Строительные нормы республики казахстан



жүктеу 1,2 Mb.
Pdf просмотр
бет3/21
Дата07.02.2020
өлшемі1,2 Mb.
#28532
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 



3.16 Табиғи  жарықтандыру  еселендіргіші  (коэффициенті)  (ТЖЕ): Тұтас  ашық 

көкжиектен  сыртқы  көлденең  жарықтандырудың  біруақытты  мәніне  аспан  жарығымен 

(тікелей немесе шағылысқаннан кейін) орынжайдың ішіне берілген жазықтықтың кейбір 

нүктесінде жасалатын табиғи жарықтандыру қатынасы; пайыздарда беріледі. 

3.17 Қор  еселендіргіші  K

з

  (табиғи  жарықтандыру  үшін): Жарық  ойықтарында 

жарық  өткізетін  мөлдір  толтырмалардың  ластануы    және  ескіруі  салдарынан  пайдалану 

үдерісінде  ТЖЕ  төмендеуін,  сондай-ақ  орынжай  жазықтығының  шағылысу  қасиеттерін 

төмендетуді ескеретін есептік еселендіргіш.  

3.18 Қор  еселендіргіші  K

з

  (жасанды  жарықтандыру  үшін): Жарық  беретін 

аспаптардың  оптикалық  элементтерінің  шағылысу  және  өткізу  қасиеттерінің  ластануы  

мен қалпына келтірілмейтін өзгеруі, жарық ағымының қайтуы мен жарық көздерінің істен 

шығуы,  сондай-ақ  орынжайдың  беттерінің,  ғимараттың    немесе  имараттың  сыртқы 

қабырғаларының,  жол  немесе  көшенің  өтетін  бөлігінің  ластануы  салдарынан  жарық 

беретін  қондырғыларды  пайдалану  үдерісінде  жарықтандыру  немесе  жарықтықтың 

төмендеуін ескеретін есептік еселендіргіш. 

ЕСКЕРТПЕ:  Қор  еселендіргіші  K

3

  еуропалық  тәжірибеде  қолданылатын  пайдалану 



еселендіргішіне кері  пропорционалды  

3.19 Жарықтық  климат  еселендіргіші  (коэффициенті)  т: Жарық  климатының 

ерекшеліктерін ескеретін еселендіргіш (коэффициент). 

3.20 Шағын  жарықтандыру: Құйылып  төгілетін  жарықтандыру  болмаған  кезде, 

ғимараттардың  немесе  имараттардың  бөлігін,  сондай-ақ  жекелеген  сәулеттік 

элементтерінің жарықтандырылуы. 

3.21 Жергілікті  жарықтандыру: Тікелей  жұмыс  орындарында  жарық  ағымын 

шоғырландыратын шырағдандармен жасалатын жалпыға қосымша жарықтандыру 

3.22 Табиғи 

жарықтандырудың  біркелкі  еместігі: ТЖЕ  орташа  мәнінің 

орынжайдың сипаттық бөлігі шегіндегі кіші мәніне қатынасы. 

3.23 ХЖК  бұлтты  аспаны  (Халықаралық  жарықтандыру  комиссиясының  –  ХЖК 

анықтамасы 

бойынша): Толығымен 

бұлттармен 

жабық 

және 


шарттарды 

қанағаттандыратын  аспан,  бұл  ретте  оның  көкжиек  биіктігіндегі  жарықтығы 

  аспан 


биігіндегі тал түс жарыққа тең (1 + 2 sin 

)/3 . 



3.24 Жалпы  жарықтандыру: Шырағдандар  орынжайдың  жоғарғы  аймағында 

біркелкі (жалпы біркелкі жарық) немесе жабдықтың орналасуына қатысты (жалпы шағын 

жарық) орналасқан жарық. 

3.25 Үлкен  алаңдарды  жарықтандыру  (дүрбелеңге  қарсы  жарықтандыру): 

Дүрбелеңнің  алдын  алуға  және  эвакуациялау  жолдарына  қауіпсіз  жақындауға  арналған 

эвакуациялық жарықтандырудың түрі. 

3.26 Қауіптілігі    жоғары  аймақтарды  жарықтандыру: Өте  қауіпті  үдерісті 

қауіпсіз аяқтауға арналған эвакуациялық жарықтандырудың түрі. 

3.27 Е  жарықтандырылуы: Беткі  жағының  элементіне  түсетін  жарық  ағымының 

осы элемент алаңына қатынасы; лк. 

3.28 Шағылысқан  жылтырақтық: Нысан  мен  фон  арасындағы  кереғарлықты 

төмендететін  жұмыс  беті  мен  күңгірт  әрекеттер  жарықтығын  шамадан  тыс  арттыру 




ҚР ҚН 2.04-01-2011 

 

салдарынан  көру  қабілетінің  төмендеуін  айқындайтын  жұмыс  істеуші  көзінің 



бағытындағы жұмыс беткі жағынан жарық ағымының шағылысу сипаттамасы. 

3.29 Қиылыс: Екі немесе одан да көп көше немесе жолдар бір деңгейде қосылатын 

немесе қиылысатын телім. 

3.30 Жартылай 



цилиндрлік 

жарықтандыру: Қарсы 

келе 


жатқан 

жаяу 


жүргіншілердің  түр-сипатын  ажыратуды  бағалау  межесі.  Жартылай  цилиндрдің  1,5  м 

биіктігінде,  оның  радиусы  мен  биіктігі  нөлге  жақын  көшенің  көлденең  сызығына  тік 

орналасқан жоғары бетіне жарық ағымының орташа тығыздығы ретінде айқындалады.  

3.31 Өтпе: Көлік, сондай-ақ жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ 

3.32 Эвакуациялау  жолы: Төтенше  жағдайлар  кезінде  адамдарды  эвакуациялауға 

арналған бағдар 

3.33 Жұмыстық бет: Жұмыс жүргізілетін және жарықтандыру қалпына келтірілетін 

немесе өлшенетін бет. 

3.34 Жұмыстық  жарықтандыру:  Ғимараттардан  тыс  жұмыстарды  орынжайларда 

және  өндіріс  орындарында  қалыпты  жарық  түсіру  шарттарын  (жарықтандыру, 

жарықтандыру сапасы) қамтамасыз ететін жарықтандыру. 

3.35 Жарықтандырудың  таралу  біркелкілігі: Минималды  жарықтандырудың 

максималдыға Е

мин


/Е

макс. 


қатынасы.  

3.36 Жолайырық: Көлік құралдарын бір жолдан екінші жолға өткізу үшін түсулері 

бар әр түрлі деңгейлердегі жолдардың қиылысы. 

3.37 Резервтік  жарықтандыру: Жұмыс  жарықтандыруы  ажыратылған  жағдайда 

жұмысты жалғастыру үшін апаттық жарықтандыру түрі. 

3.38  Жарықтық  климат:  Он  жылдан  артық  кезең  үшін  сол  не  басқа  жерді  табиғи 

жарықтандыру  шарттарының  жиынтығы  (аспан  жарығымен  және  күннің  тікелей 

шашырайтын  жарығымен  жасалатын  көлденең  және  тік  жазықтық  көкжиегінің  жақтары 

бойынша  әр  түрлі  бағытталған  жарықтандыру  және  жарықтар  саны,  беткі  төсемінің  күн 

сәулесінің және альбедосының ұзақтығы).  

3.39

 

Жарық диоды:



 

Жартылай өткізгіш диодтар арқылы электр тоғын өткізу кезінде 

толқын  ұзындықтарының  көрінім  диапазонындағы  когерентті  емес  сәулеленуді  өткізуге 

негізделген жарық көзі. 

3.40 Селитебті  аймақ: Тұрғын  үй  қорын,  қоғамдық  ғимараттар  мен  имараттарды, 

соның  ішінде  ғылыми-зерттеу  институттары  мен  олардың  кешендерін,  сондай-ақ 

қалаішілік қатынас жолдары, көшелер, алаңдар, парктер, бақтар, желекжолдар және ортақ 

пайдаланылатын  басқа  да  жерлер  үшін  санитарлық-қорғаныс  аймақтарының  құрылуын 

талап  етпейтін  жекелеген  коммуналдық  және  өнеркәсіптік  нысандарды  орналастыруға 

арналған аумақ. 

3.41 Тоннельдерді  симметриялы  жарықтандыру  жүйесі: Тоннельдің  төбесі  мен 

қабырғаларына  жарық  бөлгіш  шырақтарды  өзінің  басты  бойлық  және  көлденең 

жазықтықтарына қатысты симметриялы орнату кезіндегі жарықтандыру жүйесі, бұл ретте, 

шырақтардың жарық ағымының негізгі бөлігі көлік қозғалысының бойына (бойлық жүйе) 

немесе көлденең (кесе-көлденең жүйесі) бағытталған. 

3.42 Тоннельдердің 



қарсы 

жарықтандыру 

жүйесі: Төбеге 

шырақтарды 

орналастыру  кезінде,  әдетте,  өту  бөлігінің  осіне  қатарлас  жазықтықта  жарықты 



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау