54
Түрікмен тіліндегі жуан-жіңішкелік үндестігіне кейбір күрделі сөздер, бір нұсқалы
қосымшалар жалғанған сөздер және басқа тілден енген сөздер бағынбайды. Бұл құбылыс
түркі тілдерінің көпшілігіне тән. Өзбек әдеби тіліне палатальды және лабиальды үндестіктің
реликт құбылыстары тән, сингармонизм өзбек тілінің кейбір говорларында ғана
фонетикалық заңдылық деңгейінде қолданылады. Ұйғыр тілінде дауыстылар үндестігі
негізінен сақталғанымен ауытқушылықтар жиі кездеседі, мысалы, бір сөз құрамында тіл
алды, тіл арты дауыстылары қатар қолданылады: altä `алты`, toxsän `тоқсан` т.б. Ұйғыр
тіліндегі сингармонизм заңдылығының бұзылуы сыртқы факторлардың ықпалы ретінде
түсіндіріледі. Хакас тілінде дауыстылардың жуанан-жіңішкелік үйлесімі негізінен бірізді
болып келеді (palïxčï `балықшы`, istenčiler `қызметшілер`), ерін үндестігі таңдай үндестігімен
қатар жүреді (kümüs `күміс`, puluŋ `мүйіс`, purun `мұрын`),орыс тілінен енген сөздер үндестік
заңына бағынбайды. Халадж тілінде дауыстылардың жуан-жіңішкелік үндестігі негізінен
сақталады (juorïš `жүріс`, veriš `беріс`), халадж тілінің кейбір диалектілерінде жіңішке
дауыстылардың еріндік нұсқаларының болмауына орай ерін үндестігі жүйесіз түрде көрініс
береді. Чуваш тіліндегі үндестік заңдылығы да палатальды сипатта болады (jaltan
`деревнядан/ауылдан`, xirten `даладан/қырдан`), ерін үндестігі жоғарғы диалектінің
гворларында кездеседі. Чуваш тіліндегі сингармонизм заңдылығының бұзылуының бірнеше
факторлары бар. Алғашқы буындағы дауыстыға қатысты жүзеге асатын жуан-жіңішкелік
үндесімі (karga `қарға`, kebege `пеш`, mïltïk `мылтық`), ерін үндестігі (kuskun `құзғын`, köbük
`көбік` т.б.) шор тілінде де негізінен сақталған. Тіларарық байланыстардың қарқынды
жүруіне байланысты Х-ХІ ғасырлардан бастап түркі тілдерінің үндесім жүйесі біраз
өзгерістерге ұшырады. Кейбір түркі тілдеріндегі өзі де әлсіз лабиалдық үндесімді
қалыптасқан орфорграфиялық норма тіптен көмескілендіріп жібергенін байқауға болады.
Буынды анықтап, оның шегарасын тану түркі тіл біліміндегі ең күрделі мәселенің бірі.
Дауыссыздардың тіл алды, тіл арты жұптарының, дауыстылардың үндесім қатысына
байланысты жұптарының қарсы қойылуы, дауыстылардың тіл алды үндесімі мен ерін
үндестігінің қатарласуы тәрізді фонемалардың дистрибутивті қатынасы түркі тілдерінің
буын жүйесінің ерекше типологиялық сипатын анықтайды. Бірінші буын кейінгі
буындардың өзімен сингармониялық заңдылыққа сәйкес үндесім табатын фонетикалық
варианттарын қабылдайды. Үндестік заңына бағынатын агглюнативті тілдерге жататын түркі
тілдерінің тарихи даму жолын анықтауда буын құрылымы мен буын түрлері, олардың өзара
тіркесу үйлесімділігі ерекше маңызды.
Тілдің жалғамалылық сипаты буын табиғатына тікелей байланысты болуына орай
түркі тілдеріндегі буын ерекшеліктерін диахрониялық тұрғыдан жан-жақты талдау, буынның
синхрониялық жағдаятын терең танып, түркі лексемасының этимологиялық негізін
айқындап, морфемалардың тұлғалық және мағыналық дамуының бағыт-бағдарын шамалауға,
соның нәтижесінде көне тұлғаларды жаңғыртуға мүмкіндік береді. Барлық тілдерге тән
сөйлеу барысындағы ауа ағымының (демнің) жіктелісіне негізделетін буын өзара іргелес бір
немесе бірнеше фонеманың сөйлеу актісінде үзіліссіз айтылатын біртұтас бөлшегі болып
табылады. Саналы адамзат тілінің қалыптасу кезеңдерімен, адамзаттың физиологиялық-
артикуляциялық мүмкіндіктерімен тікелей байланысты буынның сөйлеу үдерісіндегі
фонациялық ауа ағымының іркілістерінен қалыптасқаны айқын болғанымен, буын
табиғатына шынайы сипаттама берудің өзіндік қиындықтары бар. Буын сөздің өзегі (ядросы)
іспеттес мағына айырғыштық сипаты бар буын құраушы фонемалардан және буын
тасымалдаушы фонемалардан тұруы мүмкін. Психологиялық тұрғыдан сөйлеу процесіндегі
ауа ағымын буынға бөлу күрделілік тудырмайды, соған орай буын универсалды құбылыс
ретінде қарастырылуда, алайда, түрлі тілдік семьяларға бөлінетін әлем тілдерінің
фонологиялық, морфологиялық, лексикалық жүйесіндегі өзіндік ерекшеліктер буын
мәселесін әр жүйедегі тілдің табиғатына сай, алдымен синхрониялық аспектіде де, содан
кейін диахрониялық аспектіде саралаудың тиімділігін көрсетуде. Буынның универсалды
табиғаты қазіргі тілдерге диахрониялық-реконструкциялық талдаулар жүргізілген кезде ғана
55
айқын аңғарылуы мүмкін, кез-келген тірі тілдің статикалық күйі архебуындарды бірден
ажыратуға кепіл бола алмайды.
Жалпы тіл білімінде буынтану бойынша қалыптасқан заңдылықтардың теориялық-
методологиялық әлеуеті барлық тілдердегі буын ерекшелігін, олардың тарихи даму
үдерістерін, буын құрамындағы дыбыстардың сегменттік, супер сегменттік қабілетін,
морфемамен, лексемамен, синтагмамен қарым-қатынасын таратып беруге әлі де болса
жеткіліксіз. Буын сөйлеу актісіндегі ең шағын бірлік ретінде сөйлеудің айтылым кезіндегі
паузалармен бөлінетін сөйлеу үзіктерінің өзара тығыз байланыста жалғасып жатқан тұтас
тізбегін құрайды. Буынның өз ішінде мұндай ауа ағымына байланысты үзік, бөлініс
болмайды, сондықтан буын жекелеген сөйлеу дыбыстынан ерекше ажыратылмайды.
Осындай қарапайым синхрониялық белгілеріне қарай экспериментальды фонетика өкілдері
сынды зерттеушілер буынды лингвистер мен психологтар қалыптастырған жалған (фикция)
ұғым ретінде таниды (Э. Скрипчур, Г. Панконьчелли-Кальциа). Сөйлеу дыбыстары сөйлеу
тізбегінен дербес тілдік бірлік ретінде, фонеманың айтылу формасы ретінде ажыратылады.
Буын шегі мен морфема шегі әрдайым сәйкес келетін буын жүйелі тілдерде де дәл осылай,
сондықтан буынды прототілдік кезеңнен белгі беретін әрі фонема, әрі буын, әрі морфема, әрі
лексема қызметін атқарған тілдік бірлік – силлабофонеманың көрнісі ретінде қарастыруға
болады. Әдетте, «силлабема – фонологиялық тіл бірлігі ретінде танылатын буын» [4,284]
түрінде қолданылғанымен, оның күрделі дыбыстық құрылымы мен сигнификаттық мазмұны,
семантикалық қабілеті, функционалдық қызметі фонологияның шегінен шығып, тілдік
деңгейлердің бәрін қамтитынын көрсетеді.
Лингвистика ғылымында буын құрамындағы
дыбыстарды шартты түрде C және V белгілерімен таңбалау дәстүрі қалыптасқан: С –
(consonant) – буын құрамындағы дауыссыз дыбыстың таңбасы, V – (vowel) – буын
құрамындағы дауысты дыбыстың таңбасы. Осы таңбалар негізінде буын құрлысының
шартты моделдері сомдалады.
Түркі тілдеріндегі буын жүйесінің жалпы сипаты: буынның саны дауыстыларға
байланысты анықталады;
буын жасаушы дауысты дыбыстар өзімен бір үйірлесе жүретін
дауыссыздардың акустикалық көрсеткіші қызметін атқарады;
буын бір немесе бірнеше
дыбыстар тіркесінен тұрады; сөздер бір буынды да көп буынды да болып келеді; сөздегі
дыбыс санына қарай буын құрылысы бір дыбысты, екі дыбысты, үш дыбысты, төрт дыбысты
болады; буынның түркі тілдеріне тән құрылымдық типтері V, CV, VC, CVC, VCC, CVCC
модельдерінен тұрады; буындағы дауысты жіңішке болса, үйіріндегі дауыссыздар да
жіңішке болады, жуан болса, дауыссыздар да жуан болады; буын соңындағы дауыссыздан
гөрі буын басындағы дауыссыз күштірек айтылады; дауыссыздар бітеу буында әр түрлі
экспирация басқыштарымен айтылады; буын құрауда, буынның тұтастығын сақтауда екпін
мен үндестік заңының, дауыссыздар ассимиляциясының қызметі маңызды.
Бұл түркі тілдерінің төл табиғатына қатысты басымдық алатын ерекшеліктер, сондай-
ақ түркілер өміріндегі лингвоконтактологиялық үдерістердің нәтижесінде қалыптасқан
фонетикалық,
морфологиялық,
лексикалық
ерекшеліктер
түркі
тілдерінің
буын
құрылымында да өз ізін қалдырды, мысалы
CCVC модельді буындардың көбеюі. Түркі
тілдерінде буын құрылымына байланысты төрт топқа бөлінеді:
жалғыз дауыстыдан жасалған
жалаң буын (V): көне түрк. ï-raq `жырақ, алыс`, қаз. a-jaq `аяқ`, түркм. o-raq `орақ`, құм. ö-
güz `өгіз`, түрк. ü-leš `үлес`, қырғ. u-šak `ұсақ, майда`, ққалп. i-ni `іні` т.б.; дауыстыға біткен
ашық буын (СV): қаз. qa-sïq `қасық`, ноғ. ba-la `бала`, алт. če-ček `гүл`, қырғ. čo-qu `шоқы`;
дауыстыдан басталып, дауыссызға біткен тұйық буын (VC, VCC): қаз. astïq `астық`, ққалп.
em-gek `еңбек`, түркм. aj-γïr `айғыр`, көне түрк. art-ta `артта, артқы жақта`, құм. ars-lan
`арыстан`, қаз. ört-te `өртте`, ноғ. ürk-ti `үрікті`;дауыссыздан басталып дауыссызға
аяқталатын бітеу буын (CVC, CVCC): қаз. kel-di `келді`, ққалп. bar-dï `барды`, түрк. e-šik
`есік`, көне түрк. kert-ti `кертті, кесті`, қаз. žïrt-tï `жыртты`, `келді`, ққалп. türt-ti `түртті, тиді`.
Бітеу буынның күрделі формаларын құрайтын CCVC, CCVСC модельдері кірме сөздерге
тән: trak-tor`трактор`, sportšï `спортшы` т.б. Созылыңқы дауыстылар қолданылатын
Достарыңызбен бөлісу: |