«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет218/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

426 



Скакова Мадина 

5В091000-Кітапхана ісі 

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., Г.И.Нұржанова  

 

ҰЛТТЫҚ КІТАПХАНАЛАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК МІНДЕТТЕРІ 

 

Аннотация.  В  данной  статье  рассматриваются  социальные  задачи  национальных  библиотек, 

рассматриваются  направления  обслуживания.  В  настоящее  время  в  мире  работает  именно  над  всеми 

направлениями деятельности национальных библиотек многих лиц и многих других нужд. В данной статье 

описываются современные задачи национальных библиотек в мире. 

Аbstract.  This  article  discusses  the  social  objectives  of  national  libraries  are  considered  service  lines. 

Currently the world is working precisely anathallo activities of the national libraries of many persons and many other 

needs. This article describes the current challenges of national libraries in the world. 

 

«Адамзат  тарихының  күретамыры  –  мәдениет,  ал  мәдениеттің  күретамыры  –  адамзаттың 

ақыл-ойы  мен  іс-әрекетін  дүниеге  әкелген  материалдық  құндылықтар  болып  табылады.  Бұл  – 

бәрімізге  белгілі  ақиқат.  Қай  халықтың  болмасын  өзге  жұртқа  ұқсамайтын  бөлек  болмыс-бітімін 

даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, 

рухани  болмысы,  жаны,  ақыл-ойы,  парасаты.  Өркениетті  ұлт,  ең  алдымен,  тарихымен, 

мәдениетімен,  ұлтын  ұлықтаған  ұлы  тұлғаларымен,  әлемдік  мәдениеттің  алтын  қорына  қосқан 

үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға 

танылады» - деп, Елбасымыз өзінің қанатты сөздерінің бірінде айтқан еді. Міне, сол мәдениеттілік 

пен  парасаттылықты  қалыптастыратын  руханияттың алтын ордасы – кітапхана болып табылады. 

 Кітапхана  баспасөз  шығармаларын  жинау,  сақтау,  насихаттаумен,  оқырмандарға  баспасөз 

шығармаларын  берумен,  мәдени-ағарту  және  ғылыми-көпшілік  жұмыстарын  ұйымдастырумен 

шұғылданады.  

Ұлттық кітапхана дегеніміз – мемлекет қарауындағы арнайы кітапханалар. Ол мемлекеттік 

кітаптар қоры ретінде, әрі көпшілік халыққа өз қорын қол жетімді ету мақсатын іске асырады. Көп 

жағдайда бұл кітапханалар өте бағалы, сирек кездесетін кітаптарды сақтайды. Басқа кітапханаларға 

қарағанда ұлттық кітапханалар ауқымды, кең көлемді келеді [1-10 б]. Осының негізінде, Қазақстан 

Республикасының  Ұлттық  кітапханасына  келер  болсам,   Қазақстан  Республикасының  Ұлттық 

кітапханасы  1910 жылғы 31 желтоқсанда Верный қалалық думасының шешімімен кітапхана - оқу 

залының  ашылуы  кітапхананың  негізі  қаланған  күні  болып  есептеледі.  1931  жылы  Қазақ 

Автономиялық  Кеңестік  Социалистік  Республикасы  (ҚАКСР)  Орталық  Атқару  Комитеті 

Президиумының  1931  жылғы  12  наурыздағы  «ҚАКСР  Мемлекеттік  көпшілік  кітапханасын  ашу» 

туралы  Қаулысына  сәйкес  Кітапхана  Қазақ  ССР-нің  Мемлекеттік  көпшілік  кітапханасы  болып 

қайта  құрылды. 1931  жылғы  5  мамырдан  бастап  оқырмандарға  қызмет  көрсете  бастады.  1937  

жылы  ақпанда кітапханаға ұлы орыс ақыны  А.С. Пушкиннің есімін мәңгі есте қалдыру үшін және 

қайтыс  болуына  100  жыл  толуына  байланысты  ақынның  есімі  берілді.  1991  жылы  кітапханаға 

Қазақ КСР Министрлер Кабинетінің «Қазақ  КСР Ұлттық кітапханасы туралы» 09.12.1991 ж. N775 

Қаулысы  негізінде  «Ұлттық»  дәрежесі  беріліп,  ерекше  құнды  мәдениет  объектісі  ретінде 

мемлекеттік  және  қоғамдық  маңызға  ие  болды.  [15-17  б.]  кітапханаларының  ғылыми-әдістемелік 

орталығы;  Қазақстан  баспа  басылымдарының  міндетті  данасының  депозитарийі;  ҚР  Білім  және 

ғылым министрлігі Бақылау комитетінің барлық ғылым салалары негізінде Қазақстанда қорғалған 

кандидаттық және докторлық диссертациялардың депозитарийі; ТМД елдері авторефераттарының 

депозитарийі;  1993  жылдан  бері  ЮНЕСКО-ның  ғылыми  диссертацияларының  және 

басылымдарының  депозитарийі;  2005  жылдан  «Мәдени  мұра»  Мемлекеттік  бағдарламасы 

бойынша шығарылған әдебиеттердің депозитарийі; 2012 жылдан  Алматы қаласы Қазақстан халқы 

Ассамблеясы  басылымдарының  депозитарийі.  Кітапхананың  алғашқы  директоры  –  көрнекті 

мемлекет және қоғам қайраткері Ораз Жандосов. Ол кітапхана қызметінің негізгі міндеті ретінде 

«Қазақстан  туралы  және  қазақ  тіліндегі  барлық  баспа  басылымдарын  жинақтау»  туралы  мәселе 

көтерді. Кітапхана осы кезден бастап бүгінгі күнге дейін қазақ халқының және Қазақстанның басқа 

халықтарының жазба мәдениетін жинақтап, сақтаушы мемлекеттік ұлттық кітап қоймасы қызметін 

атқарып келеді. Кітап қоры 6,7 млн. астам сақтау бірлігінен тұрады. Оқырмандардың жыл сайынғы 

келім саны - 1 млн.  астам, кітап берілімі - 2 млн. данаға жуық. Оларға 1,5 мың орындық арнайы 14 

оқу залы қызмет көрсетеді.  Жалпы кітапхана 12 бөлімнен тұрады: 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

427 



 

Каталогтар бөлімі 



 

«Қазақстан кітаптары» бөлімі 



 

Әлем әдебиеті бөлімі 



 

Өнер бөлімі 



 

Мерзімді басылымдар бөлімі 



 

Анықтама-библиография бөлімі 



 

Электрондық басылымдар залы 



 

Мұнай-газ ақпараттық ресурстары залы 



 

Кітапханатану залы 



 

Сирек кездесетін кітаптар мен қолжазбалар бөлімі 



 

Диссертациялар бөлімі 



 

Мәдени-бұқаралық және көрме жұмысы бөлімі 



Кітапхана сайты  www.nlrk.kz     кітапханадағы    электрондық    каталогтарға         және 

ақпараттық  ресурстарға  қол  жеткізу  мақсатымен  ұйымдастырылған  бірыңғай  ақпараттық жүйе 

болып табылады. Веб-сайтқа жыл сайынғы виртуальды келушілер саны - 1,6 млн. астам. 

ҚР  Ұлттық  кітапханасы  Кітапханалық  қауымдастықтар  мен  мекемелердің  халықаралық 

федерациясына  (IFLA,  1992),  Ұлттық  кітапханалар  директорларының  конференциясына  (CDNL, 

1992) және «Еуразия Кітапханалық Ассамблеясы» коммерциялық емес  серіктестігіне (БАЕ, 1993) 

мүше. 2002 жылдан ЮНЕСКО-ның  «Әлемдік мұра» бағдарламасы бойынша Қазақстандық ұлттық 

комитетін  басқарады,  2008  жылдан  -  IFLA/РАС  (Сақтау  және  консервация)  негізгі 

бағдарламасының аймақтық орталығы болып табылады  [25-30 б]. 

ҚР  Ұлттық  кітапханасының  әлеуметтік  міндеті  – оқырмандарға жан-жақты жағдай жасау, 

қажеттіліктерін  жоғары  деңгейде  қанағаттандыру.  Осы  әлеуметтік  міндеті  бойынша  кітапханада 

көптеген  жұмыстар  жүзеге  асырылуда.  Сонымен  қатар  Қазақстан  Республикасының    Ұлттық 

Кітапханасындағы шет елдердің мәдениет орталықтары ақпаратты сақтауға, күшейту мен беруге, 

мәдени дәстүрлердің жаңғыруы мен халықтардың нақты өзара ықпалдастығына жәрдемдеседі және 

өздерінің қызметі арқылы «Ұлы Жібек жолындағы Керуен-сарай» бағдарламасын іске асырады. ҚР 

Ұлттық  кітапханасында  Ресейлік  зерттеулер,  Қытай,  Пәкістан,  Түркия  мәдениет  Орталықтары, 

Үндістанды зерделеу, Иран және Орталық Азия халықтарының мәдениетін зерделеу орталықтары 

әлеуметтің  ақпарат  деңгейін  жоғарлату  негізінде  жұмыс  істейді  [45-60  ].  Ұлттық  кітапхананың 

түрлері:  Австрия  Ұлттық  кітапханасы,  Литва  Ұлттық  кітапханасы,  Мажарстан  Ұлттық 

кітапханасы,  Аустралия  Ұлттық  кітапханасы,  Белорусь  Ұлттық  кітапханасы,  Грузия  Ұлттық 

кітапханасы,  Корея  Ұлттық  кітапханасы,  Франция  Ұлттық  кітапханасы,  Украина  Ұлттық 

кітапханасы,  Латвия  Ұлттық  кітапханасы,    Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  кітапханасы. 

Франция  Ұлттық  кітапханасы (фр. Bibliothèque  Nationale -  немесе BNF)  –  Еуропадағы  ең  ежелгі 

кітапханалардың  бірі.  Қорының  көлемі  жағынан  әлемнің  алып  кітапханалары  қатарында, 

анығында, жетінші орын иеленеді. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана Франция королі 

Карл V-тің кезінде (1348-1380 ж.ж.) Лувр музейінде қызмет көрсете бастаған. 

Йель университетінің сирек кездесетін кітаптар мен көне қолжазбалар кітапханасы. Оның 

негізі  1963-жылы  қаланған.  Бұл  сирек  кітаптар  мен  манускриптерді  сақтауға  арналған  әлемдегі 

ең үлкен  кітапхана.  Мұнда  бүгінде  11 миллион  кітап  бар,  соның  ішінде  Гутенберг  Библиясының 

48 данасы  сақталған.  Сиэтл  кітапханасы —  АҚШ-тың  солтүстік-шығысындағы  Сиэтл  қаласының 

орталығында  орналасқан.  Бұл  әйнек  пен  болаттан  жасалған  әсем  ғимараттың  негізі  2004-жылы 

тұрғызылған. Мұнда 1,45 миллион кітап сыйады.  

Гейзель  атындағы  кітапхана —  Сан-Диегодағы  Калифорния  университетінің  басты 

кітапханалық ғимараты. Кітапхана сегіз қабаттан тұрады, биіктігі 33,5 м. Аты атақты америкалық 

балалар жазушысы әрі мультипликатор Теодор Сьюз Гейзельдің құрметіне қойылған. 

 

Әдебиеттер: 

1.  ҚР Ұлттық кітапхана сайты 

https://nlrk.kz/

 

2.  Библиографиятану, оқу құралы // Д.К.Естаева, Ж.К.Сералиева. 



3.  Ақпараттық  мәдениет  негіздері  Оқу  құралы  /  С.М.  Бекова,  Р.И.  Якупова,  Г.Н. 

Тастанбекова.- 6, 11 МБ.- Алматы: Бастау баспасы, 2011.- 232 б.  



 

 


жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   214   215   216   217   218   219   220   221   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау