Қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттар



жүктеу 1,13 Mb.
Pdf просмотр
бет13/46
Дата04.02.2020
өлшемі1,13 Mb.
#28117
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46

 
 
33 
бойынша  жұмыстар  атқаратын  пайдаланушы  ұйымға  газ  пайдаланғыш 
жабдықты өшіру бойынша шаралар қолдану үшін жолдайды. 
8.2.5  ғимараттар  иелеріне  (жалға  алушыларға,  жалдаушыларға)  қысқы 
уақытта  айына  бір  рет  немесе  одан  жиі  олардың  қатуын  немесе  бітелуін 
болдыртпау мақсатында түтін арналары шеттерін қарап тексеру ұсынылады.  
8.2.6  желдеткіш  және  түтінді  арналарды  жөндеу  бойынша  жұмыстар 
басталғанға  дейін  ғимарат  иесі  (тұрғын-пайдаланушы  ұйым)  пайдаланушы 
ұйымды  газ  құралдары  мен  жабдықты  өшіру  қажеттігі  туралы  жазбаша 
хабардар етеді.   
Жөндеу  аяқталғаннан  кейін  желдеткіш  және  түтінді  арналар  актіні 
ресімдеумен бірге кезектен тыс тексеруге жатады.   
 
9 Қауіпсіздік техникасы және жұмыстарды орындау кезде еңбекті 
қорғау 
 
9.1  Тұрғын  үйдің  газ  жабдықтау  жүйесін  пайдаланатын  газ  желілік 
ұйымдарда  өндірістік  бөлмелерде  немесе  газдалған  объектілерде  жұмыстар 
жүргізуді ұйымдастыру мен жүргізу,    еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтар, 
бөлімшелер,  мамандықтар  (лауазымдар)  үшін,  сондай-ақ  жұмыстар  түрлеріне 
қарай  технологиялық  және  пайдаланушы  құжаттамалар  қайта  қарастырылуы 
(немесе  жаңадан  жасалуы)  қажет.    Олар  жергілікті  шарттарды  мен 
пайдаланатын газдың ерекшеліктерін есепке ала келе жасалуы, сонымен қатар 
онда өрт қауіпсіздігі бойынша талаптары болуға қажет. 
9.2 Жеке мамандар (лауазымдар) және жұмыстардың түрлері үшін еңбекті 
қорғау бойынша нұсқаулықтар тізімін құру мен оларды жасау ұйымның еңбекті 
қорғау  қызметімен  ұйым  маманының  ұсыныстары  негізінде  жүргізіледі  және 
ұйымның басшысымен бекітіледі. 
9.3  Бөлімшенің,  учаскенің  (шебер,  бригадир  және  т.б.)  басшысы  барлық 
мамандықтар  (лауазымдар)  мен  орындалатын  жұмыстар  түрлеріне  қарай 
бөлімшеде,  учаскесінде  жұмыс  істейтін  жұмысшылары  үшін  өзінде  әрекеттегі 
нұсқаулықтардың  жинағын  ұстауы  керек.  Нұсаулықтардың  көшірмелері 
журналда  немесе  жеке  нұсқаулықтың  карточкасындағы  тіркеумен  алғышқы 
нұсқау  берген  кезде  қарау  үшін  жұмысшыларға  берілуі  керек  немесе  жұмыс 
орындарында  немесе  бөлімшелердегі,  учаскелердегі    іліп  қою  қажет,  немесе 
басқа жерде, жұмысшыларға жетімді орында сақталады. 
9.4 Нұсқаулықтарды қайта қарау технологиялық процесстердің өзгерілген 
жағдайларда,  құрал-жабдықтардың,  аспаптардың  модернизацияланған  кезде, 
еңбекті сақтау бойынша жаңа нормативті актілерді енгізгенде және т.б., бірақ 5 
жыл ішінде 1 реттен кем емес жасалады. 
9.5 Ұйымдардың бөлімшелерінде еңбекті  қорғау бойынша нұсқаулықтар 
жасалауға  тиісті  мамандықтардың  (лауазымдардың)  тізідемесіне  сәйкес  және 
жұмыстардың  түрлеріне  қарай  жұмысшылар  үшін  еңбекті  қорғау  бойынша 


 
 
34 
нұсқаулықтардың  бар  болуын  қадағалау  мен  оларды  уақтылы  қайта  қарау 
міндеттері газ желілік үйымының басшысына тағайындалады. 
9.6 Газбен жабдықтау жүйелерін пайдаланатын барлық мамандықтардың 
(лауазымдардың)  жұмысшылары  әрекеттегі  нормативті-құқықтық  актілеріне: 
кіріс,  жұмыс  орындағы  алғашқы,  қайтадан,  жоспардан  тыс,  мақсаттық  сәйкес 
еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтан өтеді 
9.7  Кіріс  нұсқаулығы  жаңадан  жұмысқа  алынғандармен  олардың 
білімдеріне,  берілген  мамандық  немесе  лауазым  бойынша  ұйым  бойынша 
бұйрықпен  тағайындалған  адамға  еңбек  өтіліне  қарамастан  жүргізілуге  тиіс. 
Нұсқаулық  өткізілгені  туралы  жазба  нұсқаулық  алған  және  нұсқаулық 
бергенннің қолы міндетті қойылған кіріс нұсқаулық журналына енгізіледі. 
9.8  Жұмыс  орындағы  алғашқы  нұсқаулық  жұмысқа  қабылданған  және 
оның өзіндік жұмысқа рұқсат бергенге дейін әр жұмысшымен жүргізілуі қажет, 
сонымен қатар жұмысшыны бір бөлімшеден екінші бөлімшеге немесе ол үшін 
жаңа жұмысқа аударған кезде нұсқаулықтан өтеді. Жұмыс орындағы алғашқы 
нұсқаулықтан  кейін  барлық  жұмысшылар  алғашқы  10  жұмыс  ауысым  бойы 
ұйым  бойынша  бұйрықпен  тағайындалған  жұмысшы  басшылығымен  сынау 
мерзімінен өтуі тиіс.  
9.9  Қайта  нұсқаулық  дәрежеге,  біліміне,  еңбек  өтіліне  орындалатын 
жұмысының сипатына қарамастан 6 айында 1 реттен кем емес жұмыс орындағы 
алғашқы нұсқаулық көлемінде өткізіледі. 
9.10 Жоспардан тыс нұсқаулығы келесі жағдайларда өткізіледі: 
- технологиялық процесстің өзгерілуі, құрал-жабдықтардың жабдықталуы 
мен  модернизациялау  кезінде,  сонымен  қатар  еңбек  шарттары  айтарлықтай 
өзгерген кезде; 
-  жұмысшылардың  зақымдануға,  апатқа,  жарылысқа  немесе  өртке, 
улануға  әкеп  соғуға  мүмкін  болатын  еңбек  қауіпсіздігі  бойынша  ережелерді, 
нормаларды және нұсқаулықтарды бұзған кезде; 
-  еңбекті  қорғау  бойынша  жаңа  нормативті  актілерді  енгізген  кезде, 
сонымен қатар оларға өзгерістерді енгізген кезде
- бақылау органадар және ұйымның басшысының талап қойған кезде. 
Нұсқаулықтың  көлемі  мен  мазмұны  осы  нұсқаулықты  жүргізудің 
қажеттілігін  туғызған  жеке  бір  жағдайға,  оның  себебі  мен  салдарына  қарай 
анықталады.  
9.11  Мақсаттық  нұсқаулық  жұмысшыларға  олардың  негізгі  мамандыққа 
(лауазымға) тән емес соның ішінде реттік жұмыстарды орындауының алдында  
өткізіледі  және  осы  жұмыстарды  орындауға  рұқсат  беретін  құжаттамаларда 
тіркеледі. 
9.12  Жұмыс  орындағы  алғашқы  нұсқаулық,  қайта нұсқаулық,  жоспардан 
тыс және мақсаттық нұсқаулықтар жұмыстардың тікелей басшысы жүргізеді 
9.13  Еңбек  қауіпсіздігі  бойынша  барлық  өткізілетін  нұсқаулықтардың 
нәтижелері  мақсаттық нұсқаулықтан басқа нұсқаулықтарды тіркеу журналына 
және жеке карточкасына енгізіледі 


жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау