Бесплатная юридическая помощь в казахстане



жүктеу 3,08 Mb.
Pdf просмотр
бет20/103
Дата07.02.2020
өлшемі3,08 Mb.
#28504
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103

48
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕГІН ЗАҢ КӨМЕГІН КӨРСЕТУ
да сай келмейді. Қазақстанда табыс деңгейі төмен тұлғалардың және азаматтардың әлеуметтік жағынан 
осал басқа да топтарының заңгерлік көмекті тегін алу құқығын қамтамасыз ете алатын біртұтас жүйе жоқ. 
Қазақстандық заңнамада қылмыстық, әкімшілік сот өндірісінде қорғаушы ретінде сот өндірісін жүргізуші 
органдардың  тағайындауы  бойынша  адвокаттың  қатысуымен  тегін  көмек  көрсету  көзделген.  Мұндай 
жағдайда адвокаттың еңбегіне ақы ҚР Үкіметі бекіткен мөлшерлемелер бойынша мемлекеттік бюджет-
тен төленеді. Тегін заңгерлік көмек көрсету сондай-ақ азаматтық сот өндірісінде де көзделген, бірақ әл-
ауқаты төмен азаматтардың жекелеген санаттары үшін және мәселелердің аса шектеулі тобы бойынша 
ғана көзделеді. Сөйте тұра сотқа жүгінуге қатысы жоқ басқа мәселелер бойынша заңгерлік көмек, сондай-
ақ заң сипатындағы ақпарат пен заң кеңестемесін беру мәселелері реттелмеген.
Осыған байланысты тегін заңгерлік көмек көрсету қағидалары мен негіздерін біріктіру мен жүйелі түрде 
дамыту қажет, бұл заңгерлік көмек көрсету мен ақысын төлеудің қолданыстағы жүйесін қайта құруды 
– әл-ауқаты төмен және әлеуметтік жағынан осал топтардың тегін заңгерлік көмек алуға ҚР Конститу-
циясы кепілдік беретін құқығын іске асырудың құқықтық, ресурстық және ұйымдық тетіктерін жасауды 
талап етеді, олар Кепілді түрде қаржыландырылатын заңгерлік көмек тұжырымдамасында өз бейнесін 
табуға тиіс. Бірқатар шет мемлекеттерде, соның ішінде кейбір бұрынғы КСРО республикаларында тегін 
заңгерлік көмек көрсету жүйесінің жұмыс істеуінің қазіргі кезге дейін жинақталған сәтті тәжірибесі бүгін 
Қазақстанда да мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмектің біртұтас жүйесін құратын уақыт келді деп 
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Баяндалғанды  негізге  ала  отырып,  осы  зерттеуде  Кепілді  түрде  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек 
тұжырымдамасын және оны іске асыру Бағдарламасын әзірлеген кезде менің пікірімше ескерілуге тиіс 
мәселелер қарастырылды, атап айтқанда: 
• 
тегін заңгерлік көмек көрсетудің құқықтық негіздері;
• 
заңгерлік көмек көрсетуші субъектілер;
• 
тегін заңгерлік көмек алу құқығы саласындағы халықаралық стандарттар;
• 
қаржыландырылатын заңгерлік көмектің негізгі шетелдік үлгілері;
• 
қаржыландырылатын  заңгерлік  көмектің  ұлттық  үлгісін  жасау  бойынша,  сондай-ақ  заңгерлік 
көмек көрсету мен заң қызметтерін көрсетудің қазіргі бар саласын қайта құру бойынша ұсыныстар 
мен кеңестер.
Осы  зерттеу  жарияланған  дерек  көздердің  материалдарына  (халықаралық  актілер,  шет  елдердің 
заңнамасы,  шолулар,  арнайы  әдебиет  (монографиялар,  диссертациялар,  талдау  бойынша  жарияла-
нымдар  және  т.б.)  сот  тәжірибесі,  соның  ішінде  АҚЕС);  конференциялардың,  «дөңгелек  үстелдердің», 
семинарлардың, тренингілердің жарияланбаған материалдарына; Интернет желісінің ресурстарына; адво-
каттардан, заң қызметтерін көрсетуші заңгерлерден, Литва, Молдова, Болгария, Украина, Грузия, Ресейдің 
қаржыландырылатын заңгерлік көмек көрсетуші қызметтерінің жұмыскерлерінен алынған сұхбаттарға, 
сондай-ақ автордың заңгерлік қызметтер көрсету жөніндегі өкіл әрі құқықтық мәселелер бойынша сарап-
шы ретіндегі жеке тәжірибесіне негізделген.


III Тарау 
49
Осы  шолуды  дайындау  барысында  түрлі  елдердегі  қаржыландырылатын  заңгерлік  көмек  көрсету 
жүйесіндегі  негізгі  оңды  бетбұрыстар  да,  сондай-ақ  теріс  сипаттағы  факторлар  да  зерделенді,  менің 
пікірімше, олар Қазақстанда осы сияқты жүйені құрған кезде есепке алуға тиіс, бұл кейбір қателер мен 
олқылықтарды жібермеуге мүмкіндік береді. 
Автор осы зерттеуді жүргізуде қаржылық және ұйымдық жәрдем көрсеткені үшін Сорос-Қазақстан Қорына 
алғысын білдіреді.
1. Қазақстанда тегін заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз етудің 
құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері
ҚР Конституциясының 12-бабының 1-тармағы бойынша адам құқықтары мен бостандықтары танылады 
және оларға кепілдік беріледі. Осы конституциялық құқықты дамыта отырып, ҚР Конституциясының 14-
бабы заң мен сот алдында жұрттың бәрi тең деген қағиданы жариялайды, оны іске асырудың аса маңызды 
шарттарының бірі әркiмнiң бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар екені, ал заңда көзделген реттерде заң 
көмегi  тегiн  көрсетiлетіні  болып  табылады  (ҚР  Конституциясының  13-бабының  3-тармағы).  Заңгерлік 
көмектің пәрменді қамтамасыз етілу құқығы өз кезегінде әділсотқа жету құқығының ажырамас бөлігі 
болып  табылады,  бұл  адам  құқықтары  мен  олардың  кепілдіктерін  көздейтін  көптеген  халықаралық 
құжаттарда бекітілген
24
.
 
Аталған нормалар жиынтығында мемлекетке заңгерлік көмекке жету құқығына кепілдік беретін жағдайлар 
жасау міндетін жүктейді, бұл көмек оның ақысын төлеуге тұлғаның қаржылық мүмкіндіктері бар-жоғына 
тәуелді болмауға тиіс. Мұндай кепілдіктер үшін төмендегілер талап етіледі:
1.  мемлекет  қаржыландыратын  заңгерлік  көмекті  берудің  құқықтық  реттемеленуін  жетілдіру, 
атап айтқанда: Мемлекет кепілдік беретін заңгерлік көмек туралы концепцияны әзірлеу; оның 
негізінде мемлекет кепілдік беретін қаржыландырылатын заңгерлік көмек туралы арнайы заңды 
және  осындай  көмек  берудің  тәртібін,  төлемақы  мөлшерін  айқындау  әдістемесін  және  т.с.с. 
қарастыратын басқа да нормативтік құқықтық актілерді қабылдау; АҚтҚРЗ, ҚР ҚІЖК, ҚР АІЖК, 
ӘҚтҚРК және басқа да кейбір заңнамалық актілерге тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізу; 
2.  мемлекет қаржыландыратын заңгерлік көмек жүйесінің ұйымдық негіздерін құру; 
3.  қаржылық, материалдық-техникалық, ұйымдық және кадрлық қамсыздандыру.
Тегін заңгерлік көмек алу құқығын қамтамасыз етуді құқықтық реттемелеу мәселелерін кідіріссіз шешу 
қажет, себебі осындай құқықты реттемелейтін қолданыстағы заңнама толық жетілмеген, оған нормативтік 
құқықтық актілердің баяндалған талдауы дәлел болып табылады.
Тегін заңгерлік көмек көрсету негіздемелері мен тәртібінің жекелеген мәселелері АҚтҚРЗ, ҚР ҚІЖК, ҚР 
АІЖК, ӘҚтҚРК арқылы реттемеленген. Заңгерлік көмектің аталған түрін көрсетуді мемлекет адвокатураға 
жүктеді.  Тегін  заңгерлік  көмек  көрсету  қажеттігін  айқындау  құқығы  істер  (қылмыстық,  азаматтық, 
24 
Толығырақ мәліметті осы зерттеудің 3-Тарауынан қараңыз


жүктеу 3,08 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау