Саулет қала құрылысы қызметі, тұрғын үй қатынастары және коммуналдық шаруашылық саласындағы



жүктеу 1,25 Mb.
Pdf просмотр
бет5/51
Дата04.02.2020
өлшемі1,25 Mb.
#28114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51

МОНТАЖДАУ 
 

бөлінеді: 
І кезең – кәріздік шығарылымдарды, суқұбыры кірмелерін салу және оларды сынау; 
ІІ  кезең  –  суық  және  ыстық  сумен  жабдықтау  құбыржолдарын,  өртке  қарсы 
суқұбырларын, кәріз, суағар құбыржолдарын жинақтау және оларды сынау. 
ІІІ кезең – санитарлық-техникалық аспаптарды орнату және оларды сынап көру. 
4.10  І  кезең  жұмыстары  салынып  жатқан  ғимараттың  астыңғы  жайларында  немесе 
қосалқы мақсаттағы арнайы ғимаратта және құрылыстың ашық алаңында жүргізіледі. 
ІІ және ІІІ кезең жұмыстарын салынып жатқан ғимарат қабаттарында жүргізеді және 
олардың орындалу тәртібін негізгі құрылыс-монтаж жұмыстарымен байланыстырады. 
4.
11  Сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  монтаждау  және  бір-бірімен 
байланысты жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде бұрын орындалған жұмыстарда 
ақау болмауы керек. 
4.12 Қайта құрылымдау және жөндеу кезінде жұмыс жүргізу орындарын дайындау 
үшін  бұрын  орнатылған  сумен  жабдықтау  және  су  бұру  жүйелерін  бөлшектеу  жөнінде 
қосымша іс-шара жұмыстарын ұйымдастыруға дайындық жүргізілуі тиіс. 
 
5 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін монтаждау кезінде қолданылатын 
материалдар мен бұйымның қосылыс түрлері 
 
5.1 
Болат құбырлар мен байланыстырғыш бөлшектер 
 
5.1.1  Мырышпен  қапталмаған  және  мырышпен  қапталған,  қима  немесе    бүрленген 
цилиндрлі  бұрандалы  және  бұрандасы  болат  құбырлар  МемСТ  3262  техникалық 
шарттарына сәйкес келуі тиіс. 
Пісірілген  құбырлар  бұранданы  кескенге  дейін  гидравликалық  қысымға  шыдауы 
керек: 
-
2,4 МПа – кәдімгі және жеңіл;  

3,1 МПа – күшейтілген;  

4,9 МПа– тапсырысшының талабы бойынша.  
5.1.2 Пісіруге жататын құбыр ұштарынан құбырдың шет жағына қарай 350-ден 400-
ге  дейін  бұрышпен  қабырға  қалыңдығы  5  мм  және  одан  да  көп  болатын  қиық  жиек 
алынуы  тиіс.  Сондай-ақ  ені  1  миллиметрден  3  миллиметрге  дейін  дөңбек  шығыршық 
қалдыру қажет. 
Құбырдың 1 м ұзындығына қисықтық мына мөлшерден аспауы керек: 

2 мм – диаметрі 20 миллиметрге дейін жететін құбырлар үшін;  

1,5 мм – диаметрі 20 миллиметрден асатын құбырлар үшін.  
5.1.3  Құбыр  беттерінде  сызаттардың,  үлдірлердің,  ісіну  мен  орамалардың,  ал 
құбырдың  шет  жақтарында  қатпарлардың  болуына  жол  берілмейді.  Болат  құбырлардың 
диаметрінен, қабырға қалыңдығынан және массасынан ауытқулар МемСТ 3262 бойынша 
белгіленген мәнінен аспауы тиіс. 
5.1.4 Мырышпен қапталған құбырлардың  беті толығымен кемінде 30 мкм болатын 
мырышпен тұтас қапталуы тиіс.  
Шет  жақтарында  және  бұрандамасында  мырыш  қаптамасы  жоқ  құбырларды 


 
 
МОНТАЖДАУ 
 

монтаждауға  рұқсат  етіледі.  Егер  мырышпен қапталған  құбырлардың  бетінде   көпіршік, 
бөтен қосындылар (гартмырыш, тотықтар, пісіп қалған шихта), қаптама негізгі металдан 
қабыршақтанып алынған болса, онда мұндай құбырларды монтаждауға рұқсат етілмейді. 
5.1.5 Құбырлар жинақталуы мүмкін: 

МемСТ  8944,  МемСТ  8954,  МемСТ  8955,  ГРСТ  8956,  МемСТ  8948  бойынша 
цилиндрлі  құбырлық  бұрандасы  бар  соғымды  шойыннан  жасалған  байланыстырғыш 
бөлшектер  (түзу  қысқа  және  ұзын  муфталар,  түзу  үштармақтар,  түзу  айқаспалар,  түзу 
бұрыштықтар) ; 

МемСТ  8968,  МемСТ  8966,  МемСТ  8967,  МемСТ  8969  бойынша  цилиндрлі 
құбырлық  бұрандасы  бар  байланыстырғыш  болат  бөлшектер  (кідіртпе  сомындар,  түзу 
муфталар, ниппельдер, жалғастырғыштар); 

МемСТ 17374, МемСТ 17380, МемСТ 17375, МемСТ 17378, МемСТ 17376, МемСТ 
17377  сәйкес  пісірілетін  құбыржолдарына  арналған  көміртекті  болаттан  жасалған 
байланыстырғыш бөлшектер мен детальдар (бұрғыштар, үштармақтар, ершіктер, өтпелер, 
бекіткіштер). 
Болат  құбырлардағы  бұранда  параметрлері  олардың  түрлеріне  МемСТ  3262  сәйкес 
болуы тиіс. 
5.1.6  Сумен  жабдықтау  жүйелерінде  екі  негізгі  түрдегі  дөңгелек  ернемектер 
қолданылады: болат жалпақ пісірілетін және болат жапсарлы пісірілген. 
5.1.7  Ернемектерді  байланыстырғыш  шығыңқы  және  шығыңқысыз  дайындайды. 
Байланыстырғыш  шығыңқы  ернемектердің  тығыздауыш  жырашығы  болады.  Жапсарлы 
пісірілген ернемектерді бір жікпен пісіргендіктен, соны қолданған жөн. 
5.1.8 Ернемектің арасына қалыңдығы 1-1,5 мм болатын парониттен жасалған немесе 
тасымалдау ортасына байланысты басқа материалдан жасалған аралық салынады. 
5.1.9  Ру  0,6  МПа  (6  кгс/см2)  дейін    және  пісіріге  арналған  жабдық  болмаған 
жағдайда  жөндеу  жұмыстарында  жиектелген  құбырға  кигізілетін  жалпақ  бос  ернемек 
қолданылады. 
5.1.10 Пісірме жіктерді Э42 және Э42А электродтарымен орындау қажет. 
5.1.11 Ернемектерді жолақты илектен майыстыру әдісімен кейін жікті пісіру арқылы  
дайындауға болады. 
5.1.12 Ернемек беттерінде ойық, сызат, қылау және тағы басқа ақаулар болмауы тиіс. 
5.1.13  Жапсарлы  пісірілген  ернемек  мен  құбырдың  ішкі  диаметрі  жік  тұсында  дәл 
келуі тиіс. Ішкі диаметрі сәйкес келмеген жағдайда 10° бұрыштан аспайтын бір қалыппен 
ауыстырылу жүргізіледі. 
 
5.2 Мыс құбырлар мен байланыстырғыш бөлшектер 
 
5.2.1 МемСТ 2874 талаптарына жауап беретін көрсеткіштері бар суды пайдаланатын 
ішкі суқұбырларын салу үшін, сондай-ақ пайдалану мерзімі кемінде 50 жылды құрайтын 
ғимараттарда мыс құбырларды пайдаланады. Жоғары дәрежелі таза мыстан жасалған және 
фосформен  қышқылданған  мыс  құбырлар  МемСТ  617,  МемСТ  EN  12451  және  МемСТ 
15040 сәйкес келуі тиіс. 
5.2.2  Мыс  құбырларда  мына  кемшіліктер  болған  жағдайда,  монтаждауға  рұқсат 


жүктеу 1,25 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау