«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет221/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

432 



Тоқтасын Несібелі 

 5В040900-Хореография 

Ғылыми жетекшісі: ө.ғ. магистрі, аға оқытушы С.Ә.Бәкірова 

ҚазМемҚызПУ 

 

ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ БИ ӨНЕРІ 

 

Аннотация.  Статья  посвящена  содержанию,  характеру  и  исполнению  казахского 

национального  танцевального  искусства.  Считалось,  что  в  искусстве  хореографии,  включая 

историю казахского танца, все танцы происходят из народного творчества. В наше время он стал 

очень  ценным  танцем,  богатым  хореографической  традицией,  которая  знаменует собой развитие 

казахского танца. 

Abstract.  The  article  is  devoted  to  the  content,  character  and  performance  of  the  Kazakh  national 

dance art. It was considered that the art of choreography, including the history of Kazakh dance, all dances 

stem from popular folk art. Nowadays it has become a very valuable dance, rich in choreographic tradition, 

which marks the development of Kazakh dance. 

 

 

Бүгінгі  Елбасы  қолдаған  Мәңгілік  елдің  қыранын  самғату,  болашаққа  байыппен  апаратын 

рухани жаңғырудың игі жолында хореография өнері маңызды рөл атқарады. Еліміздің қызғалдақтай 

құлпырған, жазиралы  даласын да,  нәзік  те  сұлу,  мың  бұралған қазақ қыздарының  парасаттылығын, 

ибалылығын,  мәдениеттілігін  бір  ғана  кішкентай  образдың  астарымен  сомдап,  қимыл  қозғалыс 

арқылы  суреттеуге  болады.  Қазақи  тәрбиемен  сусындап  өскен  ибалы  қыздарының  бірі  ретінде,  өз 

туған  жерімнің    би  өнерін  зерттеп,  еліміздің  ұлттық  құндылығын  насихаттап,  рухани  адамгершілік 

тәрбиені болашақ ұрпаққа дарыту міндетіміз.  

Би  —  қазақтың  халық  фольклорының  көне  түрлерінің  бірі.  Ол  туралы Қазақстан жерінде 

сақталған  тастағы  суреттер,  тарихи  деректер,  орыс  саяхатшылары,  тарихшылары,  ғалымдарының 

этнографиялық жазбалары сыр шертеді. 

20 ғасырдың 60-жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның 

шығу  тарихы    ғылыми    тұрғыда  зерттелді.  Солардың  негізінде  хореографтар  жаңа  шығармалар 

тудырып, би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты.  

Қазіргі  таңда  қазақ  би  өнері  жан-жақты  дамып,  әлемдік  деңгейге  көтерілді.  Балабақша, 

мектептерде  және  еліміздегі  би  ансамбльдерінің  репертуарларындағы    қойылған  қазақ  билерінің 

мазмұнды,  идеялық  көркемдік  деңгейі  жоғары  болуы,  ұлттық  билердің  сахна  төрінде  өзіндік 

ерекшеліктерімен  көрінуі  шын  мәнісінде  қазақ  би  өнерінің  жарқын  табыстары  болып  саналады.  

Қазақ биінің дамуы  ұлттық өнердің табиғатын терең сезініп, оның даму жолында талай өнерпазды 

ерінбей еңбек еткенінің арқасында жеткен табыстар. Бұл - кейінгі кезеңдердегі қазақ биі өнерінің қол 

жеткізген  табыстары  десек,  оның  болашағы  бұдан  да  жарқын  екеніне  күмән  келтірмейміз.  «Ай 

қосақ»,  «Бақсы  ойыны»,  «Келіншек»,    «Буын  биі»,  «Алқақотан»  тағы  басқа  билер  белгілі    бір 

сюжетке құрылып, бейнелі құбылысты, белгілі бір ойды білдіретін халқымыздың тұрмыс-салты мен 

дәстүрінен,  діни  рәсімдерінен  алынған  қимыл-қозғалыс  арқылы  туындаған  біртұтас  би  өнеріне 

