[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет132/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   164

263 
 
түсінікті айтылған сөз және дұрыс қойылған дауыс әңгімелесуші адамға көрсетілген құрмет 
болып  табылады.  Жақсы  дикция  адамның жақсы  қылықтары  мен  дұрыс  киіне  білу  қабілеті 
сияқты  басқа  адамдарды  өзіне  тартады.  Қазақ  тілінің  орфоэпиялық  нормаларын  сақтау 
жалпы  сөйлеу  мәдениетімен,  оның  ішінде  дұрыс  айту,  дұрыс  жеткізу  мәдениетімен,  тілдің 
коммуникативтік  және  эстетикалық  қызметімен  түсіндіріледі.  Ал  тілді  қадірлеу  әдеби  тілде 
дұрыс  сөйлеуден  басталады.  Әдеби  тіл  –  нақты  міндетті  лексикалық  (сөздің  дұрыс 
қолданысымен  байланысты),  грамматикалық  (сөз  формаларының  қолданысымен  және 
өзгерісімен  байланысты), орфографиялық  (сөздерді  дұрыс  жазу  ережелерімен  байланысты), 
орфоэпиялық  (сөздерді  дұрыс  айту  ережелерімен  байланысты)  нормалардан  тұратын  үлгілі 
тіл.  Тіл  мәдениеті  және  дағдысы  –  адамның  кәсіби  біліктілігінің  міндетті  талабы.  Ғалым 
Мәулен Балақаев айтқандай, «тіл мәдениеті дегеніміз – тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық 
қана  емес,  сонымен  қатар  тілдік  тәсілдерді,  фонетикалық,  орфографиялық,  орфоэпиялық, 
морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» [1, 
52].   
Ауызша  әдеби  сөйлеу  тіліне  сөзді  орынды  қолдану,  сөзді  дұрыс  айту,  екпінді  дұрыс 
қою және т.б. ерекшеліктер тән. Орфоэпия гректің  «orthos» (дұрыс, тура) және «epos» (тіл) 
деген екі сөзінің бірігуінен жасалған, қазақ тіліне аударғанда «дұрыс айту» деген мағынаны 
білдіреді.  Орфоэпия  ауызша  сөйлеу  тілінің  ерекше  құбылыстарын  зерттейді,  нақтырақ 
айтқанда,  жазба  тілде,  әдетте,  көрініс  таппайтын  дұрыс  айту  нормалары  мен  екпінді 
қарастырады.  Ғалым  Н.  Уәли  оған  мынадай  анықтама  береді:  «Орфоэпия  –  ауызша  сөздің 
бірізді  дыбысталуын  қамтамасыз  ететін  ұлттық  тіл  нормасының  жиынтығы.  Әдетте,  сөздің 
бірізді  дыбысталуы  ауызба-ауыз  тілдесуді  жеңілдетуге  ықпалын  тигізеді.  Орфоэпия  деген 
ұғым  тілдің  фонетикалық  жүйесіндегі  фонемалардың,  сөздер  мен  грамматикалық 
тұлғалардың, сондай-ақ суперсегменттік бірліктердің (сөз үндестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, 
интонациялық құрылымдар т.б.) дыбысталуын қамтиды» [2, 85].  
Қазақ  тілінде  ауызша  әдеби  сөйлеудің  орфоэпиялық  нормаларын  сақтау  сауатты  жазу 
сияқты  адамның  жалпы  мәдени  деңгейінің  көрсеткіші  болып  есептеледі.  Орфография  мен 
орфоэпия  бір-бірімен  тығыз  байланысты,  өйткені  сауатсыз  жазу  мәтінді  дұрыс  оқуға  және 
оны  дұрыс  қабылдауға  кесірін  тигізеді.  Ауызша  сөйлеу  тілінде  ең  маңыздысы  –  айтылған 
ойдың  мағынасын  түсіну,  ал  сөздерді  дұрыс  айтпау  бұған  кедергі  келтіреді.  Сіз  қанша 
жерден дарынды, сүйкімді және ақылды болғаныңызбен, егер сөздерді дұрыс айтпай, екпінді 
қате  қойсаңыз,  бір  сөзбен  айтқанда,  акцентпен  сөйлесеңіз,  онда  сіз  өз  ойыңызды  жеткізуде 
қойылған  мақсатқа  жеткен  жоқсыз.  «Акцент  (лат.  аccentus,  нем.  akzent  –  екпін)  әртүрлі  екі 
тілдің әдеби жүйесінің тоғысуынан пайда болады. Мысалы, қазақ тіліндегі  «қ» дыбысының 
«к»  (қаз  –  каз,  қар  -  кар),  «ұ»,  «ү»  дыбысының  «у»  (үй  –  уй,  үш  –  уш)  болып  дыбысталуы 
«орыс  акценті»  деп  аталады.  Акцент  диалектілік  сөйлеудің  әсерінен  әдеби  тіл  жүйесінің 
бұзылуына да әкеп соғады (шана – чана, шалғы – чалғы)» [3, 49].  
Адамның  тілге  деген  немқұрайды  көзқарасы  оның  туған  халқына  және  өз  ұлтының 
мәдениетіне  деген  құрметтің  жоқтығын  білдіреді.  Ғалым  Р.  Сыздық  тыңдаушыларды  да, 
педагог,  режиссерлерді  де,  әсіресе  тіл  мәдениетін  қадағалаушы  ғалымдарды  да  алаңдатар 
жайттар пайда бола бастағанын айтып, оларды төмендегідей санамалап көрсетеді: 
1.  Драма актерлері мен опера және эстрада әншілерінің, сондай-ақ радио мен теледидар 
дикторларының, 
комментаторларының, 
жергілікті 
тілшілерінің, 
кинодубляж 
жасаушылардың  қазақ  тіліндегі  дауысты,  дауыссыз  дыбыстардың  үндестік  заңдары, 
сингармонизм заңдылықтары деп аталатын табиғи гармониясын (үйлесімін) сақтамай бұзып 
айтулары; 
2.  Сөйлеу  үстінде  болатын  логикалық  паузалар,  яғни  ой  екпіні  түскен  сөздерді  сәл 
кідіріп,  бөліп  айтуды  немесе  сөздердің  мағыналық  топтарына  қарай  қажет  жерінде  оларды 
айрықша бөліп, я болмаса ұластыра қосып айту сәттерін біле бермеу; 
3.  «Қос  қанаттың  сыңары»  деп  келген  орыс  тілінің  әсеріне  байланысты  кейбір  қазақ 
тілі дауыстыларын сәл өзгертіп (орыс тіліндегіше) айту фактісі; 


264 
 
4.  Әрбір  сөйлемнің  мағыналық  интонациясын  тап  баса  алмағандықтан,  оның  ішіндегі 
сөздерді дұрыс айта алмаушылық; 
5.  Қазақ  сөздеріндегі  жіңішке  дауысты  дыбыстарды  жуандатып  (айтеуыр,  саулем, 
саулемсың)  немесе,  керісінше,  жуан  сөздерді  жіңішкертіп  айтулары  (мені  сүйген  бір  әдәм 
бар) т.т. [4, 16].  
Қазақ  тілінің  орфоэпиялық  нормалары  қазіргі  кезде  де  сақталмайды.  Қай  жерде 
болмасын,  тіпті  оқу  орындарының  басым  бөлігінде  де  орфоэпиялық  жұмыстың  қазіргі 
жағдайы  қанағаттанарлық  емес.  Қазіргі  оқу  орындарының  мақсат-міндеті  –  білім 
алушыларды оқыту және тәрбиелеу тиімділігін арттыру. Ол оқытудың практикалық бағытын 
күшейту,  нақтырақ  айтқанда,  білім  алушының  тұлғалық,  коммуникативтік,  танымдық 
қызметін  арттыру,  олардың  тіл  мәдениетін  дамыту  және  т.б.  тікелей  байланысты.  Осыған 
орай,  пәнді  оқыту  үдерісінің  негізгі  мақсаты  оқытушының  жүйелі  түрде  арнайы  қолданған 
әдіс-тәсілдерінің  нәтижесінде  білім  алушылардың  шығармашылық  ойлау,  сын  тұрғысынан 
ойлау  қабілеті  мен  белсенділігін  дамыту  және  өз  бетінше  білімді  меңгеру  дағдыларын 
арттыру  болса,  ал  сабақ  –  кредиттік  технология  бойынша  білім  беру  жүйесіндегі  уақытқа 
тәуелді құбылыс әрі аса күрделі үдеріс болып табылады. Осындай шектеулі уақыттың ішінде 
жоғары  оқу  орындарындағы  қазақ  тілін  үйренуші  студент  қазақ  тілінің  грамматикалық 
құрылысын  жетік  игере  отырып,  мемлекеттік  тілді  сөйлеу  құралы  ретінде  еркін  меңгеріп, 
сөйлеу  мәдениетін  қалыптастыруы,  дамытуы  керек.  Қазақ  тілінде  жоғары  деңгейде  іскери 
сөйлеу, өз ойын толық білдіру, пікір айту дағдыларын дамытуы тиіс.  
Дегенмен ЖОО-дағы орыс бөлімі студенттерінің көпшілігі әлі күнге дейін сөзді дұрыс 
ырғақпен,  үйлесіммен,  үндесіммен  дыбыстай  алмайтын  жайттар  жиі  кездесіп  отырады. 
Қазіргі  кезде  көптеген  студенттердің  дұрыс  дыбыстау,  сөздерді  дұрыс  айту  деңгейі,  жалпы 
ауызша  әдеби  сөйлеу  мәдениетінің  деңгейі  жоғары  дәрежеде  деп  айтуға  болмайды.  Оның 
себебі  әр  түрлі  болуы  мүмкін:  біріншіден,  орфоэпияны  оқытуға  ерекше  ден  қоймау,  яғни 
жазба  тілді  дамытуға  көп  көңіл  бөлу;  екіншіден, оқытушының  өзінің  тілдік  мәдени  деңгейі 
қажетті дәрежеде болмауы мүмкін.  
Сонымен қатар, біздің ойымызша, студенттердің ауызша тіл нормасының бұзылуы, бір 
жағынан,  олардың  көбінесе  басқа  тілде  сөйлеуімен  байланысты  болса,  екінші  жағынан, 
тілдің  фонетикалық  және  фонологиялық  сипатын  ескермеуден  туындап  жатады.  Фонетика 
үшін  сөздің  жазылуы  емес,  сөздің  дыбысталуы,  айтылуы,  естілуі  маңызды  екені  даусыз. 
Орфоэпияны оқытудың маңыздылығына қарамастан, бүгінде осы мәселені шешудің ғылыми-
әдістемелік  негіздері  талапқа  сай  емес.  Өйткені  орфоэпияны оқытудың  теориялық негіздері 
орфоэпияны  оқыту  тәжірибесімен  ұштастырылмайды,  қазақ  тілінің  орфоэпиялық 
нормаларын практикалық тұрғыдан оқыту өз дәрежесінде қолға алынбаған. 
Студенттер  сөзді  көбінесе  жазылған  күйінде  айтуға  дағдыланып  кеткендіктен, 
орфоэпиялық  ережелерді  сақтауға  қанша  тырысса  да,  дыбысты,  сөзді,  сөйлемді  жазылған 
қалпында  айтуға  бейім  тұрады.  Тілдің  орфоэпиялық  нормалары  білім  алушыға  мектеп 
қабырғасында оқып жүргенде-ақ үйретілмесе, одан кейін бұл нормаларды меңгеру өте қиын 
болады.  Өйткені  адам  бойында жастайынан  қалыптасқан,  сіңген  нәрсені  өзгерту  оңай  емес. 
Әйтсе де өзіне-өзі сөзін өткізе алатын адамдар қашанда мақсатына жетеді.  Студент атанған 
білім  алушылардың  сөзді  дұрыс  айту  нормасындағы  кемшіліктерді  түзетуге  байланысты 
жұмыстарды  тиянақты  түрде  қолға  алса,  жақсы  нәтижеге  қол  жеткізуге  болады.  Мұндай 
жұмыс  оқытушы  мен  студенттен  қажымас  қайратты,  көп  еңбекті  талап  етеді.  Ол  үшін  әр 
адам  өзін-өзі  сөйлеу  кезінде  дыбыстың  дұрыс  дыбысталуын,  сөздің  дұрыс  айтылуын  үнемі 
бақылап  отыруы  қажет.  Орфоэпиялық  норма  тұрғысынан  дұрыс  дыбысталған  дыбысты 
міндетті  түрде  автоматты  дәрежеге  жеткізу  керек.  Ол  үшін  тілдің  фонетикалық  және 
фонологиялық  сипатын  меңгеріп,  сөйлеу  кезінде  денені  бос  ұстап,  қысылмай,  еркін  тұрса, 
дұрыс  демалса,  сонда  дыбыстар  дұрыс  жасалып,  жақсы  айтылады  және  естіледі.  Алдымен 
дыбысты  дыбыстап,  содан  соң  буынды,  ал  одан  кейін  сөзді,  тек  содан  соң  ғана  сөйлемді 
дұрыс  айтудан  бастау  керек.  Ғалым  З.С.  Күзекова  «Екінші  тіл  ретіндегі  қазақ  тілі  оқулығы 
теориясының  лингвистикалық  негіздері»  атты  ғылыми  еңбегінде:  «Сөйлеу  үшін  ең  басты 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау