Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет5/21
Дата07.02.2020
өлшемі1,2 Mb.
#28532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 



- жарық түсетін беттерде айқын және терең көлеңкелердің болмауы. 

5.1.2 Кәсіпорындарда, 

кеңселерде, 

кабинеттерде, 

тұрғын 

және 


қоғамдық 

ғимараттарда,  өндірістік  учаскелерде  және  басқа  нысандарда  оларды  орналастыру 

қағидаты бойынша баолық  жарықтандыру жүйелері  табиғи, аралас және жасанды болып 

бөлінеді. 

5.1.3 Табиғи  жарықтандыру  жарық  беру  ойықтары  арқылы  жүзеге  асырылу  керек, 

және  бүйірлі,  жоғарғы  немесе  қиыстырылған  болуы  мүмкін.  Бүйірлі  жарықтандырылу 

терезелер арқылы жүзеге асырылады. Жоғарғысы – әр түрлі пішінді және көлемді жарық 

шамдары  арқылы,  аражабындарда  орналастырылатын  иллюминаторлар  арқылы. 

Қиыстырылған(аралас)- терезелер мен шамдар арқылы. 

Қиыстырылған  жарықтандыру  табиғи  жарығы  жеткіліксіз  орынжайларда 

қолданылады да жасанды жарық көздерімен толықтырылады. 

Жасанды  жарықтандыру  табиғи  жарықтандыру  жеткіліксіз  болғанда  немесе 

тәуліктің қараңғы мезгілінде, сонымен бірге табиғи жарығы жоқ жерлерде орналастырылу 

керек. 


5.1.4 Жұмыс  орнындағы  жарықтың  жеткіліксіздігі  адам  денсаулығына  кері  әсерін 

тигізеді,  шаршап-шалдығу  ұлғаяды,  еңбек  өнімділігі  төмендейді,  жарақат  алу  жиілеп, 

ауырлығы  көбейеді.  Жақсы  жарықтандырылған  көшелерде  жол-көліктік  оқиғалар  саны 

өзге де тең жағдайлардағы жарықтандырылмаған көшелермен салыстырғанда 30% -ға аз. 

Жеткіліксіз  жарықтандыру  сығырлық  пен  пресбиопияның  өршуіне  түрткі  болады, 

ағзаның қолайсыз құбылыстардың әсеріне төзімділігін төмендетеді. 

5.1.5 Орынжайлардың 

жарықтандырылуының  нормаланатын  мәндері  табиғи 

жарықтандырылу  еселендіргішімен  сипатталады  (ТЖЕ),  ол  пайыз  түрінде  көрсетіледі  де 

нормативтік  құжаттарда  ТЖЕ  кез  келген  жарық  көздері  үшін  жұмыс  бетіндегі  орташа 

жарықтандырылу үшін келтіріледі.жұмыс орындарының минимальды жарықтандырылуы 

нормаланатын жарықтандырылудан 10% артық төмен болмау керек.  

5.  1.6  Тұрғын,  қоғамдық  және  әкімшілік-тұрмыстық  ғимараттардың    орынжайларының 

жарықтандырылуына  талап  етілетін  (ТЖЕ,  нормаланатын  жарықтық,  цилиндрлі  жарықтық, 

дискомфорттың  біріктірілген  көрсеткіші  және  жарықтандырылу  толықсымасының 

еселендіргіші)нормаланатын  еселендіргіштердің  мәндерін  нормативтерге  сәйкес  қабылдау 

керек. 

5.1.7 Табиғи,  жасанды  және  қиыстырылған  жарықтандыруды  жобалаған  кезде, 



пайдалану барысында жарықтықтың төмендеуінің орнын толтыру үшін (компенсация) қор 

еселендіргішін енгізу керек K

з

,. 


5.1.8 Орынжайлардың  инсоляциясы  мен  күннен  қорғалуына  қойылатын  талаптар 

ұлттық санитарлық-гигиеналық нормаларға сай орындалады. 



 

5.2 Орынжайлардың табиғи жарықтандыруына қойылатын талаптар 

 

5.2.1 Үнемі адамдар болатын орынжайларда, ереже бойынша, табиғи жарықтандыру 

болу керек . 

5.2.2 Табиғи  жарықтандырусыз  ғимараттар  мен  имараттарды  жобалауға  арналған 

тиісті  нормалармен,  белгіленген  тәртіппен  бекітілген  өнеркәсіптің  жекелеген 



ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

салаларының ғимараттары мен имараттарын құрылыстық жобалау жөніндегі нормативтік 



құжаттармен белгіленген орынжайларды және ғимарааттар мен имараттардың жертөлелік 

қабаттарда орналастыруға рұқсат берілген орынжайларды жобалауға рұқсат беріледі. 

5.2.3  Табиғи  жарықтандыру  бүйірлі,  жоғарғы  және  аралас  (жоғарғы  және  бүйірлі) 

болып бөлінеді. 

5.2.4  Кез  келген  мақсаттағы  орынжайда  екі  жақ  бүйірден  жарықтандыру  кезінде  ТЖЕ 

мөлшерленетін  мәні  орынжай  ортасындағы  сипатты  кескіннің  тік  жазықтығының  жұмыстық 

бетпен қиылысқан жеріндегі есептік нүктеде қамтамасыз етілу керек . 

5.2.5  Тұрғын және қоғамдық ғимараттарда бір жақ бүйірден жарықтандыру  кезінде, 

ТЖЕ-нің мөлшерленетін мәні  мыналарды қамтамасыз ету керек: 

а) тұрғын ғимараттардағы тұрғын орынжайларда – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым 

қашық  қабырғадан  1  м  арақашықтықтағы  сипатты  кескіннің  тік  жазықтығы  мен  еден 

жазықтығының  қиылысында  орналасқан    есептік  нүктеде:  1,  2,  3  бөлмелі  пәтер  үшін      бір 

бөлмесінде сонымен бірге 4 бөлмелі және одан көп бөлмелі пәтер үшін екі бөлмеде . 

Қалған  тұрғын  ғимараттарының  көп  бөлмелі  пәтерінің  тұрғын  бөлмелерінде  және 

асүйде  бүйірден  жарықтандыру  кезіндегі  ТЖЕ-нің  мөлшерленген  мәні  орынжайдың 

ортасында орналасқан еден жазықтығындағы есептік нүктеде қамтамасыз етілуге тиіс;  

б) жатақханалардың  тұрғын  жайларында,  қонақ  бөлмесінде  және  қонақ  үй 

нөмірлерінде  –сипатты  кескіннің  тік  жазықтығының  еден  жазықтығымен  орынжай 

ортасындағы қиылысқан жерінде орналасқан  есептік нүктесінде; 

в) мектепке  дейінгі  балалар  мекемелерінің  топтық  және  ойын  бөлмелерінде, 

изоляторларда,  және  науқастанған  балаларға  арналған  бөлмелерде  –  жарық  түсетін 

тесіктерден  анағұрлым  қашық  орналасқан    қабырғадан  1  м  арақашықтықтағы  сипатты 

кескіннің тік жазықтығы мен еден жазықтығының қиылысында орналасқан  есептік нүктеде; 

г) мектептердің,  мектеп-интернаттардың,  кәсіптік-техникалық  және  арнаулы  орта 

оқу  орындарының  (техникумдардың)  оқу  және  оқу-өндірістік  бөлмелерінде  –  жарық 

түсетін тесіктерден анағұрлым қашық орналасқан қабырғадан 1,2 м арақашықтықтағы сипатты 

кескіннің тік жазықтығы мен шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан  есептік нүктеде; 

д)  шипажайлардың,  демалыс  үйлерінің  және  пансионаттардың  палаталары  мен  жатын 

бөлмелерінде – жарық түсетін тесіктерден анағұрлым қашық қабырғадан 1 м арақашықтықтағы 

сипатты  кескіннің  тік  жазықтығы  мен  еден  жазықтығының  қиылысында  орналасқан    есептік 

нүктеде; 

е) ауруларды  қабылдайтын  дәрігерлер  кабинеттерінде,  тексеру  бөлмелерінде, 

қабылдау-тексеру бокстарында, жара таңу бөлмелерінде – сипатты кескіннің тік жазықтығы 

мен бөлме ортасындағы шартты жұмыс бетінің қиылысында орналасқан  есептік нүктеде; 

ж) тұрғын  және  қоғамдық  ғимараттардың  өзге  орынжайларында  –  орынжай 

ортасында орналасқан жұмыстық беттегі есептік нүктеде 

5.2.6 Тереңдігі  6,0  м–ге  дейінгі  өндірістік  орынжайларда  бір  жақ  бүйірден 

жарықтандыру  кезінде  жарық  түсетін  тесіктерден  анағұрлым  қашық,  қабырғадан  немесе 

өңірдің ең көп тереңдету сызығынан 1,0 м арақашықтықтағы сипатты кескіннің тік жазықтығы 

мен  шартты  жұмыс  бетінің  қиылысында  орналасқан    есептік  нүктеде  ТЖЕ-нің  минимальды 

мәні мөлшерленеді. 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау