35
9.14 Нұсқаулықтарды жүргізу бойынша бақылау еңбекті қорғау бойынша
маманына немесе жұмыс берушінің бұйрығына сәйкес оған жауапты
жұмысшыға тағайындалады.
9.15 жұмыстарды орындаған кезде жұмысты сақтау (қауіпсіздігі)
бойынша ережелер мен нұсқаулықтар талаптарын орындау бойынша
жауаптылар жұмыстардың басшылары болып табылады.
9.16 Газ қауіпті жұмыстарға осы жұмыстарды дайындау мен қауіпсіз
орындау бойынша шаралар кешенін жасау мен жүзеге асыруды қарастыратын
наряд-рұқсаттама жасалады
Газ қауіпті жұмыстарды орындаған кезде отты тұту, шылым шегу,
сонымен қатар жұмыс орындарға бөтен кісілерді болдыруға
тыйым салынады
9.17 Газ қауіпті жұмыстар тәуліктің жарық кезінде орындалуы керек. Газ
қауіпті жұмыстардың басқа уақытында да газ желілік ұйымының техникалық
басшысының рұқсат беруімен жүргізуіне болады.
Осы тармақтың талаптары апаттық-диспетчерлік қызметпен орындалатын
жұмыстарына таралмайды.
9.18 Газ қауіпті жұмыстарда жұмыс істейтін жұмысшылар орындалатын
газ қауіпті жұмыстардың түріне сәйкес қажетті қорғану құралдарымен және
құрылғыларымен қамтамасыз етілуі тиіс
9.19 Зақымданған жерасты газ құбырларларындағы жұмыстардың
барлық түрлерінде жұмыстарды жасаған кезде газ құбырынан шыңатын газдың
тұтануын болдырмайтын барлық шаралар қолданылуы тиіс. Егер қазған кезде
газбен тұншығу немесе улану қатері төніп тұратын болса, жұмысшылар дем алу
мүшелерін қорғайтын айырғыш құралдарымен қаматамасыз етілуі тиіс.
Фильтрлейтін газ қағарларды пайдалануға тыйым салынады
9.20 Ұйымда көрінетін орындарында өрт пайда болған жағдайда немесе
апаттық оқиға пайда болған кезде цехтан (учаскеден) эвакуация жоспары
(схемалары) жасалынып, ілініп қойылуы қажет, сонымен қатар апат, жарылыс,
газдың, улы және зарарлы заттектерінің шығарылуын бақылауға мүмкін
болмайтын жағдайларда жұмысшылардың іс-әрекеті жөнінде нұсқаулық
жасалынып, жұмысшылармен таыныстырылып қойылуға тиіс.
9.21 Қысымда жұмыс істейтін СМГ сұйыққоймалық және баллондық
қондырғылар олардың құрылымына және қауіпсіз пайдалануына жататын
әрекеттегі нормативті құжаттамаларға сәйкес болуы керек.
9.22 Сұйыққоймаларды сұйытылған газбен алғашқы толтырған кезде,
сонымен қатар оларды жөндегеннен және техникалық куәландырғаннан кейін
тікелей сұйытылған газбен толтырмас бұрын сұйыққоймаларды сұйытылған газ
буларымен немесе инертті газдармен үрлеп тазарту жұмыстары өндірілуі
керек.
Үрлеп тазартудың соңы шырақтан шығатын газ ауалық қоспасындағы
оттегінің шоғырлануымен анықталады; қоспасындағы көлемінен 1 % аспайтын
оттегінің мөлшері болса, үрлеп тазарту аяқталды деп есептеуге болады.