331
сөздерімен шұбарласа көркем болады дегендіктен, екінші
өз тілдерінен пəн сөзіне лайық сөздер іздеуге ерініп, дайын
пəн сөздерді ала бергендіктен, түпкі ана тілі мен əдебиет тілі
бөлектеніп, өз сөздерін жат сөздер жұтып жіберу дəрежесіне
жеткен.
Қазақ жат сөзге əуестенбей, пəн сөздерін өз тілінен жа-
сауға тырысты. Əдебиет тілі ауылдағы қазақтың хат біле-
тін, білмейтін қайсысына да болса түсінікті болуын көздеді.
Тілі арасына жік түсіп, айырылмас үшін шетел сөздерін
амалсыз болған жерде ғана алатын тəртіпті қолданды».
Сөйтіп бүкіл ұлттың мəдениетінің қаулап қанат жаюына
ықпал жасаған шаралардың 20-30-жылдарда тіптен белең
алғанын айту лазым. Неге десеңіз, сауат ашудың жарқын бір
беттері осы кезеңге орайлас келеді. Оны біз сол кездегі зи-
ялы қауымның оқулықтарынан, сөздіктерінен, еңбектерінен
көреміз. Олар ғылымның əр саласында заман талабына сай
өз мамандары жоқ кезде əрі ақын, əрі жазушы, əрі аударма-
шы, əрі сыншы болуға тура келді.
Сонымен бірге қазақ оқығандары ғылымның əр сала-
сынан да ана тілінен оқулықтар мен оқу құралдарын жаза
бастады. Оған дəлел М. Дулатов (1885-1935) – ақын, жа-
зушы, драмашы, көсемсөзші, педагог, қоғам қайраткері.
Орыс-қазақ училищесін, педагогикалық курстарды бітіріп,
ауыл мұғалімі болып істеп жүріп, өздігімен білім алумен
айналысқан. Соның нəтижесінде əдебиет, мəдениет, тарих
жəне этнография, тіл білімі, математика жөніндегі 2 мыңнан
астам мақалалар мен еңбектердің авторы. Солардың ішінде
М. Дулатұлының «Есеп құралы» атты 2 бөлімнен тұратын
оқулығы 1914 жылы басылып шықты. 1914 жыл мен 1928
жылдар аралығында оқулық өңделіп, толықтырылып басы-
лып отырды. М. Дулатұлының осы оқулығында: көбейту,
мысалдар, есептер, алу, бөлу, қосу, өлшеу, сызғыш, есептану,
тік бұрыш, шаршы, түзу сызық, жаттығы, игеру, қосынды,
қосылғыш, ондық сандар, бірлік сандар, теңге, тиын, саты,
шақырым, қарыс, сүйем, көбейткіш, көбейтінді, есе артық,
332
есе кем, азайтынды, қалдық сан, бөлгіш, бөлінді, пұт, қадақ,
баспа табақ, таңба, көбейту кестесі, сағат т.б. жүзге жуық
математиканың жаңа терминдерін енгізген. Арада қанша
жыл өтсе де, бұл атаулар бүгінгі мектеп оқулықтарында
қолданылып жүр. Яғни ХХІ ғасырдың ұрпағына да өзінің
зор ықпалын тигізіп отыр, тигізе береді де.
Сондай еңбектердің бірі С.Қожанұлының «Есеп тану»
атты кітабы 1924 жылы Ташкентте басылып шыққан. Бұл
кітаптағы əр атау да өз баламасын тауып, өмірге жолда-
ма алған. Мысалы: аралас бөлшек, түбір, атаулы сан,
жалаң сан, дəреже, алым, бөлім, жақша, арту, белгі,
бөлінгіштік, артынды, дүркін, дүркінді бөлшек, көбейтінді,
құралғыштық, құрама сандар, бастапқы сандар, туынды
сандар, дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек т.б. бұл атаулар да
кейбір аздаған өзгеріспен осы күнге дейін тұрақты пайда-
ланылып келеді. Ал мүлдем қолданылмай тастағандарын
бүгінгі күнге қолдану мүмкіндігін ойластыруымыз ке-
рек. Осындай математика саласына тағы бір өз үлесін
қосқан Е. Омарұлының «Пішіндеме» оқулығы 1928 жылы
Қызылордада жарық көрді. Осы оқулықта тұңғыш рет гео-
метрия пəні атаулары қазақша өз баламасын тапты. Кітапта:
одағай (иррационал), түйін (теорема), құрылымдас (пропор-
ционал), өрістік (сектор), өре (диаметр), тетік (аргумент),
пішін (фигура), қатар сызық (параллель), кесе (перпендику-
ляр) т.б. төл терминдерімізді жасап, қазақ тілінің ғылымды
игеруге бейімділігін, икемділігін өзінің құнды еңбектерімен
дəлелдеп берді.
Кезінде Алаш зиялыларының бұл жазып, аударып, ба-
ламаларын тапқан терминдері араға 70-80 жылды салса да,
бүгінгі күндегі тілші ғалымдар тарапынан қолдау тауып
отыр.
Ал математика саласынан қазақ тілі саласына ауыссақ.
Ұлттық ой-сананы оятып, халықты, оның ішінде жас ұрпақты
білімге бұру мақсатымен жазылған атақты педагог, ағарту-
шы Ыбырай Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» (1879),
333
«Мəктубат» (1896) оқулықтарынан басталатынын білеміз.
Бірақ бұл қазақтарды орыс тілінде оқытудың бастапқы
əдістемелік нұсқауларының алғашқысы болғаны белгілі.
Сол кезеңдегі көптеген еңбектер қазақ балаларын орыс
тілінде оқытумен болған. Атап айтсақ, «Жазуға үйрететін
кнеге» («Букварь для киргиз», Қазан, 1892, 1894, 1908 жыл-
дары қайта басылған), «Қазақша букварь» (Нурбаев, Уфа,
1916), «Əлифбе, яки төте оқу» (И. Аралбаев, Уфа, 1911),
«Қазақша ең жаңа əліппе» (Малдыбаев, Уфа, 1912), «Қазақ
баласына жəрдем қазақша əліппе кітабы» (С. Сырғалин,
Қазан, 1913), «Үлкендер үшін əліппе» (жиюшылар: Ш. Са-
рыбаев, Е. Қожантаев, Ташкент, 1921), «Еуропалықтар үшін
екі жылдық оқу құралы» (Қ. Кемеңгерұлы, Қызылорда, 1929)
т.б.
Осындай еңбектерді оқып танысқан А. Байтұрсынұлы
мен Алаш ардагерлері қазақ балаларын таза өз ана тілінде
оқытуды көздеп, төл еңбектер жаза бастайды. Қазақ терми-
нологиясы сөз болған жерде Ахмет Байтұрсынұлына соқпай,
оның сол саланың білгір басшысы екенін айтпай өту мүмкін
емес, «Ұлт ұстазы» атанған А. Байтұрсынұлының өзге
ғалымдармен бірігіп жазған еңбектерін қоспағанда 15-тен аса
əліппе, оқу құралдарын жазған. Ғалымның еңбектері өздері
өмір сүрген, еңбек еткен дəуірінің жемісі, сол еңбектері
сол дəуірдің мұқтажын, талап-талғамын қанағаттандыруға
қызмет етті.
20-30-жылдары ұлттық мектебіміз бен тəлімдік ой-
пікірдің дамуына елеулі үлес қосқан қоғам қайраткерлерінің
бірі, педагог-ғалым, əдіскер, əдебиетші, лингвист, жазушы,
тарихшы жəне аудармашы Телжан Шонанов болды. Ғалым
сан алуан оқулықтар мен оқу құралдарының, қазақ тілі, тарих,
математика, география, педагогика, психология мəселелеріне
арналған мақалалар мен еңбектер жазған. Т. Шонанов
А. Байтұрсынұлымен бірге қазақ тілінің өркендеуіне, жазу
мəдениетіне, ұлттық мектептің дамуына өз үлестерін қосып,
бірлесіп қызмет жасаған. Ол А. Байтұрсынұлы екеуі 412
Достарыңызбен бөлісу: |