78
3. Байырғы лексикалық байлығымызды сарқа пайдалану.
4. Туысқан түркі тілдері тəжірибесін іске қосу.
5. Интернационалдық терминдерді қазақ тілінің фоно-
морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп алу.
6. Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген термин-
дік атауларды мүмкін болғанынша қазақшаға аударып
қолдану, аударуға келмейтіндерін қазақ тілінің фоно-мор-
фологиялық ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау.
7. Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ
тілінің өз негізінде алғашқы əріптері мен буындары бойын-
ша қысқартып пайдалануды заңдастыру.
8. Көп жылғы тəжірибе арқылы қалыптасқан дəстүр мен
шарттылық заңдылығын мойындау.
9. Лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша
жіктеп, саралап пайдалану.
10. Тіліміздегі ұлттық жəне интернационалдық термин
атаулардың сандық, сапалық салмағын табиғи қалпында
сақтаудың жолдарын іздестіру.
11. Терминдер мен атаулардың емлесін тіл заңына, жазу
дəстүріне сəйкес реттеу.
Əрине, бұл көрсетіліп отырған принциптер ешбір пікір-
талас тудырмайтын қағидалық дүние емес деп ойлай-
мыз. Сондықтан біз де бұл принциптер туралы ойымызды
түйіндемекпіз. Біздің ойымызша, ең негізгілері деп үшінші,
төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, он бірінші
принциптерді айтуға болатын сияқты. Басқалары күнделікті
қажеттілікке орай қатар жүргізіліп отыруға тиісті шаралар.
Солардың ішінде үнемі күнделікті назарда тұратыны – өз
байлығымызды сарқа пайдалану, түркі тілдері тəжірибесін
ескеру, интертерминдерді тіл заңдылығына сəйкестендіріп
қабылдау, дəстүр мен шарттылықты мойындау, атауларды
қысқартып алу жайы, жазу дəстүрімізді сақтау тəрізділері.
Терминжасам процесінде болып жататын ала-құлалықтар-
дың көбі осы шарттардың ескерілмеуінен, тіл заңдылығы-
ның аяқасты етілуінен деп білеміз. Заман талабы ескерілген
79
бұл принциптер, сөз жоқ, қазақ тілінде термин реттеуге себі
тиер игі үлгі. Мұндай жаңа үрдіс қазақ тілінің қайта жасалу-
ға тиісті емле ережелеріне енгізгені жөн. Қысқасы, осы
тараудан байқалатынындай, қазақ тілінде терминжасау ісін
шартты түрде бірнеше кезеңге бөліп қарауға болатын сияқты.
Бірінші кезең XX ғасырдың 10-жылдары мен 30-жыл-
дардың екінші жартысындағы аралықты қамтиды. Бұл – тер-
минжасам процесінің бастапқы кезеңі. Əуелгі қалыптасу
тұсында түрлі талас-тартыстардың, неше алуан бағыт-
бағдарлардың болғаны мəлім. Соған қарамастан, термин-
жасауда, негізінен, тіліміздің бар байлығын сарқа пайдала-
ну бағыты, басқаша айтқанда, терминдерді қазақыландыру
бағыты басым болды. Бұл жерде, сөз жоқ, А. Байтұрсынұлы,
М. Дулатов, Х. Досмұхамедов тəрізді тұлғалардың ықпалы
зор болғаны көрінеді.
Екінші кезең 30–40-жылдарды қамтыды. Бұл кезде араб-
шылдар мен латыншылдар айтыса келе, кейінгілер жеңген,
сөйтіп барып латынды тастап, кириллицаға ұласқан жыл-
дар еді. Бұл кезеңнің басты белгісі – интернационалдық
терминдер мен орыс атауларын тілімізге түпнұсқадағы
пішінін бұзбай, сол қалпында қабылдау болатын. Осының
нəтижесінде тіпті қайсыбір қазақ сөздерінің өзін орыс-
ша мақаммен айтатын дəрежеге жеттік. Алфавитімізге тіл
табиғатына тəн емес дыбыстар енгізілді, бөтен префикс пен
жалғаулар енді. Емле ережелері осы бағытта түзілді.
Үшінші кезең ретінде 40-50-жылдар аралығын əңгіме-
леуге болады. Мұның термин қолданыста алдыңғы кезеңнен
айырмасы шамалы. Негізінен, сол терминологиялық лек-
сикамызды интернационалдандыру, орыстандыру бағыты
жүріп жатты. Бұл жылдардың ұлттық лексиканы дамытуға
қосқан үлесі шамалы.
Төртінші кезең 50–70-жылдар аралығының үлесіне тие-
сілі. Бұл – қазақ зиялыларының соғыстан кейінгі жылдары
еңсе көтеріп, рухани дүниемізді зерделей бастаған дəуірі.
Газет, журналдарда қазақ мəдениетінің мəселелері кө-
теріліп, жазу-сызуымызға көңіл бөліне бастайды. Сол
кездегі баспасөз материалдарынан көптеген интертер-
миндердің қазақша баламалары жасалып, орыс сөздері-
нің қазақша сөйлей бастағанын байқаймыз. Тіпті асы-
ра сілтеп те жіберген кездеріміз болды. Соған қара-
мастан, бұл өз тіл байлығымыздың қадіріне жете бастаған
сəт есебінде бағаланды.
Бесінші кезеңге 70 жəне 90-жылдардың екінші жарты-
сына дейінгі аралықты жатқызуға болады. Бұл жылдардың
ішінде болған сан алуан қоғамдық өзгерістер ыңғайына
қарап, мұның өзін үш бөлікке жіктеп қараймыз.
Алғашқысы – тоқырау жылдары атанып, тарихқа енген
Брежнев заманы, екіншісі – қайта құру, үшіншісі – Кеңес
Одағының құлап, Тəуелсіз Мемлекеттер Достастығының
пайда болған заманға сəйкес туындаған тіл қозғалысы. Бұл
құбылыстың əрқайсының тілде қалдырған өзіндік ізі бар.
Əсіресе қайта құру мен тəуелсіздік туы желбіреген соңғы
бес-он жылдың мемлекеттік тілімізге, оның ішінде қазақ
терминологиясының қалыптасуы мен дамуына жасаған
ықпалы ұшан-теңіз. Болашақ зерттеулер біздіңше осы
кезеңдік сипат негізінде жүргізілгені мақұл деп ойлай-
мыз. Сонда ғана ғылым тілінің қалыптасу жолдарын нақты
саралауға болады.
81
ІІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ
НЕГІЗГІ КӨЗДЕРІ
а) Араб-парсыдан енген терминдік атаулар.
ə) Орыс жəне орыс тілі арқылы енген интернацио-
налдық терминдер.
б) Алғашқы газет, журналдардағы термин сөздер.
в) Термин қызметіндегі кірме сөздер.
Қазақ тілінің негізгі лексикалық қорын өзге түркі тіл-
дерімен салыстыра қарағанда (солай ету керек те) түбір
ортақтығы байқалады. Мұндай ортақтық тіпті алтай тіл-
дерімен салыстырып қарағанда да көрінеді. Кейінгі кезде
көптеген түркологтар осындай пікір өрбіте бастады. Бұл
жайында белгілі түрколог Ə.Т. Қайдаровтың еңбегінен
(«Структура односложных корней и основ в казахском языке»,
1986) толық мағлұмат алуға болады. Осы еңбек мазмұнымен
жəне басқа да зерттеушілердің еңбектерін қарастыра келе,
түркі тілдерінің негізі бір екеніне, оны дəлелдейтін фактілер
қай тілде де жетерлік екеніне көзіңіз жетеді. Сөйтіп, түркі
тілдерінің бəрінің түбірі ортақ тіл
27
, дегенге құлақ асуға
əбден болады. Айырмасы дыбысталуы жағында, яғни олар
əрбір тіл ерекшелігіне байланысты фонетикалық пішінге ие
болған. Бұл ортақ сөздер (түбірлер) кейін терминологиялық
лексиканың дамуына да негіз болды деп айта аламыз. Мұндай
қорытындыға қазірдің өзінде ортақ түбір негізінде жасалған
термин сөздер итермелеп отыр.
Осындай түбір ортақтығы болмаса, бірегей термино-
логиялық лексика жөнінде əңгіме қозғамас та едік. Осының
негізінде түбі терминологиялық ортақ қор жөнінде мəсе-
ле көтеруге болатын сияқты. Ал қайсыбір сөздер бұл
тілдерде сол ортақ қалпында терминдік қызмет атқарып
27
Языки народов СССР. Т. 2; Тюркские языки. М.: Наука, 1966. С.34.
Достарыңызбен бөлісу: |