Қазақ
мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
103
Ключевые слова: язык, двуязычие, многоязычие, билингвизм, мультилингвизм,
иностранный язык, индивид, явление, глобализация, языконоситель, средство общения,
аспект, полиглот, межкультурная коммуникация, языковая среда, изучение языка,
лингвокультурология, конкурентноспособный, современная технология.
SUMMARY
Koitasova G.A.,
senior teacher, master
(
city Almaty,
University of Foreign Languages and Business Career)
Innovative teaching of foreign languages and training future multilingual individuals in
the lingvo-cultural aspect globalization epoch
The article is devoted to a current issue of bilingual and multilingual occurence in our
country. In lingvo-cultural aspect of studying, it says about positive influence on individuals in
learning foreign languages, the importance and necessity of teaching and training multilingual
individuals in the globalization epoch.
Keywords: language, bilingualism, multilingualism, foreign language, individuals,
occurrence, globalization, native speakers, communication, aspect, language environment,
language learning, lingvo-cultural competence, competitive, modern technology.
ӘОЖ 41 Қ 77
АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУ
Г.Б. Құрмашева, 2 курс магистранты
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті)
Аңдатпа: Бұл мақалада ағылшын тілі сабағында оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыруда ойын элементтерін қолдану әдістері қарастырылады.
Түйін сөздер: танымдық қызығушылық, танымдық әрекет, оқу үрдісі, оқыту
әдістемесі,
ойын элементі,
іздену дағдысы, әдіс-тәсіл т.б.
Елбасы Жолдауында кез келген орта санатты мектептің балаларының ең жоғарғы
деңгейдегі шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дәрежеге қол жеткізуіміз керек
делінген. Жалпы орта білім беретін мектептерде қазіргі таңда шет тілін меңгертуге аса
мән беріліп отыр. Қазақстан Республикасындағы ең бірінші кезекте тұрған тіл саясаты
туралы басты мәселе мемлекеттік тілді еркін меңгерту, шет тілін меңгертудегі басты
мақсат – білім алушылардың сапасын халықаралық стандартқа сай көтеру. Бұл үшін
жетілдірілген әдіс – шетел ғалымдарының іс-тәжірибелерімен танысу қажет екендігі
ешбір дау туғызбайтыны белгілі.
Қазақстанның білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне біртіндеп өтуі
жағдайында шетел тілдерін оқытудың рөлі артады. Әрине ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің бірі – ойын элементтерімен іс-әрекеттер арқылы оқыту. Ойын элементтері
оқытудың бір түрі болып табылады. Бұл әдістің тиімділігі оқушылардың белсенділігін,