жатады.  Халық  күйлерімен  қатар  халық  музыкасын  пайдаланған  композиторлар,  балетмейстерлер 

қазақ  халқының  би  қозғалысы  элементтерін  пайдалана,  отырып,  хореография  өнерін  дамытуда 

сахналық биді жаңа тәсілдермен байытып, өзгертіп,  қазақ биінің ұлттық түрін кеңейте түсті. Сондай-

ақ,  еліктеуден  туындаған  «Қаражорға»,    «Тепеңкөк»  билері  қазақтың  жылқы  малын  дәріптеп,  ер 

қанатына  теңеуінің  мәнін  көрсеткендей»  [1,34б.].  Ат  жарысы  –  ең  танымал,  ен  кең  тараған  ұлттық 

спорттық ойын түрі. Қазақ күйлерінің, әндерінің арасында жылқы малына арналған шығармалар өте 

көп.  Сондықтанда  болар,  би  өнерінде  де  жылқы  малын  суреттеуде  өте  тартымды  композициялар 

құрылған.  Бұл  билер  аттың  нағыз  шабысы,  ер  үстіндегі  жігіттің  қимыл-қозғалыстарын  суреттейтін  

билер.  Халық  күйі  «Қаражорғаға»  би  сонау  1930-жылдардан  бері  қойылып,  биленіп  келе  жатыр. 

Соның  ішінде  Мәскеу  сахынасында  биленген  би  жөніндегі  жазба  деректерге  сүйенсек,  өте  сәтті 

көрсетілген  бидің  бірі.  Осы  дәстүрліліктің  жалғасы  іспеттес  болған  би    Ш.Жиенқұлова  атындағы 

қазақ    биінің  II  Республикалық  байқауында  да  көрсетілген.  Сахна  төрінен  орын  алған    ендігі  бір 

тақырып-еңбек  тақырыбы.  Еңбек  тақырыбына    сүйене  отырып  қойылған  «Кесте»,  «Өрмек  биі», 

«Ұршық»,  «Киіз басу» билері. «Кесте» биін Мемлекеттік жастар эстрадалық  «Гүлдер» ансамбліне 




 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

433 



сонау  70-жылдардың  басында  Д.Қияқова койған болатын.  О.Веселодская-Голушкевич  қойған  «Киіз 

басу»  биін    «Алтынай»  ансамблі  билесе,  «Өрмек  биін»  ҚазССР-нің  еңбек  сіңірген  артисі  Т.О.Ізім 

билеген. «Қазақ биі» пәнінен ұзақ жылдар дәріс беріп келе жатқан Ғ.Бейсенованың  «Ұршық»,  «Киіз 

басу»  билері  қазақ  халық  биін  оқып  үйренуде  негізге  алынып  отыр.  Композитор  М.Төлебаевтың 

«Біржан-Сара»  операсынан  алынған  музыкаға  қойылған  З.Райбаевтың  «Мереке  биі»,  Д.Әбіровтің  

«Ұтыс биі», Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан алынған музыкаға қойған «Шашу» билері 

осындай шаттыққа толы билер. Қазақ биі халық шығармашылығының, көркемдік дүние танымының 

бір бөлігі ретінде, әсем қимыл түрлерін қалыптастыра отырып, оның эстетикалық талғамын бекітті. 

Сонымен  қатар,  би  өнеріне  деген  жалпы  көзқарастың  қалыптасуына  ықпал  етті.  Би  қимылдарында 

дене,  қол  пластикаларында,  бет  мимикасында  халықтың  салт-дәстүрі  мен  сезімнің  аз  ғана 

өзгешелігінен  бастап,  реніші  мен  қуанышы  көрсетіледі.  Қазақтың  халықтық-сахналық  биі  калай 

дамып  келе  жатыр  деген  ой  туғанда,  осы  өнердің  жетістіктерінің  бірі,  1992,  2001  және  2006,  2012 

жылдары  өткізілген    Ш.Жиенқұлова  атындағы  қазақ  биінің  Республикалық  байқауы  болды  десек 

жаңылмаймыз.  Бұл  байқау  жай  ғана  өнер  мерекесі  емес,  осы  өнер  түрінің  әрі  қарай  қай  бағытта 

дамып  отырғанын  байыптайтын,  ел  ішіндегі  өнерпаздардың  өрісін  кеңейтетін  бас  қосу  болды. 

Байқауға  қатысушылар  мен  оның  бағдарламасы  халықтың  ұлттық  тамырынан  інжу-маржан  таба 

білетінін  аңғартты.  Осы  байқаудың  арқасында  халық  биінің  сан-салалы  жанрлары  кеңінен 

насихатталуда [2,17б.]. 

Қазақ  би  мәдениетінің  бірегей  мұрасын  сақтап  қалу  мақсатында  Қазақ  ұлттық  хореография 

академиясында  «Қазақ  биінің  шығармашылық  зертханасы»  ашылды.  Зертхананың  негізгі  мақсаты  

қазақ  биінің  ұлттық  негізін  сақтай  отырып,  қазіргі  таңдағы  ауқымын  кеңейтіп,  әрі  қарай  дамыту. 

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы елімізде қызу талқыланып жатқанда, Қазақ ұлттық 

хореография  академиясының  ұжымы  да  шығармашылық  белсенділік  танытты.  Жуырда  өткен  ІV 

халықаралық  Шәкен  Айманов  кинофестивалінде  «Қазақ  биі»  картинасы  «Құлагер»  атты  Ұлттық 

кинематографиялық  сыйлығын  («Ең  үздік  деректі  фильм»)  иеленді.  Қазақ  халық  биінің  болашағы 

зор.   «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  бағдарламасы  −  ұлттық  хореография  өнерінің  тарихи  қалыптасқан 

дәстүрлерін сақтап қалу мен одан әрі дамытудың жаңа мүмкіндігі. Сондықтан би өнері эстетикалық 

мәдениетті  дамыту  арқылы  адамгершілік  негіздерін  қалыптастырса,  өз  халқының  төл  рухани  мәде-

ниетінің қыр-сырын, салт-дәстүрін білген тұлға елінің патриоты ғана емес, өзге ұлттың да болмысын 

құрметтей білетін, яғни ұлттық санасы биік, өркениеттің көшіне ілесер жан-жақты болары сөзсіз.   

Осы орайда қазақ би өнерінің болашағы жас жеткіншектердің қолыңда десек, қазіргі таңда би 

өнерін дұрыс оқыту  – бұл оқушыларды тарихымызды, салт-дәстүрімізді, ұлттық сазымызды таныта 

отырып  тәрбиелеу  болып  табылады.  Сонымен  қатар    би  өнері  оқушының  дене  бітімінің  дұрыс 

қалыптасуына  үлесі  зор,  нағыз  денсаулықты  шыңдайтын  өнердің  бір  түрі.  Би  өнерінің  сабақтары 

сапалы  болуы  үшін  дидактиканың  негізгі  принциптеріне  бағыну  керек,  бұлар  саналы-эмоциялы 

тұжырымдамалық және сарамандық, бірізділік, көрнекілік, оқылатын материалдарға шығармашылық 

ықпал жасай білу керек екенін үнемі басты назарда ұстау қажет. Қорыта айтқанда, біз алдағы уақытта 

еліміздің  болақ  хореография  өнерінің  дамып,  қазақы  дәстүріміздің  бет-бейнесі  болуы  үшін  жұмыс 

істейміз. Ал Отанымыздың рухани жаңғыруы болашаққа шабыт берер баға жетпес құндылығымызға 

айналады дегіміз келеді.   



 

Әдебиеттер: 

1.  Ізім  Т.О.,  Кульбекова  А.К.  «Қазақ    биін  оқытудың  теориясы  мен  әдістемесі»  Алматы, 

2015ж. 

2.  Т.Қышқашбаев,  Ә.  Шаңқыбаева,  Г.Жұмасейітова,  Л.Мамбетова,  Ф.Мусина.  «Қазақстан 



хореографиясының тарихы». Алматы, 2005ж. 

  

 



 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау