63
9. ҚР-дағы сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік зерттеу
Сыбайлас жемқорлық деңгейі туралы қолда бар ресми статистика елдің қазіргі жағдайын
әрдайым анықтамайды, өйткені оның табиғаты жасырын. Осыған байланысты әртүрлі
социологиялық ұйымдар өткізетін зерттеулердің жыл сайынғы мониторингі қажет.
9.1. «Коррупция барометрінің» нәтижелері
Әлемдік сыбайлас жемқорлық барометрі әлемдегі азаматтардың күнделікті өміріндегі
сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша жеке тәжірибесі туралы әлемдегі ең үлкен
сауалнама болып табылады, және бұл СЖҚБ-ден Барометрді сараптамалық зерттеу
ретінде ерекшелендіреді. Барометр азаматтардың қандай қоғамдық институттар мен билік
органдарының сыбайлас жемқорлыққа барынша бейім екендігі туралы пікіріне сүйенеді.
Зерттеу сондай-ақ респонденттердің үкіметтің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-
қимылының тиімділігіне баға беруін көздейді. Сауалнама бірнеше жыл сайын өткізіледі.
Алдыңғы сауалнамаға 107 елде 114 мың адам қатысты. Ағымдағы сауалнама (баяндама
2017 жылдың 14 қарашасында жарияланды
122
) әлемнің 119 елі, аумағы және өңірлерін
қамтыды. Ол 2014 жылдың наурыз айынан 2017 жылдың қаңтарына дейін 162,136 ересек
адаммен сұхбатқа негізделген. Барлық әлемдегі респонденттердің 25% -ы соңғы 12 айда
түрлі
мемлекеттік
органдарға
жүгінген
кезде
пара
беруге
мәжбүр
болған.
Респонденттердің 57% өз үкіметтеріне және оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет
етуіне сенімсіздік білдірді. Алайда респонденттердің жартысынан көбі тұрғындардың,
халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруының нақты мүмкіндіктері бар деп санайды.
24 жастан асқан адамдардың 58% -ы жағдайды өзгерте алатындығын мәлімдеді. Олармен
55 жастағылардың 50 пайызы келіседі. Респонденттердің 36% -ы полиция мен сайланбалы
лауазымды тұлғалар ең жемқор болып көрінеді (Еуропада және Орталық Азияда сегіз
мемлекеттік қызмет бойынша сауалнама жүргізілді)
123
.
Қазақстан Республикасында «Face to face» әдістемесімен 01/03/2016 және 19/05/2016
аралығында 1505 адамға
124
(2013 жылы 1000 адам) сауалнама жүргізілді. «Білмеймін»
жауабының көптігінен (сұралғандардың 40 %) Қазақстандағы сауалнаманың нәтижесі
анықталмады.
Бірінші және ең маңызды сұрақтардың бірі - соңғы 12 айда мемлекеттік қызмет алу үшін
пара бердіңіз бе?
125
Егер сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтардың практикалық тәжірибесі туралы
айтатын болсақ, оның деңгейінің төмендеуін атап өтуге болады, алайда сауалнама
деректері халықтың көңіл-күйлері елдің экономикалық жағдайына тәуелді, сондай-ақ
денсаулық сақтау саласына, еңбек нарығындағы проблемаларға, білім беру және қылмыс
деңгейіне байланысты. 2016 жылы респонденттердің 29% -ы пара бердік деп жауап берді.
Салыстыру үшін, 2013 жылы респонденттердің 39,9% иә деп жауап берген. Сауалнамаға
сәйкес, пара берген азаматтардың үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 10,9% -ға азайды.
Соңғы 4 жылда сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеді ме? 2016 жылы респонденттердің
37% -ы бұл мәлімдемемен келіскен, 32% -ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте
ешқандай жетістікті байқамағандарын айтты. Респонденттердің 22% өз пікірін айқындай
алмады.
122
https://www.transparency.org/_view/publication/8064
123
https://www.transparency.org/news/feature/global_corruption_barometer_citizens_voices_from_around
_the_world
124
https://www.transparency.org/whatwedo/publication/7493
125
Люди и коррупция: Казахстан (Барометр мировой коррупции — 2016). 16.11.2016 //
http://tikazakhstan.org/lyudi-i-korruptsiya-kazahstan-barometr-mirovoj-korruptsii-2016/
64
Егер ағымдағы нәтижелерді 2013 жылы алынған нәтижелермен салыстырсақ, онда
респонденттердің тек 19% -ы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте оң өзгерістерді
көргеніне жауап берсе, 18% жақсарғанын көреміз.
Сыбайлас жемқорлықты қабылдауда институттар шамасында респонденттер құқық қорғау
органдарын (сұралғандардың 35% -ы), бизнес-компания жетекшілерін (29%), судьялар
мен сот қызметкерлерін (28%) ең жемқор деп санайды. Ал жоғары лауазымды
шенеуніктерді жемқорлыққа тартылмаған деп санайды(11%).
Азаматтардың өздері - жол полициясының қызметкерлеріне (47%), жұмыссыздық
бойынша жәрдемақы алу үшін (33%), азаматтық істер бойынша соттарда (31%) пара
беретінін мойындады. Респонденттердің үштен бір бөлігі - балаларды балабақшаға,
мектепке беруге (17%), әлеуметтік жәрдемақы алу үшіна (21%), медициналық қызмет алу
үшін (20%) және білім беру жүйесінде жұмыс істеуге (23%), мемлекеттік органдардан
ресми құжат алу үшін (19%) пара бергенін мәлімдеді.
2013 жылы өткізілген сауалнамада мемлекеттік мекемелердегі сыбайлас жемқорлықты
қабылдау деңгейі бағаланды, ең көп сыбайлас жемқорлықты құқық қорғау органдары деп
атады, олар бес баллдық шкала бойынша 3,9 балл алды, мұнда 1 - «сыбайлас жемқорлық
мүлдем жоқ», 5 - «өте жемқор мемлекеттік мекеме / қызмет». Содан кейін соттарға 3,8
балл, денсаулық сақтау және білім беру жүйесі - 3,6, мемлекеттік қызметшілер - 3,5 және
жеке сектор - 3,2.
Сонда 2013 жылы анықталған проблемалар 2016 жылы сол күйінде қалып отыр.
Жемқорлық рейтингісінде әлі күнге дейін құқық қорғау органдары, соттар, білім беру
және денсаулық сақтау салалары алдыңғы қатарда тұр.
Жалпы, респонденттердің көпшілігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында
үкімет жұмысының төмен баға берді. Респонденттердің 46%-ы - жаман және өте нашар,
37% - нашар және өте нашар деп жауап берді.
Осылайша, қазақстандықтар Еуропа мен Орталық Азия азаматтарының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресте күш-жігер жұмсау қажеттігі туралы пікірін растады.
Сауалнама көрсеткендей, 2013 жылмен салыстырғанда белсенді іс-әрекеттерге -
наразылық акцияларына, өтініштерге қол қоюға, үкіметтік емес ұйымдардың қызметіне
қатысуға дайын азаматтар саны қысқарған (2013 жылы 67%, 2016 жылы 47%).
2017 жылы 43%, 2013 жылы 56%-ы - қарапайым адамдар ештеңе жасай алмайды деп
санайтын пессимистік азаматтар саны азайған. Қазақстан халқының сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресудің маңызды әдісі - пара беруден бас тарту - 24%.
Еуропалық және Орталық Азия елдерінің тұрғындары секілді, Қазақстан азаматтары ірі
бизнес мемлекеттік шешімдерді өз мүдделері үшін қабылдауға әсер етеді деп санайды
және мұндай әсердің алдын алу үшін заңнаманы күшейту қажет деп санайды - 15%.
9.2. Әлеуметтік сауалнама деректері
2017 жылы Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару
академиясы, «Социум-Зерттеу» Стратегиялық орталығы, Экономикалық зерттеулер
институты сияқты ұйымдармен әлеуметтік зерттеулер жүргізілді.
«Социум-зерттеу» стратегиялық орталығы респонденттерге жемқорлыққа қарсы саясат
туралы оң баға берді. Сонымен, Респонденттердің 80% -ы ақша мен сыйлықтар беріп
көрмеппіз деп мәлімдеді. Сонымен бірге респонденттердің 83% әкімшілік реформа мен
мәдени өсуді соңғы 10 жылда жемқорлықтың төмендеуімен байланыстырады.
Достарыңызбен бөлісу: |