70
ҚАЗАҚСТАНДА
ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
1978 жылғы 2 наурыздағы ЕКМК «Заңгерлік көмек және кеңестемелер туралы» (78) 8 Қарары бойын-
ша, заңгерлік көмектің берілуі жағдайы тұрмысы нашар адамдарға қайырымдылық ретінде емес, тұтас
алғанда бүкіл қоғам көтеретін міндеттеме ретінде қарастырылуға тиіс, сондай-ақ онда көрсетілгендей,
әділсотқа жетуді оңайлату үшін кедергілерді жоюға заңгерлік көмектің берілуі ғана емес, сондай-
ақ экономикалық жағынан қолайсыз жағдайда тұрған адамдарға заңгерлік кеңестемелердің берілуі
де септігін тигізеді (кіріспесі). Бұл орайда онда былай деп көрсетілген: «Экономикалық сипаттағы
кедергілерге орай азаматтық, сауда, әкімшілік, әлеуметтік немесе салық істері бойынша шешім шығаруға
құқығы бар кез-келген соттарда өзінің құқықтарын пайдалану немесе қорғау мүмкіндігінен ешкімді де
айыруға болмайды. Бұл мақсатта кез-келген тұлғаның сот талқылауында қажетті заңгерлік көмек алуға
құқығы болуға тиіс» (1-тармағы).
1990 жылғы Адам өлшемі жөніндегі Конференцияның Копенгаген кеңесі құжатының
50
5.17-тармағында
былай деп белгіленген: «сот тәртібімен қудаланатын кез- келген тұлғаның өзін-өзі немесе өзі таңдаған
қорғаушы арқылы өзін дереу қорғауға, немесе егер бұл адамның қорғаушының қызметіне төлеу үшін
жеткілікті қаражаты болмаса, әділсот мүддесі қажет ететін жағдайда, осындай қызметті өтеусіз алуға
құқығы бар». Ал 1991 жылғы Адам өлшемі жөніндегі Конференцияның Копенгаген кеңесінің құжаты
51
бойынша мемлекеттерге «қылмыс жасады деп айып тағылған кез-келген адамның өзін-өзі немесе өзі
таңдаған адвокатының көмегімен өзін қорғауға немесе егер бұл адамның адвокаттың қызметіне ақы
төлеу үшін жеткілікті қаражаты болмаса, әділдік мүддесі қажет ететін жағдайда бұл қызметтердің оған
тегін берілуіне құқығының болуын» қамтамасыз ету міндеті жүктелген.
Осылайша, аталған халықаралық актілерде тегін заңгерлік көмек, мұны: 1) әділсот мүддесі қажет ететін;
2) осындай қызметке мұқтаж адамда адвокаттың қызметіне ақы төлеу үшін жеткілікті қаражат болмаған
жағдайда беріледі деп белгіленген.
Сонымен қатар, аталған құжаттардан шығатыны, халықаралық актілердің көпшілігінде қаржыландырылатын
заңгерлік көмек алу құқығы белгілене отырып, қылмыстық емес істер бойынша тегін заңгерлік көмекке қол
жеткізу туралы тікелей көрсетілмеген. Сонымен бірге, халықаралық құжаттарда әлсіз топтарға (кәмелетке
толмағандарға, жағдайы нашар адамдарға, босқындарға, апатридтерге және басқа да әлсіз топтарға),
сондай-ақ құқық бұзушылықтың нақты түрінен (қатал, адамгершілікке жат және адамның қадір-қасиетін
кемсітіп қараудан және жазалаудан, азаптаудан және т.с.) зардап шеккен адамдарға қаржыландырылатын
көмек беру арқылы олардың әділсотқа жетуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеті ерекше ескеріледі.
Мысалы, Бала құқықтары туралы Конвенцияда «балалардың ерекше қамқорлыққа және көмекке құқығы
бар» (Кіріспесі) деп көрсетіліп, «бас бостандығынан айырылған әр баланың құқықтық және басқа да
тиісті жәрдемге дереу қол жеткізу құқығы болуға тиіс» (37-бабының «d» тармағы), ал кәмелетке толмаған
әр айыпталушыға немесе кінәліге мемлекет «өзін қорғауға дайындалу және оны жүзеге асыру кезінде
құқықтық және басқа да қажетті көмек алуын» қамтамасыз етуге тиіс (40-бабының «b» тармағы «ii»
тармақшасы) деп белгіленген.
Басқа әлсіз топтарға қатысты мемлекеттерге оларды алалаудан құқықтық жағынан қорғаудың тиімді
құралдарымен (Нәсілдік алалаудың барлық нысандарын жою туралы Конвенцияның 6-бабы
52
), азаптау
50
1990 жылғы 29 маусымда қол қойылды.
51
1991 жылғы 3 қазанда қол қойылды.
52
1965 жылғы 21 желтоқсандағы БҰҰ Бас Ассамблеясының 2106 (XX) қарарымен бекітілді.