75
Аудару кезінде қазақ тілінің грамматикалық ерекшеліктері
қатаң сақталуы тиіс. Веrіlіs – передача, kopkіl – много-
угольник, toqьma – текстиль, təqіrіjbe – практика тəрізді
терминдерді түсініксіз ететін жасанды сөзжасамға үйір
болмаған жөн.
Жетінші тармақта былай деп көрсетіледі. Есім жəне
есімденген етістік түріндегі халықаралық (интернационал)
терминдер сол түрінде алынсын. Ал -изация, -ификация,
-ация жұрнақтарымен келетін машинизация, электрифика-
ция, объективация сөздеріне қазақ жұрнақтары жалғанып
алынсын (машиналандыру, электрлендіру, объективтену).
Ал -ский, -ный жалғаулары арқылы жасалған анықта-
уыш сын есімдер қазақшасында қысқартылып популар кітап
(популярная книга), абсолют шама (абсолютная величи-
на), буржуаз идеология (буржуазная идеология), эктсен-
сив шаруашылық (экстенсивное хозяйство), дифференциал
теңгерме (дифференциальное уравнение) түрінде алынуға
тиіс. Сондай-ак, түбір сөздің к дыбысы ч-ға айналып -ский
жұрнағымен келетін сын есімдер жалғауы қазақшасында
қысқартылып электр шам (электрическая лампа), физика
география (физическая география) т.б. түрінде берілсін.
«Изолировать», «машинизировать» тəрізді есімнен бол-
ған етістік формалар қазақ тілінің жұрнақтары арқылы изо-
ляциялау, машиналандыру деп аталсын.
Сегізінші тармақта халықаралық терминология тəжіри-
бесінде қолданылып жүрген кейбір -ист, -изм тəрізді суф-
фикстер мен ре-, син-, де-, ант-, контр- тəрізді сөзалды
префикстерінің қазақ тілінде баламасы жоқ болғандықтан,
термин сөздермен бірге бұлар да қабылдансын, басқа қо-
сымшалардың бəрінде қазақша түрінде алу керек.
Тоғызыншы тармақта қысқарған сөздер жайы əңгіме бо-
лады, авто, аэро, авиа т.б. қазақ сөздерімен біріктіріп, ав-
тожол, автоқатынас, авиашана т.б. деп алынсын делінген.
Осы күнге дейін қазақша аудармасы беріліп келген дик-
татура, революция, совет, теория, практика, контррево-
76
люция, милитаризм тəрізді т.б. терминдер бұдан былай қарай
аударылмай, сол халықаралық қолданыстағы қалпынша
алынуы тиіс.
Оныншы тармақта өте маңызды мəселеге мəн беріледі.
Атап айтқанда, Қазан төңкерісінен бері, əсіресе, орыс тілінің
сөз жасау тəжірибесінде қолданылып келе жатқан біріккен
күрделі сөздер мəселесі əңгіме болады. Саяси экономия
(политэкономия), ауатком (райисполком) т.б. тəрізді жаңа
тіркесім терминдер қазақ тілі заңдылығына орай жасалып,
Мемтерминком бекіткен соң қолданысқа ендірілсін. Міне,
ең алғаш түзіліп, басшылыққа ұсынылған терминжасам
принциптерінің өзіндік осындай жетістіктерімен қатар,
біраз кемшіліктерінің болғанын да жасырудың қажеті жоқ.
Мəселен, кейбір халықаралық терминдер мен советизмдерді
сөз еткенде қайсыбір жүйесіздіктер көзге түседі. Оның
бер жағында, терминжасам процесіндегі қазақ тілінің өз
мүмкіндігі жан-жақты ашылып айтылмайды. Сондай-ақ
аударылсын деген сөздердің біразын аударудың керегі
жоқтығы, ал түпнұсқадағы күйінде берілсін дейтін сөздердің
қайсыбірінің тамаша баламасы бар екені көрінеді. Қысқасы,
күні кешеге дейін бұл істе орыста қалай болса, солай алу керек
деген пиғыл үстем болып келді. Соған қарамастан осындағы
көрсетілген принцип алдағы терминжасам процесіне қызмет
еткен құжат еді. Бұл принциптер күні кешеге дейін қаймағы
бұзылмай, емле ережелеріне де енгізілді, барлық сөзжасам
мен терминжасам процесінде қолданылып келді.
Терминжасам принциптері туралы сөз қозғағанда, біз
А.Н. Самойловичтің, Н. Сауранбаевтың, Қ. Шəріповтің,
М. Балақаевтың, С. Бəйішевтің
26
есімдерін еске аламыз.
26
Самойлович А.Н. Разработка научной терминологии на языках тюркской
системы // В кн.: Революция и письменность. 1936. №2; Шəріпов Қ. Терми-
нология принциптері туралы // Соц. Қазақстан, 1939, 27 желтоқсан, №297;
Балақаев М. Термин жасау принциптері жөнінде // Ғылым академиясының
Хабарлары, 1947; Бəйішев С. Қазақ тілінің терминологиясын жасаудың негізгі
принциптері мен міндеттері. Терминология сөздігі. 1-кітап. Алматы, 1948;
Халық мұғалімі, 1948. №5.
77
Бұлардың да терминжасам процесіндегі ұстанған негізгі
бағыты интернационалдық терминдерді жəне орыс тілінің
атау сөздерін өзгертпей, сол қалпында қабылдау дегенге
саяды.
50-жылдардағы баспасөз материалдарын қарап отырсақ,
терминжасау ісінде кезеңіне лайықты аздаған өзгешіліктер
кездеседі. Көптеген интертерминдердің қазақша балама-
сын (І. Жарылғапов, Ə. Сатыбалдиев, Р. Бердібаев) тауып,
қолданысқа енгізе бастаған жандар болған. Бірақ мұндай
бірен-саран əрекеттер кең өріс ала алған жоқ. Қазақ сөзін
осылайша терминдендіру əрекеті 70-жылдарға дейін со-
зылып келді. Терминдердің жалпыхалықтық сипат ала
бастаған тұсы кейінгі он жыл шамасы. Əсіресе, қайта құру
кезеңі көптеген сөздеріміздің терминдік қызметін жандан-
дырып, қамалы бұзылмай сіресіп тұрған кірме сөздерді тіл
заңдылығына сəйкестендіріп қабылдау бағыты қайта жан-
данды. Терминжасам процесінде əр алуан үлгілер өріс ала
бастады. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебені иеленіп, ол
Тіл туралы Заң мен Конституцияда заңдастырылуына орай
термин шаруашылығындағы көптеген кемшіліктерді түзеу
мүмкіндігі туды. Əсіресе терминжасам принципінен осы
уақытқа дейінгі орын алып келген қайсыбір қисынсыз шарт-
тарды қайта қарау қажеттігі көрінді. Кезеңнің сұранысын
дəл аңғарған ғалымның бірі – академик Ə.Т. Қайдаров.
Ол «Қазақ тілі терминологиясына жаңаша көзқарас» де-
ген мақаласында қазіргі жағдайды баяндай келе, өзіндік
11 принципті ұсынады. Сонау 35-жылдан бергі аралықта
терминжасам принциптеріне азды-көпті көңіл бөлген бірен-
саран авторлар болмаса, ауыз толтырып айтарлық еңбек
кездесе бермейтін. Сондықтан Ə.Қайдаров ұсынып отырған
бұл принциптерге көңіл бөліңкіреген жөн сияқты. Олардың
қысқаша мазмұны мынадай:
1. Мемлекеттік тіл тірегі – терминологияға мемлекеттік
қамқорлық.
2. Терминжасам ісінде көрініс беріп жатқан бұқаралық
үрдістің жақсы үлгілерін орнықтыру.
Достарыңызбен бөлісу: |