімде іске асыруға кірісті. Сауатсыздықты жою үшін
сауаттылардың сапасын анықтап, саналы əрекетке көшу ке-
рек болды. Осы мəнді мəселеде арқа сүйеріміз ғалымдар мен
алдыңғы қатарлы зиялылар болғаны мəлім. Солардың ішінде
озық ойлылары мен жоғары білімділерін жетекке алып, жаңа
55
Журнал Министерства народного просвещения. 1887, февраль. С.37.
Достарыңызбен бөлісу: |