78
Аннотация
Мақала қытай тілінің иероглифтерін оқыту негіздеріне арналған, мақалада қытай сӛйлемдерінің
орын тәртібін дұрыс қоюдың әдістері мен жолдары қарастырылады: қытай тілінде жазбаша және
ауызша тәжірибеде берілген мәліметті сауатты қолдануға арналған негізгі құрылымдар. Сӛйлемнің
құрамды компоненттеріне аса назар аударылады.
Аннотация
Статья посвящена основам обучения иероглифики китайского языка, в статье рассматриваются пути и
методы правильного построения китайского предложения: основные конструкции для грамотного
использования отображенного материала в письменной и устной практики китайского языка. Особое
внимание уделяется составным компонентам предложения.
Annotation
The article covers the basics of learning hieroglyphics of the Chinese language, the article examines the
ways and means of proper construction of the Chinese proposal: the basic design for the proper use of the
material displayed in the written and oral practices of the Chinese language. Particular attention is paid to
components of sentences.
ӘОЖ 584.56
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ
МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫСЫМДЫҚ БІЛІКТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Жорабекқызы Ж.
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
Қоғамдағы жаңарулар, ел дамуындағы тың стратегиялық бағдарламалар мен қағидаттар,
қоғамның ақпараттануы және ғылым мен техниканың қарыштай дамуы білім беру жүйесінде
де түбегейлі ӛзгерістер жасауға себеп болды. Ӛйткені жаңа уақыт талабы рухы биік,
болашаққа зор сеніммен қарайтын, оның дамуына ӛзіндік үлес қосатын, халықаралық
стандартқа сай, бәсекеге қабілетті, танымдық деңгейі жоғары, білімді де білікті маманды
қажет етеді. Педагогикалық қауымдастық пен педагогика ғылымының алдына білім беруді
жаңаша құру міндеті қойылды. Қоғамдық мүдде мен жеке бас мүддесін ұштастыра алатын,
әлеуметтік сұранысқа жауап беретін маман дайындауға басымдылық беріле бастады. Бұл
орайда педагогикамен ӛзектес басқа да ғылым салаларындағы іргелі жетістіктер мен
нәтижелер негізінде білім беру үрдісін жаңа қырынан қарастырудың ӛзектілігі арта түсті.
Білікті кадрлар дайындауда, педагогикалық білім жүйесін жетілдіруде сапалық ӛзгеріс
жасау қандай да болмасын жүйеге мазмұндық талдау жасаумен тікелей байланысты.
Сондықтан алдымен осы саланың келелі мәселелерін анықтап алған жӛн. Ӛркениетті елдерде
ұлттық білім жүйесін дүниежүзілік тенденциялармен байланысты жетілдіру процесі жүріп
жатыр. Ол сапаны кӛтеруге, ӛз бетінше шығармашылық құзіреттілікті дамытудың іргелі
білім жүйесінің тұтастығын жасауға негіз болуда.Негізгі тенденциялар қатарына: үздіксіз
білім беруге кӛшу, білім берудің ашықтығы, ӛзекті бола бастауы, іргелі білім беру, білімді
ізгілендіру және білім берудегі инновация жатқызылады. Бүгінгі таңда жеке тұлға ӛзі ӛмір
сүріп отырған қоғамдағы ӛзгерістерге тиімді бейімделуге кӛмектесетін интеллектуалдық,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруы қажет.
Абылай хан атындағы халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің
ректоры Құнанбаева С. С. ӛзінің «Қазіргі шеттілдік білім берудің теориясы мен практикасы»
атты оқулығында, «мәдениетаралық қатысымдық құзіреттілік» құрылымында тұлғаның
халықаралық байланыстағы әрекетіне қажетті шетел тілін меңгерудің мәдениетаралық
қатысымдық деңгейін қалыптастыратын, оқыту жүйесін бейнелейтін субкомпетенцияларды
беріп, бірінші кезекте: ұлттық тілдік сана мен ділдің лингвомәдени кӛрінісі ретінде тілдік
тұлға бойында ӛз мәдениетінің негізінде әлемнің тілдік бейнесінің алғашқы
тұжырымдамасын қалыптастыратын лингвомәдени субкомпетенцияны атап кӛрсеткен [1:5].