Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет21/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103

50
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
әкімшілік) бойынша өндірісті жүзеге асыратын органдардың субъективтік қарауына берілген. Бұл орайда 
олар негізге алуға тиіс өлшемдер заңнамада белгіленбеген. 
Алайда  қолданыстағы  заңнаманың  тегін  заңгерлік  көмек  көрсетуді  көздейтін  нормалары  толық 
жетілдірілмеген және көмекке мұқтаж және адвокаттың жұмысына ақы төлеуге қаржылық мүмкіндігі жоқ 
адамдардың оны алатынына кепілдік бермейді. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес тегін заңгерлік көмек 
төмендегі жағдайларда көрсетілуі мүмкін.
Қылмыстық сот өндірісінде, ҚР ҚІЖК-ның 172-бабының 2 және 3-бөлімдеріне сәйкес, қылмыстық процестi 
жүргiзушi орган оған негiз болған кезде сезіктiнi, айыпталушыны, жәбірленушіні заңгерлiк көмекке ақы 
төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы төлеу бюджеттік 
қаражаттың есебiнен жүргiзiледi. ҚР ҚІЖК-ның 71-бабының 3-бөлімінде және 80-бабының 2-бөлімінде 
көзделген жағдайларда, адвокат анықтауға, алдын ала тергеу жүргiзуге немесе сотқа клиентпен келiсiм 
жасаспастан  тағайындау  бойынша  қатысқан  кезде,  адвокаттардың  еңбегiне  ақы  төлеу  жөнiндегi 
шығыстар  бюджеттік  қаражаттың  есебiне  жатқызылуға  тиіс.  Бұл  нормалар  ҚР  ҚІЖК-ның  төмендегі 
нормаларымен  нақтыланған.  ҚР  ҚІЖК-ның  72-бабының  5  және  6-бөлімдеріне  сәйкес  адвокаттардың 
– сезіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның, ақталғанның және жәбірленушінің өкілінің 
қорғаушысының еңбегiне ақы төлеу мемлекеттiң есебiнен үш жағдайда жүргiзiледi: 
• 
ҚР  ҚІЖК-ның  71-бабының  1-бөлімімен  көзделген  мән-жайлар  болғанда,  егер  қорғаушыны 
сезiктiнiң, айыпталушының, сотталушының өзi, олардың заңды өкiлдерi, сондай-ақ олардың тапсы-
руы бойынша басқа да адамдар шақырмаса, қылмыстық процестi жүргiзушi орган процестiң тиiстi 
сатысында қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге мiндеттi, орган ол туралы адвокаттардың 
кәсiптiк ұйымы үшiн мiндеттi қаулы шығарады (ҚР ҚІЖК-ның 71-бабының 3-бөлімі, 72-бабының 
6-бөлімі).
• 
қылмыстық процестi жүргiзушi орган оған негiз болған кезде сезiктiнi, айыпталушыны, сотталу-
шыны, сотталғанды, ақталғанды заңгерлiк көмекке ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға 
құқылы (ҚР ҚІЖК-ның 72-бабының 5-бөлімі).
• 
жәбiрленушiге заңгерлік көмек көрсеткен кезде (ҚІЖК-ның 75-бабының 6-бөлімі, 80-бабының 
2-бөлімі).
Заңның  аталған  нормаларынан  заң  шығарушының  заңгерлік  көмекке  ақы  төлеуден  тұлғаны  босату 
(ішінара немесе толық) үшін нақты қандай мән-жайлардың негіздеме болып табылатынын көздемейтіні 
байқалады. Және де, тегін заңгерлік көмек беру туралы шешім тұлғаның адвокаттың көмегіне ақы төлеу 
мүмкіндігін және адвокатты пайдалану-пайдаланбау туралы оның тілегін есепке алмастан, атап айтқанда 
– қорғаушының және іс бойынша жәбірленушінің өкілінің қатысуын заң міндетті деп таныған жағдайларда 
және бұл туралы шешімді іс бойынша өндірісті жүргiзушi орган қабылдаған кезде қабылдануы мүмкін (ҚР 
ҚІЖК-ның 71-бабы). 
Сөйтіп,  ҚР  ҚІЖК  нормалары  тегін  заңгерлік  көмек  алу  құқығын  сезiктiнiң  (айыпталушының), 
сотталушының,  сотталғанның,  кәмелетке  толмаған  жәбірленушінің  қаржылық  мүмкіндіктерімен  (яғни, 


III Тарау 
51
кіріс  деңгейімен  және  мүлікті  жағдайымен)  байланыстырмайды.  Осындай  реттемелеу  бюджеттік 
қаражаттың барлық жағдайларда мақсатына сай пайдаланбауына әкеледі: адвокаттың заңгерлік көмегіне 
ақы төлеу тұлғаның оны төлеуге нақты мүмкіндіктері бола тұра, оны тегін көрсету туралы арыз берген 
кездерде де іске асырылады. Тергеудің бастапқы сатысында анықтау мен тергеу органдары адвокатты 
тағайындап,  қылмыстық  сот  өндірісінің  одан  кейінгі  сатыларында  қорғауды  айыпталушымен  немесе 
оның  жақындарымен  келісе  отырып,  солардың  есебінен  осы  немесе  басқа  адвокат  жүзеге  асыратын 
жайттардың жиі кездесетіні де осы жағдаятты растайды. Сонымен қатар, қорғаушы тағайындау бойынша 
заңгерлік көмек көрсетіп, сонымен бір мезгілде заң мен адвокаттық этиканың талаптарына қарсы әрекет 
ете отырып, қорғалушыдан заңсыз төлемақы алатын, заңға қайшы жайттар да болады. 
Осыған байланысты тегін заңгерлік көмек алу құқығы тек оның ақысын төлеу үшін қаржылық мүмкіндігі 
жоқ тұлғаларға, сондай-ақ азаматтардың осал санаттарына жататын тұлғаларға ғана берілуге тиіс сияқты 
көрінеді
25
.
Әкімшілік  сот  өндірісінде  заң  шығарушы,  ҚР  ҚІЖК-да  реттемеленген  сияқты,  тұлғаларды  заңгерлік 
көмекке  ақы  төлеуден  босату  үшін  негіздеме  болып  табылатын  мән-жайларды  белгілемейді,  сондай-
ақ оның қаржылық мүмкіндіктерін де есепке алмайды. Мысалы, ӘҚтҚРК-ның 590-бабының 5-бөліміне 
сәйкес, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды тұлға) негiз 
болған жағдайда өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамды заң көмегiне 
ақы  төлеуден  толық  немесе  iшiнара  босатуға  құқылы.  Бұл  жағдайда  еңбекке  ақы  мемлекет  есебiнен 
төленедi. Сонымен қатар, өзi жөнiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзiлiп жатқан адамның 
өтiнуi бойынша әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi судья, орган (лауазымды адам) 
қорғаушының  қатысуын  қамтамасыз  етедi.  Мұндай  жағдайда  (яғни,  адвокат  клиентпен  iс  жүргiзуге 
келiсiм жасаспай, тағайындау арқылы қатысқанда) адвокат еңбегiне ақы төлеу шығыны мемлекет есебiне 
жатқызылуы мүмкiн (ӘҚтҚРК-ның 590-бабының 6-бөлімі).
Осыған  байланысты  қылмыстық  сот  өндірісінде  де,  сондай-ақ  әкімшілік  сот  өндірісінде  де 
қаржыландырылатын заңгерлік көмектің берілуі шексіз болмауға тиіс және заңнамада осындай көмек 
көрсетілуге тиіс адамдардың шеңбері, сондай-ақ оны алуға құқық беретін мән-жайлар белгіленуге тиіс 
деп ойлаймыз, бұл халықаралық стандарттарға сәйкес болар еді
26

Азаматтық  сот  ісін  жүргізуде,  ҚР  ҚІЖК  мен  ҚРӘҚтК-ден  ерекшелігі,  сот  заңгерлік  көмекке  мұқтаж 
адамның мүліктік жағдайын ескеріп қана қоймай, сондай-ақ адамды заңгерлік көмек үшін ақы төлеуден 
және өкілдік етумен байланысты шығынды өтеуден ішінара немесе толық босату туралы мәселені шешуге 
мүмкіндік береді (ҚР АІЖК-нің 114-бабы 1-бөлігі). Сонымен қатар заң шығарушылар сот адамды оның 
өтінімі  бойынша  заңгерлік  көмек  үшін  ақы  төлеуден  және  өкілдік  етумен  байланысты  шығындарды 
өтеуден  ішінара  немесе  толық  босатуға  және  оларды  бюджеттік  қаражат  есебіне  жатқызуға  міндетті 
болатын жағдайларды белгілеген:
1)   асыраушысының қайтыс болуынан, жарақат алуынан немесе жұмысына байланысты денсаулығына 
басқаша зақым келуінен болған зиянның орнын толтыру туралы дауларды қарау кезінде;
25 
Тегін заңгерлік көмек көрсетілуге тиіс тұлғалардың санаттары туралы осы зерттеудің 3-тарауын қараңыз.
26 
Толығырақ мәліметті осы зерттеудің 2-Тарауынан қараңыз.


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау