141
қатқыл диск кіреді. Жүйедегі процессорлардың жалпы саны 768, ал МВС-1000М
суперкомпьютерінің шектік ӛнімділігі 1 Тфлопс-тан асады.
МВС-1000М суперкомпьютерінің барлық модульдері екі тәуелсіз желілермен
байланысқан. Пайдаланушылар бағдарламаларында Myrinet 2000 желісі есептеу барысында
деректермен алмасу үшін пайдаланылады. MPI пайдаланғанда желі каналдарының ӛткізу
қабілеті 110-170 Мбайт/сек мәндеріне жетеді. Операциялық жүйе сервистік функцияларды
орындау үшін Fast Ethernet желісін пайдаланады.
Сурет - 1.
МВС-1000М суперкомпьютерінің құрылымы
Кластерлерді тұрғызудың коммуникациялық технологиялары.
КластерДі трғызудың әртүрлі нұсқалары ӛте кӛп. Оларың арасындағы елеулі
ӛзгешіліктің бірі пайдаланылатын желілік технологияда жатыр, ал оны таңдау алдымен
қойылған есептердің класымен анықталады.
Алғашқыда Beowulf-кластерлері әдеттегі 10-мегабиттік Ethernet желісі базасында
тұрғызылды. Қазіргі күні коммутаторлар базасында Fast Ethernet желісі пайдаланылады.
Бұндай шешімнің негізгі құндылығы –
төмен баға. Сонымен қатар, Fast Ethernet шеңберінде
хабарлама жіберуге үлкен қосымша шығындардың болуы, осындай кластерлерде тиімді
шешілетін есептер аумағын қатаң шектеулерге алып келеді. Егер кластерден жоғары
әмбебаптылық талап етілсе, онда басқа ӛнімділігі жоғары және арнайы коммуникациялық
технологияларды пайдалану керек. Кластерлік жүйелерді құрастырушылар баға, ӛнімділік
және масштабталу ұғымдарын ескере отырып Fast Ethernet, Gigabit Ethernet, SCI, Myrinet,
cLAN, ServerNet және т.б. желілік технологиялар арасынан таңдау жасайды.
Коммуникациялық технологиялар және олардың негізгі параметрлері туралы толық
мәліметті,
мысалы
http://www.Parallel.ru
сайтынан табуға болады.
Кластерлі жүйелерде, коммуникациялық желілердің ӛнімділігі қандай сандық
сипаттамалармен ӛрнектелетініне тоқталайық. Пайдаланушыға қажетті негізгі екі сипаттама
бар: латенттік және желінің жіберу (ӛткізу) қабілеті.
Латенттілік - бұл хабарламаларды
жіберу кезіндегі бастапқы бӛгелу уақыты.
Желінің жіберу (өткізу) қабілеті байланыс
каналдары бойынша ақпаратты жіберу (ӛтізу) жылдамдығымен анықталады
(Сурет 2). Егер
бағдарламада кішкене хабарламалар кӛп болса, онда латенттілік қатты ӛзгерістерге
ұшырайды. Егер хабарламалар үлкен порциялармен берілетін болса, онда байланыс
каналдарының ӛткізу қабілетінің жоғары болуы маңызды. Латенттілік әсерінен шағын
ұзындықты хабарламаларда желі бойынша жіберудің максималды жылдамдығы қамтамасыз
етілмеуі мүмкін.
Myrinet 2000 желісі
128
CPUs
128
CPUs
128
CPUs
128
CPUs
128
CPUs
128
CPUs
Fast
Ethernet желісі
Gigabit Ethernet желісі
Басқарушы
компьютер
Файл-
сервер
Резервтегі
басқарушы
компьютер