«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет19/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

34 



Жорабек Зубайра 

6М020500-Филология 

Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.д., профессор Т.Н.Ермекова  

ҚазМемҚызПУ 



 

ҒАЛАМНЫҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ «ШАҢЫРАҚ» КОНЦЕПТІСІ 

 

Аннотация.

 

Один  из  значительных  вкладов  казахского  народа  в  мировую  цивилизацию  -  часть  юрты 

Ш

анырак представляет собой очень широкое представление  в языковом сознании нашего народа. 

В статье 

анализируется этимология слова «шанырак», а также символическое значение этого слова. 

Abstract. 

It is widely known that since ancient times shanyrak for the Turkic peoples, including the Kazakhs, was 

not just a constructive element of the yurt, but a sacred object, with which many beliefs and rituals were associated. The 

article analyzes the etymology of the word "shanyrak", as well as the symbolic meaning of this word. 

  

Көшпенділер өркениетінің, оның ішінде қазақ халқының әлемдік дамуға қосқан сүбелі үлесінің 



бірі  боп  саналатын  –  киіз    үйдің  бөлшегі  шаңырақ  атауының  халқымыздың  тілдік  санасындағы 

бейнелеу  дәрежесі  өте  кең.  Тілдік  санада  концепт  форматына  түскен  бұл  құрылымның 

лингвокреативті  ойлаудың  негізінде  әрі  қарай  өңдеуден  өтіп,  ұлттық  -  мәдени  концепті  дәрежесіне 

көтерілуін зерделеу аталған жайтты  тілдік деректер арқылы дейектеу болып саналады. 

Когнитивті  лингвистика  бағытындағы  зерттеулерді  саралай  отырып,  ғасырдан-ғасырға  өз 

құндылығын жоймаған гуманитарлық ғылымдардағы «Шаңырақ» концептісі де филологтардың ғана 

емес,  тарихшылар  мен  сәулетшілердің  назарынан  тыс  қалмай,  зерттеу  жұмыстарына  арқау  бола 

алғандығын байқаймыз. Б.А. Куфтин«Киргиз-кайсаки: Культура и быт» еңбегінде «Шаңырақ» сөзінің 

этимологиясына,  түркі  тілдерінде  қолданылу  аясы  мен  дыбысталу  ерекшеліктеріне  тоқталады . 

Е.Джелбулдин «Мой великий, мудрый народ» еңбегінде «Шаңырақ» ұғымына ғана емес, сондай-ақ, 

киіз  үйдің  барлық  бөліктеріне  жеке-жеке  талдау  жасай  отырып,    оларға  қатысты  паремиялар 

табиғатын  шебер  көрсеткен.  Н.Ж.Шаханова  өзінің  «Мир  традиционной  культуры  казахов»  атты 

еңбегінде киіз үйдің шаңырағы киелі саналатындығына баса назар аудара отырып, шаңырақ формасы

бөліктері,  сапасы,  осылардың  барлығын  отбасының  берекесі  -  «құт»  ұғымымен  байланыста 

қарастырған  .Ал,  Г.К.Аюпова  «қара  шаңырақты»  жеке  концепт  ретінде,  «Шаңырақ»  концептісінен 

бөліп  алып,  лингвомәдени  концепт  деп  қарастырады  [1] .  Дей  тұрғанмен  осы  уақытқа  дейін 

«Шаңырақ»  концептісін  түзетін  материалдар    бір  арнаға  тоғыстырылып,  «Шаңырақ»  концептісіне 

макроконцепт ретінде  кешенді талдау жүргізілмеген. 

Шаңырақ  ұғымының  ұлтымызға  тән  дүниетаным,  наным-сенім,  салт-дәстүр  секілді  мәдени 

факторлардағы  алатын  орны  ерекше.  Өйткені  тілімізде  «шаңырақ»  лексемасына  қатысты 

лексикологиялық, фразеологиялық, паремиологиялық бірліктер мен прецедентті мәтіндер киіз үйдің 

басқа құрылымдық бөліктеріне қарағанда көп кездеседі. 

Сөздіктерде берілген анықтамаларға сүйене отырып, шаңырақ сөзінің негізгі мағынасы ретінде 

«туған  үй»,  «отбасы»,  «Отан»  мағыналарын,  ал  түр-тұлғалық  белгісі  ретінде  «киіз  үйдің  ағашы», 

«үйдің жоғарғы бөлшегі» мағыналарын қарастыруымызға болады.   

Алтын шаңырақ – туған жер, Отан мағынасын үстейді.  

Қара  шаңырақ.  Қазақ  тілінде  қара  шаңырақ  –  атадан  балаға  мирас  болып  қалған  үлкен  үй. 

Дәстүр бойынша, үйдің үлкен ұлдары өз еншілерін алып, бөлек отау тігеді де, кенже ұлы әке үйіне 

мұра болып қалады. Мысалы, үлкен ұлдың сыбағасына еншіге қоса көш бастау тиетін, кіші ұлға қара 

шаңырақ  тиетін,  ортаншылары  малдан  ғана  енші  алатын  (С.Мұқанов).  Қазақ  халқы  оны  «қара 

шаңырақ  иесі»  деп  атайды.  Құнанбай  өз  басы  бір  шешеден  жалғыз,  бәйбішенің  жалғызы.  Қара 

шаңырақ иесі. Қалың дәулер мен әмір, билік иесі (М.Әуезов). 

Белгілі  түрколог  А.Н.Кононов:  «Кейбір  тұрақты  тіркестердегі  қара  сөзі  бірқатар  қосымша 

мағына береді» деп қара сөзінің 7 қосымша мағынасын көрсеткен. Олар: 1) үлкен, ірі, көп: қара мал, 

қара орман; 2) басты, ұлы, құдіретті, қуатты: қара теңіз «ұлы теңіз»; 3) күшті: қара жел «күшті жел», 

моңғ.:  хара  бороо  (күшті  жаңбыр);  4)  таза:  қырғ.  қара  шамал  «жауын-шашынсыз  жел»  (таза);  қара 

суық;  5)  құрлық,  жер:  қара  құм;  6)  солтүстік,  аспанның  солтүстік  жағы:  қарақытай  (Қытай  халқы 

Тянь-Шань тауының солтүстік жағында орналасқандықтан солай аталады); 7) мал, көпшілік: ірі қара 

мал  «сиыр»  [2,  18б].  Жоғарыдағы  қара  сөзінің  көрсетілген  бірінші  «үлкен»  мағыналық  реңкі  қара 

шаңырақ  тіркесінің  мағынасын  ашады.  Қара  шаңырақ,  яғни  «үлкен  шаңырақ»,  «үлкен  үй»  дегенді 

білдіреді. Үлкен үй деп – атадан балаға мирас болып келе жатқан үйді айтады. Әдетте, әрбір ата-ана 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

35 



балаларының  біреуін  (көбінесе,  кіші  ұлын)  «Өскенде  қарашаңырақ  иесі  сен  боласың»  деп  бала 

күнінен құлағына құйып өсіреді. Бұл – қазақ халқының ертеден келе жатқан әдет-ғұрпы. 

Қазіргі  таңда  қара  шаңырақ  тіркесі  халқымыздың  дәстүрін  көрсететін  тұрмыс-салттық 

жағдайда  ғана  емес,  қоғамның  басқа  да  салаларында  қолданылып,  дәстүрлі  жалғастықпен  келе 

жатқан мирастық ұғымын білдіреді. Мәселен, тіл білімінің қарашаңырағы деген тіркестен тіл ғылы-

мында жоғары білім мен біліктілікті сақтап, оны келер ұрпаққа мирас етіп қалдырып отырған киелі 

орын  екенін  түсінеміз.  Сондай  –  ақ,  қара  шаңырақ  –  бүгін  мен  өткенді  жалғайтын  белгі.  Мысалы, 

Дулат Исабековтың «Қара шаңырақ» әңгімесі -  ұлттық мінездің негізі  ауылмен байланысты екенін 

аңғартатын туынды. Жаппай қалаға көшу, ауылда қалған ата-баба қонысы, үлкен үй саналатын қара 

шаңырақты  күзетіп  шал  мен  кемпірдің  қалуы  қазақ  даласына  енген  рухани  және  материалдық 

өзгерістердің  ұлттық  менталитетке  тиген  әсерін  айқындай  түскендей.  Қазақы  қара  шаңырақтың 

қасиетті  белгісі  –  бесіктің  жастар  қолданысынан  шығып  бара  жатқанына  деген  қынжылысты 

сезінесіз. Немесе ұлттық мінездің заман өзгеруімен түрленгенін Есіркептің әкесіне: « Көке, сіз демала 

беріңіз, біз тамақ даярлап жіберейік,» – деуінен тағы бір аңғаруға болады. Қазақ халқында қашан да 

ер-азамат қазан-аяққа араласпаған, бұл отбасы анасының еншісіндегі дүние екені ықылым  заманнан 

белгілі. Міне, қаламгер осындай кішкентай эпизодтарды шым-шымдап әңгімеге енгізу арқылы қазақы 

ұлттық мінездің өзгерісін көз алдыңызға әкеледі. Қазір біздің қоғамда үйреншікті болып кеткен әрбір 

іс-әрекеттің тарихи салт, әдет-ғұрып емес, кейіннен таңылған құбылыс екенін үнемі есіңізге салады. 

Атақонысқа  ие  болу,  қасиетті  қара  шаңырақтың  отын  өшірмеу   ер-азаматтың  міндеті  емес  пе  еді? 

Әңгіменің  «Қара  шаңырақ»  аталуы  да  тегін  емес.  Қара  шаңырақтың  иесі  саналатын  үйдің  кенжесі 

Есіркептің:  «Кішкентайды  бала бақшаға  орналастырамыз»,  -  дегені Шөмішбай қарттың  үмітін  үзіп, 

жігерін  құм  қылды.  Бұның  өзі  –  қазақ  ұлтындағы  ұрпақ  тәрбиелеп,  өсіруде  ата  –  әже  орнының 

жоғалып бара жатқанының көрінісі. Жастайынан әже әлдиін, ата ертегісін, ұлағатты сөзін тыңдамай 

өскен  ұрпақтың  бойында  ұлттық  менталитеттің,  қазақша  айтқанда,  ділдің  берік  болуы  –  екіталай 

нәрсе. Бұл  да   –   «балаларын  өскенше,  немерелерін  өлгенше  бағатын»  қазақтың  ата-әжелерінің 

бейнесін  толықтыра  түсетін  әңгіме.  Шаңырақ  көтеру  –  өз  алдына  үй  болу,  үйлену  деген  мағынаны 

білдіретін  тұрақты  тіркес.  Көп  ұзамай  Мариямға  үйленіп,  шаңырақ  көтерді  («Мәдениет  және 

тұрмыс»). 

Шаңырағың  биік  болсын!  –  екі  жас  үйленіп,  отбасын  құрғанда  айтылатын  тілек  сөз.  Бұл 

тілектің мағынасы – екі жасқа дәулетті өмір тілеу. Сонау заманда көп қанатты, биік шаңырақты киіз 

үйді дәулеті бар байлар ғана тіккен. 14-30 қанатты үйлердің әлбетте, шаңырағы биік болып тігіледі. 

Ондай  көп  қанатты  үйлердің  шаңырағын  аттылы  адам  көтеретін  болған.  Мұндай  үйді  қазақ 

күнделікті күйбің тіршілікте тікпеген. Үлкен тойларда, көпшілік болатын жиындарда тігілген. Онда 

ет  асылып,  қымыз  сапырылып,  асқа  толы  дастарқан  жайылып  жатады.  Міне,  «шаңырағың  биік 

болсын» деген тілек арқылы дана қазақ екі жасқа байлықты, молшылықты тілеген. 

«Шаңырақ» ұғымы қазақ халқы үшін де, қазақстандықтар үшін де айырықша символдық мәнге 

ие.  Байырғы  және  қазіргі  танымдағы  бұл  ұғымға  қатысты  төмендегідей  танымға  негізделген  мәнді 

ұғымдарды бөліп көрсетуге болады. Шаңырақ: 

-  біріншіден,  киіз  үйдің  басты  бөлігі,    киіз  үй  мен  көк  әлемінің    арасын  қосып  тұратын 

қасиетті ұғым;  

-  екіншіден,  «ата-баба  -  әке-шеше  –  бала...»  бірлестігі  мен  ұрпақтар  сабақтастығын, 

отбасылық сыйластық пен дәстүр мен қадір-қасиетті айқындаушы киелі мәдени ұғым

-  үшіншіден,  отбасы-әулет-ру,  ел-мемлекет  ұғымдарын  сыйғыза  алатын  үлкен  коннотаттық 

мәнге ие әлеуметтік  ұғым;  

-  төртіншіден,  мемлекет  құрушы  қазақ  халқы  мен  өзге  де  ұлттардың  идеяларын  бір  арнаға 

тоғыстыратын идеологиялық құрал болуға ең әлеуеті зор ұжымдық сипаттағы, қоғамдық ұғым (қазақ 

– «шаңырақ», уық – «этностар», кереге – «ынтымақ»). 

Шаңырақ – көшпенділік өмір салты туғызған көне тарих жәдігері, рухани мәдениет үлгісі, ата-

бабалардың  асыл  аманаты  ғана  емес,  болашаққа  бағдар  болып,  ұлт  болып  ұйысудың,  бірлік  пен 

берекенің,  ұлт пен мемлекеттің  баға жетпес құндылығы. 



 

Әдебиеттер

1. Аюпова Г.К.  Лингвокультурологический концепт «Қара Шаңырақ» ... 2015. G-Global. 

2.  Кононов  А.  Н. О  семантике  слов кара и ак в  тюркской  географической  терминологии 

//Известия Отделения общественных наук Академии наук Таджикской ССР. 1954, вып. 5. 




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау