56
тілдерде буын түрлері дауыстылардың қалыптылығы мен созылыңқылығына байланысты
ерекшеленеді: алт. e:-ri `ері, ер-тұрманы`, қырғ. u:-zï `уызы`, түркім. ü:-ni `үні`[5, 179-184.].
Түркі тілдеріндегі буынның сөз просодикасына, редукция, метатеза, ықшамдалу,
қыстырма дыбыстардың пайда болуы т.б. сияқты морфонологиялық құбылыстардың
қалыптасуына буынның қатысы, ықпал-әсері мәселесіне ерекше мән берген А.Айғабылов
түркі тілдерінде кеңінен таралған әрі мойындалған буын түрлеріне талдаулар жасайды.
Ғалым äkireŋde, žаpïrаq, bаqïrаj, атïrаp, žаdïrа, qаqïrа т.б сөздердің сөйлеу барысында ä-
kreŋ-de, žа-prаq, bа-qrаj, а-тrаp, žа-drа, qаq-rа түрінде буынға жіктелетінін сөзге тиек ете
отырып, «буын басында екі дауыссыз қатар келмейді» деген қағиданы қайта қарау керектігін
ұсынады және «b, p, t, d, k, q шұғыл дыбыстары өзінен кейін тұрған r дыбысымен тіркесіп,
сөз ортасында басталатын буындардың алғашқы қос дауыссызы ретінде келе алады. Бұл
позициядағы буынның жазылу нормасын анықтап, b мен r, p мен r т.б. дыбыстардың арасына
дауысты дыбыс қойып жазуды белгілегенмен орфоэпиялық нормасы қалай болу керек
дегенге мән бере қойғанымыз жоқ» [6, 18] деген пікір айтады. Зерттеуші көзқарасы буын
сөйлеу актісінде айқындалатын құбылыс болғандықтан қалыптасқан орфогафиялық норма
қазақ тіліндегі буын түрлері мен буын жігін ажыратуда қайшылықтарға ұрындыруы мүмкін
екенін меңзейді. Буын құрылымы мен шегін анықтаудағы қайшылықты мәселелер басқа
түркі тілдерінде де кездеседі.
Тілдің ең шағын бірлігі саналатын буын мен морфема әрдайым сәйкес келе бермейді.
«Сөздің бүтін кесегі – фраза. Фразаның өзі де әлденеше семантика-фонетикалық (синтагма,
ритмикалық топ) мүшеге жіктеледі. Сөздің мұндай жіктелуі оның морфологиялық жіктелуіне
сәйкес келмей, акустика-артикуляциялық жіктелумен үйлеседі. Осындай дыбыстық топқа
жіктелген сөз ағымының майда мүшесі буынды құрайды. Буын – сөз ағымындағы кілт
бөлініп айтылатын дыбыс тобы, тұтасы» [7, 96]. Буын мен морфеманың сәйкессіздігі
флективті жүйеге негізделген хамит-семит, славян, роман-герман тобындағы тілдеріне тән
болғанымен жалғамалы тілдер қатарындағы түркі тілдерінен де аңғарылады. Мысалы, қазақ
тіліндегі синхронды тұрғыдан екі буынды түбір саналатын bаlа лексемасы екі буынға
бөлінеді bа+lа немесе bаl+а, морфемдік-компоненттік талдау негізінде bаlа лексемасын
түбір морфемаға және тарихи модификаторға (алтай тілдеріндегі туыстық атаулардың
құрылымына сәйкес, аналогиялық әдіспен: *аn+*а, *böl+*е, *žоr+*а (жора-жолдас),
*qud+*а т.б.) ажыратуға болады: *bal→balbal `ритуальный камень` (ДТС, 80); Е. 32; КТү. 16:
bаšlаju qïrқ аз qаγаnïγ balbal tiktim «Қырқ аз қағанынан бастатып балбал қойдым» КТү. 25
(Айд. I, 176) ~ қаз., ққалп., қырғ. bаlbаl `сын тас`. Монғол тiлiнде бал балбалах тiркесiнiң `қаз
тұру`, `қаз-қаз басу` мағыналары тiркелген (МҚС, 63). Түркiлер дәстүрiндегi балбал тасты
тiгiнен тұрғызып қою balbal сөзiнiң семантикалық уәжiне негiз болып тұрса, bаlа
лексемасының семантикалық уәжіне де `қаз тұру`, `тік тұру` семасы негіз болған. Сонда bаlа
сөзін bа+lа түрінде буынға бөлгенде бірінші буын түбір морфеманы толық қамти алмайды,
бір бөлігі екінші буынның құрамына ауып кеткенін аңғарамыз.
Буын мен морфема бір-біріне толықтай сай келетін, буын да морфема да әрдайым
тұрақтылығын сақтайтын тілдер де бар. Бұл құбылыс негізінен буындық жүйедегі қытай-
тибет тобындағы қытай, бирма, ветьнам тілдеріне тән. Буын тілдерде буын өзгермейтін
дыбыстық жасалым ретінде сөйлеу барысындағы ауа ағымында фонологиялық құрамын да,
артикуляциялық-фонациялық шекарасын да өзгертпейді. Қазіргі агглютинативті түркі тілдері
де флексиялық құрылым дәуiрiн басынан өткiзгенін тілдегі ішкi флексияның реликт
белгілері көрсетіп отыр. «Бұдан кейiн полисинтетикалық құрылым (түбiр тiл) дәуiрi
келгенін, түркi тiлдерi дамуында жалғамалылыққа дейiн флексиялық, синтетикалық
кезеңдердi басынан өткізгенін белгiлi түркологтардың көпшiлiгi мойындайды» [8,5]. Буын
жүйелі тілдерде буын құрамы қарапайым, ал дыбыстық құрамы тым күрделі болып келеді,
морфема фонологиялық тұрғыдан буыннан қысқа болмайды. Буын морфеманы жасаушы
тілдік
элемент
болғандықтан
буын
құрамынан
морфема
шегі
ажыратылмайды,
силлабема/буын құрамы жағынан фонемаға сәйкес келетін бірлік ретінде танылады. Буын
құрылымды емес тілдердің көпшілігінде бір буын екі морфеманың бөліктерін қамтыса, бір
57
морфема екі буыннан тұруы мүмкін. Бұл тілдерде буын және буынға бөлу сөз мағынасымен
байланыста қарастырылмайтындықтан буын фонологиялық бірлік бола алмайды. Буынды
фонологиядан тыс қарастыру буынды табиғи тілдік факторлардан алшақтатып, буынжасам
мен буынның жігін ажырату мәселесінде үлкен теориялық қайшылықтар тудырғандықтан,
оны біртұтас тілдік бірлік, сөйлеуші санасындағы танылған ұғымның өзегі/ядросы ретінде
қарастыруға ден қойылды.
Жалпы лингвистикада буын табиғатын түсіндіруге байланысты әртүрлі бағыттағы
бірнеше теория қалыптасқан, олардың кең таралғандары: үнділік (сонор) теориясы,
экспираторлық теория, бұлшық ет қысымы – күші (ширығу) теориясы.
Сөзжасамның акустикалық критерийлеріне
сүйенетін үнділік (сонор) теориясы
бойынша буын – үнділік деңгейі жоғары дыбыс пен үнділік деңгейі төмен дыбыстардың
тіркесі (Отто Есперсен);
тіл дыбыстарының үнділік деңгейі бірдей емес,
шуыл дауыссыз
дыбыстар ең аз мөлшерде үнді болса, үнділіктің ең көп деңгейі дауыстылардан көрініс
береді; буын құрауға кез-келген дыбыс қатыса алады үнді элементтердің үнсіз
элементтермен үйлесімділігі – буынның негізін қалайды [9, 12-13.]. Синхрониялық тұрғыдан
ұяң шуыл дауыссыздар акустикалық ерекшелігіне байланысты буын құрауға қабілетсіз,
үнділік дауысты дыбыстар мен үнді дауыссыздарға ғана тән.
Сонор теориясы дыбыстардың
антропофониялық қырларына сүйенетіндіктен буын ажыратудың акустикалық қырларын
анықтауда нәтижелі болып табылғанымен дыбыстардың үнділік деңгейі айтылу барысында
өзгерістерге түсу мүмкіндігін аша алмайды.
Экспираторлық теория бойынша буын – сөйлеу үдерісіндегі ауа ағымының бір
толқынында айтылатын өзара үйлесімді дыбыс тіркестері (Стетсон).
Дыбыс шығару
вибрациялық толқындардың өзгерістеріне байланысты болғандықтан демнен шыққан ауа
ағыны буын жасаудың физиологиялық негізі болып табылады.
Буынның шекарасы мен ауа
ағыны әрдайым сәйкес келе бермейді, бір фонациялық ағымда бірнеше буын айтылуы
мүмкін, буынжасам сөйлеу кезіндегі демнен шыққан ауа ағымының бір реткі кеңею және
тарылу үрдістерінің нәтижесінде жүзеге асады. Эспираторлық теория физиологиялық
факторды ғана негізге алатындықтан буынжасам ерекшеліктерін жан-жақты түсіндіріп бере
алмады. Тіл білімінде эспираторлық теория мен сонор теориясының ұстанымдары мен
методологиялық негіздерін ұштастыра отырып, буын табиғатын түсіндіруге де талпыныстар
жасады (Э.Сиверс, В.Томсен т.б ). Осы бағытты қолдаушы ғалымдар эспираторлық теория
мен сонор теориясының бір-біріне қайшы келмейтінін, қай-қайсысы болмасын дыбыстың
әртүрлі деңгейдегі үнділік сапасына, фонациялық ауаның жиілігіне негізделетінін көрсетеді
[10, 219].
Бұлшық ет қысым–күші (ширығу) теориясы бойынша буын - фонациялық ауа
ағымының дыбыс шығару органдары бұлшық еттерінің бір реткі ширығуы мен босаңсуы
аралығындағы үзігі (Л.В.Щерба т.б.) Бұлшық ет қысым-күші теориясы буынды дыбыс
шығару органдары бұлшық еттерінің ширығуынан пайда болатын қысым негізінде
қалыптасатын сөйлеу актісінің бөліктері ретінде қарастырады. Бұлшық ет қысымы теориясы
буын жігін ажырату, буынның құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіру мәселелерінде біраз
нәтижелерге қол жеткізгенмен буынтану проблемаларын толық шешіп бере алмады.
Буын
тілдің дыбыстық материясын жасауда аса маңызды қызмет атқарады. Әрбір тіл өзіне ғана тән
буынның
типтік
модельдерін
дыбыстардың
буын
құрамындағы
белгілі
бір
позицияларындағы қолданыс шекарасының ерекшеліктерімен сипатталады.
Әр тілдегі буын табиғатының өзіндік ерекшеліктерінің болуына байланысты
туындайтын қиындықтардың бірі – буын құрамындағы дыбыстардың үнділік деңгейінің
градациялық шегін айқындауда экспериментальды фонетиканың зерттеу нәтижелерін ғана
қолдану жеткіліксіз. Себебі дыбыстардың үнділік деңгейінің өзгерістері тек акустикалық-
физиологиялық
мүмкіндіктерге ғана
байланысты
емес,
олардың
эмоцианальдық-
экспрессивтік жағдаятқа байланысты немесе басқа да мотивтерге негізделген семантикалық
реңктері болуы мүмкін. Түркі тіл білімінде де буын табиғатын анықтауда жалпы тіл
біліміндегі теориялық ұстанымдар мен методологиялық амалдар негізге алынуда. Түркі
Достарыңызбен бөлісу: |