44
Ымыралы дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымыралы
дыбыстардың таңбаларын айырту.
Ымырасыз дыбыс. Төмендегі сөздердің ішіндегі ымыра-
сыз дыбыстардың таңбаларын айырту.
Қосымша. Қосымшалар дегеніміз – сөз емес, сөзге жал-
ғанатын буындар.
Демеу. Сөз артынан жалғанатын демеулер алдындағы
сөзден сызықшасыз бөлек жазылады, ондай демеулер түбір
сөз бен жалғаудың арасында айтылатын болғанда, түбір
сөзге сызықшамен жалғанып, жалғаумен бірге жазылады.
Үндестік заңы. Үндестік заңына келмейтін «гер», «дікі»,
«паз» сықылды жұрнақтар түбір сөзге қосылып жазылады.
Түбір сөз. Төмендегі түбір сөздерге «м» жұрнағын
жалғатып, туынды сөз еткізу.
Туынды сөз. Төмендегі сөздерге «ынды» жұрнағын жал-
ғатып, туынды сөз істету.
Зат есім. Осындай нəрсенің өзін атайтын сөздерді зат
есім дейміз.
Сын есім. Осындай нəрселердің сынын көрсететін сөздер
сын есім деп аталады.
Сан есім. Міне, осы сияқты неше? қанша? деген сұрауға
жауап болатын жəне нəрсенің санын көрсететін сөздерді
сан есім дейміз.
Есімдік. Төмендегі сөздердің ішіндегі есімдік сөздерді
ажырату.
Етістік. Төмендегі сөздерді көшіріп, етістік сөздердің
астын сызып көрсетіңдер.
Үстеу. Осындай сөз үстіне қосылып, сөздің мағынасын
толықтыратын сөздерді үстеу дейміз.
Демеу сөз. Төмендегі сөйлемдерді көшіріп, ішіндегі де-
меу сөздердің астын сызып көрсетіңдер.
Біз бұл жерде ұлы ұстаздың термин жасам тəжірибесін
анықтай түсетін кейбір өзіндік үлгілерін ғана көрсеттік.
45
Осының өзінен-ақ тіл табиғатын терең түсініп, оны қажетіне
қарап саралап қолдана білетін жанның шеберлігін тануға
болады.
Əсіресе, байырғы сөздеріміздің бойындағы терминде-
нуге бейім қасиеттерін дəл танып, сарамандықпен жұмсай
білуде, теңдесі жоқ өнеге жасайды. Көп жылдар бойы таса-
да қалып, тұмшаланып келген бұл үлгіні енді терминжасам
принципінде еркін қолдануға болады. Қазіргі қазақ тілінің
терминдену, əдебилену сапасын қалыптастыруда бұл – тап-
тырмайтын үлгі деп білеміз.
Сонымен, біз бұл тарауда термин мəселесінің жалпы
тіл білімі мен түркология əлеміндегі зерттелу жайын бар-
лай отырып, термин сөздердің не екені, бұл жөнінде Еуро-
па тіл білімпаздары мен түркологтар едəуір еңбек еткені,
оған қойылар шарттар туралы сөз қозғадық. Ол – қоғам да-
муына орай жасалып, қалыптасатын жəне əдеби тіліміздің
күретамыры – ғылым тілінің дамуына септік жасайтын ар-
найы лексика. Атап айтсақ, термин баспасөздің, білімнің,
ғылымның, яғни жазудың пайда болуына байланысты
қанаттанады екен. Алайда ол өз-өзінен келіп сол баспасөздің,
ғылымның, білімнің құралына айнала қоймайды. Оның осы
салаларда еркін өмір сүруі үшін белгілі дəрежеде жасалу,
қалыптасу, даму сатыларынан өтуі керек.
Осы ретте қазақ тіл білімінің тарихында теңдесі жоқ үлгі
қалдырған ғажап лингвист, тамаша ақын, көсемсөздің көр-
некті өкілі, керемет мысалшы Ахмет Байтұрсынұлының
есімін ерекше ілтифатпен атаймыз. Қазақ сөзінің ғылыми
мəністік қауқарының күшеюі, байырғы лексикамыздың тер-
миндік сипатының кеңеюі алдымен А. Байтұрсынұлының
қызметіне байланысты. Ол жасаған тіл білімі терминоло-
гиялық лексикасымен əдебиеттану ғылымының терминдері
күні бүгінге дейін рухани мұқтаждығымызды өтеп отыр.
Бүгінгі үздіксіз өрістеп отырған терминологиялық процес-
те бұл əлі күнге теңдесі жоқ үлгі болып есептеледі. Əңгіме
осы үрдістің əлі жеткілікті дəрежеде тұтынылмай отыруын-
да. Бұдан былайғы жердегі мақсат осы А. Байтұрсынұлы-
ның үлгісін жаңа заман талабын ескере отырып, саналы
түрде тиімді пайдалану болса керек.
Сонда термин дегеніміз – ғылым мен техниканың сан са-
ласында пайда болып, қолданылатын арнайы лексика. Оған
қойылатын басты талап: дəлдік, қысқалық, жүйелілік, бір
мағыналылық. Олар құрылымы жағынан, негізінен, тілдік
жəне тілдік емес болып екіге бөлінеді. Тілдік терминдерге
түбір, туынды түбір, күрделі, қысқарған тіркесті терминдер
жатады. Ал тілдік емес деп отырғанымыз – неше алуан таңба,
белгі, графикалық символдар, математикалық, физикалық,
химиялық формулалар жəне цифрлар.
47
ІІ ТАРАУ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ТЕРМИН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ
а) Қазақ тілінде термин қалыптастыру – бүгінгі күн
талабы.
ə) Қазақ тілінде термин қалыптастырудағы Мемтер-
минкомның рөлі.
б) Терминологиялық сөздіктер жəне олардың термин
қалыптастырудағы орны.
в) Терминология жұмысының жандануы.
Ғылым мен техниканың сала-саласына орай өрбіген,
əрқилы мəні бар ұғымдарды пішіндеу əдеби тілдің ар-
найы саласы – терминологиялық лексикамыздың жасалып,
қалыптасуына жол ашты.
Жалпы, əдеби тіл дегеніміздің ауқымы кең, шеңбері
үлкен дүние ғой. Оны ғылыми əдебиетте тілдің дамыған
кезеңінің белгісі деп таниды. Ал дамыған кезеңге тəн
əдеби тілдің қасиетін танытатын басты арналарының
бірі – терминологиялық лексика екенінде дау жоқ. Яғни
терминдік жүйесі айқындалған жəне ғылыми ой-пікірлер-
мен техникалық тағылымды танытарлық сөз байлығы мол
тіл, ол болашағы мол, нағыз дамыған əдеби тілдер қатарына
жатса керек.
Осыған қарағанда, əдеби тіл қоғам өміріндегі өзгерістерге
орай өріс алып, дамып, соның мəдени санадағы айнасына
айналып отыратынға ұқсайды. Ал қоғам өміріндегі мұндай
өзгерістер əрдайым бірқалыпты бола алмайды. Белгілі бір
дəуірде эволюциялық дамудан революциялық сапаға ауы-
сып, ал кейбір кезеңде, керісінше, қалыпты күйге көшіп оты-
рады. Тілде пəлендей революциялық түбірлі өзгерістер бола
қоймағанмен, ол қоғамдық құбылыстардың бəрін қамтып,
соған лайық ұғым, түсініктерді сөз түрінде таңбалап береді.
Барлық өзгеріс, өрістер тілде көрініс бермей тұрмайды. Ал
Достарыңызбен бөлісу: |