337
Сол мақсатпен 1935 жылы мəдени құрылыс қай-
раткерлерінің Бүкілқазақстандық І съезі ашылар қарсаңында
Мемлекеттік терминологиялық комиссиясы «Бюллетенінің»
төрт саны жарық көрді. «Бюллетеньнің» бұл сандарын-
да алдағы зерттеу жұмыстарына бағыт-бағдар сілтейтін
материалдар жарияланды. «Бюллетеньнің» 1935 жылы
небəрі төрт-ақ саны шығып үлгерсе де, терминология
мəселесін үлкен əлеуметтік дəрежеге көтеріп тастады.
Сонда «Бюллетеньнің» төрт санында 17 ғылыми мақала
жарияланған. Термин мəселесінің өзіне 7-8 мақала арналған,
ал қалғаны орфография мен алфавитті əңгіме етеді.
«Бюллетеньнің» алғашқы санында Қ. Жұбановтың «Қазақ
əдебиет тілінің терминдері туралы» («Термины казахского
литературного языка») деген атпен мақала екі тілде берілсе,
«К пересмотру казахской орфографий» мақаласы орысша
берілді. «Қосар ма, дара ма?», «Қазақ емлесі мен əліппесіне
кіргізілетін өзгерістердің жобасы» атты мақалалары
жарияланған болатын.
Ал екінші санында «Физика терминдері жайынан»,
«Математика терминдері жөнінде» атты мақалаларымен
қоса тағы екі ғалым екі тілде «Терминдердің спецификасы
жөнінде» («О специфике слов-терминов»), «Қазақ тілі ор-
фографиясы мен алфавитіндегі өзгерістер жөнінде жоба»
(«Проект изменений орфографий и алфавита казахского язы-
ка») деген мақалалары басылған. Қарап отырсақ, Қ. Жұбанов
сол кездің өзінде-ақ кезеңнің тілек-талабына сай мұқтажын
өтейтін мəселелерді əлеумет талқысына салып, көпшілік на-
зарына аудара білген.
Қазақ филологиясының тұңғыш профессоры Қ. Жұба-
нов – тіл білімінің əр алуан саласына өзіндік із қалдырған
ғұлама. Өз кезінде профессор А. Ысқақов атап өткендей,
«Қ. Жұбанұлы тіл білімінің барлық салаларымен де шұ-
ғылданған; қазақ тіл білімінің ол араласпаған, я қатыспаған бір
де бір қалтарысы қалмаған деуге болады. Өйткені оның ғылыми
мұрасынан қолды болмай аман сақталып, бізге дейін келіп
338
жеткен еңбектерінің өзін барласақ, олар қазақ тілінің фонети-
касын да, грамматикасын да, қазақ тілінің тарихын да, қазақ
жазуы, оның емлесі, терминологиясы – бəрі-бəрін қам-
тиды».
Қазақ ғалымдарының ішінен термин сөздің тұңғыш рет
ғылыми анықтамасын жасаған Құдайберген Жұбанұлы бола-
тын. «Бұдан жарты ғасыр бұран профессор Қ. Жұбановтың
терминдерге қойған талаптары, берген анықтамалары кейінгі
кездегі көрнекті тіл мамандарының айтқан пікірлерінен
алшақ емес».
Тұңғыш профессор Қ. Жұбановтың да қазақ терминоло-
гиясын қалыптастырудағы орны бөлек. Ол терминжасам-
ның ғылыми принциптерін алғаш түзген жан. «Осының
негізінде бұдан былай қарай термин жасау ісі белгілі бір
ғылыми жүйеге, тіл заңдылығына сəйкес қабылданған прин-
циптер негізінде жүргізілетін болды. Яғни, термин жасаудың
ортақ принципі түзіліп, оның басқа маңызды мəселелері
шешім тапты».
Қазақ тіл білімінің негізін қалаған А. Байтұрсынұлы
мен Қ. Жұбанұлы жайындағы бір пайымдауында академик
Ə. Қайдаров былай дейді: «ХХ ғасырдың бір ширегінде,
ескі мен жаңаның жанталасқан қарбалас кезеңінде, қазақ
халқының маңдайына Үркердей шоғырланған бір топ
ғұлама-ғалымдардың арасында ерекше көзге түскендердің
бірі – профессор Құдайберген Жұбанов еді. Енді міне, қалың
жұртшылық өлгені тіріліп, өшкені жанып, сол абзал азама-
тымен қайтадан қауышып жатыр. Ел-жұртымен алдыңғы
қарлығаш жүз көріскен профессор Қ. Жұбанұлы есімі
еді. Сол ағалардың қоғамдағы орнын анықтауда маңызды
қоғамдық ой-талғамды қажет етеді. Филология саласын-
да осыған орай сөз болатын екі арыс: Ахмет Байтұрсынов,
Құдайберген Жұбанов!
Бұлардың айырмашылығы неде десе, мен: «Айырмашы-
лық өмір сүрген уақытта, ағарту ісіне, тіл біліміне қосқан
үлесі мен шешкен шешімі мен проблемаларында; əр ғалымның
339
өзіне тəн қайталанбас тамаша ерекшеліктерінде!» дер едім.
Біз бұл ғалымдардың екеуін де қазақ тілінің іргетасын
қалаушылар деп айтуға қақылымыз. Бірақ Қ. Жұбанұлы
басқалардан ерекше қазақ тіл білімінің ғылыми негізін
қалаушы деп аталуға тиісті». Осыған байланысты қазақ тіл
білімінің ғылыми негізін салушы Қ.Жұбанов қолданған пəн
сөздерге тоқталуға болады. Кіріккен сөз, қиюлы сөз, қосар
сөздер, хабар сазды сөйлем, хабарлы сөйлем, қиюлы кіріккен
сөздер, əріп қиюлылар, аралас қиюлылар, сонар дыбыстар,
үнсіз дауыссыздар, үнді дауыстылар, ерін қамаулысы, ерін
дауыстылары, езу дауыстылар, ауыз жолды дауыссыз,
еріндік, езулік, ашық буын, жалаң ашық буын, жеңіл тұйық
буын, ауыр тұйық буын, жеңіл бітеу буын, ауыр бітеу буын,
сөз сазы, толық дауысты, келте дауысты, қосынды дауыс-
ты, тура жолды сонарлар, үздіксіз жуысыңқы, ерін дауыс-
сызы, мұрын жолды айналма сонар, көмей дауыссыздары,
сыбыр дыбыс, сыбыс быдыс, тіл дауыссызы, үнді, үнсіз,
үздікті, үздіксіз дауыссыздар, жабысыңқы, жуысыңқы,
тура жолды, мұрын жолды, жалаң буын.
Төл пəн сөздерді қалыптастыруда, Ахаң жолын жалғас-
тырған Қ. Жұбанов атау сөздерді, ғылыми ұғымдарды, дəл-
дік пен нақтылық талаптарын өте мұқият ескеріп отырған.
Алла қазаққа рухани əлемімізді асқақтатар асыл азаматтар
беруден тарынбаған. Сондай дарынды азаматтарымыздың
бірі – ақын Мағжан Жұмабаев. Ол тіл байлығымыздың үлкен
бір саласы – терминологияға да өз үлесін қосты. М. Жұма-
баев – «Педагогика» атты оқулықтың авторы. «Педаго-
гика» (баланы тəрбие қылу құралы) атты əрі оқулық, əрі
методикалық сипаты бар кітабы 1922 жылы Орынборда,
1923 жылы Ташкентте басылып шыққан. Ағартушының
өз сөзіне жүгінсек, «Кітапты бір орыс кітабынан тура
тəржіма деуге болмайды. Алдына бір кітапты жайып қойып,
бұрылмастан көшіре бергенім жоқ. Тəрбие ғалымдарының
пікірлерін тыңдап алуға ұмтылдым. Шамам келгенше қазақ
жанын қабыстыруға тырыстым (Көп пайдаланылғаны – Ру-
Достарыңызбен бөлісу: |